Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік - тірі ағза

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану (2сынып)
Мырзағалиева С. Д
бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік - тірі ағза
Сабақтың мақсаттары: 1. Өсімдік – тірі ағза екенін, оның тұқымынан өсетіні, жер бетіне шығуы жайында ұғым беру.
2. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу.
3. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың көрнекілігі: схемалар, суреттер, тест
Сабақтың түрі: Дәріс беру сабағы(модульдік оқыту технологиясы)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жүргізу.
1. Адам өміріне тыныс алу үшін не қажет?
а) топырақ; ә) ауа; б) су
2. Жағымсыз іске адам не істейді?
а) күледі; ә) қуанады; б) ренжиді
3. Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек, оны не дейміз?
а) дөңгелек сызық; ә) көкжиек сызық; б) бағдар сызық
4. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды ата?
а) термометр; ә) сызғыш; б) компос.
5. Судың түсі қандай?
а) қызыл; ә) түссіз; б) ақ.
6. Жер бетінің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабатын не дейміз?
а) көң; ә) топырақ; б) құм.
7. Құнарлы топырақ деп қандай топырақты айтады?
а) бойында сазы көп; ә) бойында шіріндісі көп; б) бойында құмы көп.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Психологиялық дайындық:
1. Оқушылардың өсімдік жайындағы көзқарастарын анықтау:
2. Өзін білетін шөп өсімдігін ата
- Қандай бұтаны білесің?
- Танитын ағаштарыңды ата?
- Өсімдік қандай жерлерде өседі?
Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп, өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс, тұқым береді. Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне қажетті қоректі таба алмайды. Орман, шалғын, дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен. Қолайлы жерлерге өсімдікті отырғызып, күтетін себебі, олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңдарды бойына жұтады.
Схема арқылы топтап түсіндіру.
Өсімдіктер - бұта, ағаш, шөп
Ағаш → қайың, тал, қарағай, емен шырша
Бұта → тобылғы, жыңғыл итмұрын, қараған
Шөптекті өсімдіктер → селеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоғайна бидайық, бетеге

Оқулықпен жұмыс: 1. Мәтіннің екінші бөліміндегі «Өсімдік қалай дүниеге келді?»тақырыбын оқып, тұқымның бөрітетіні, одан тамыр мен өскіннің шығатыны жайында оқулықтағы суретпен байланыстыра отырып түсініктерін айту.(1 - сыныптан оқушылардың тұқым туралы алған ұғымдарын еске түсіру:

2. Оқулықтағы суреттер бойынша талдау.(өркен, сабақ, буын, жапырақ жайындағы түсінік)
Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздермен жұмыс: өркен, буын, сабақ, оларды дәптеріне жазу. Анықтамаларын айту. Үйде осы сөздерді қолданып сөйлем құрастыру.
ІV. Қорытынды.(оқушылардың өсімдік жайында еркін сөйлеуіне жағдай жасалады)
Мұнда олар өсімдіктің тұқымнан қалай өнетінін сөз етеді.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін айтуға дайындалу. Схеманы қолдана білу
18 720
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсер етуін дәлелдеу тәсілдерін қалыптастыру
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдік - тірі ағза
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы, «Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша» КММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Лаура Байкенжеқызы
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Өсімдікке топырақ керек
Өсімдікке топырақ керек
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Өсімдіктер тіршілігі
Өсімдіктер тіршілігі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп - бақшасы Бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×