Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Акула" Л. Толстой, аударған С. Омаров

22 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Акула Л. Толстой, аударған С. Омаров
Мақсаты: Мәтіндегі оқиғаның желісіне қарай түсініп, өз ойларын талдауға қорытынды жасауға, бір - бірін бағалауға үйрету
Білімділік: Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерге мінездеме беру.
Суға шомылуға байланысты қауіпсіздік ережелерін меңгерту. Акуланың қауіпті жыртқыш екендігін айту
Тәрбиелік: Жаз айларында суға шомылу ережесін меңгерту. Шомылу кезіндегі батып бара жатқан адамға, алғашқы көмек жасау ережелері.
Дамытушылық: Мәтіндегі оқиға желісіне қарай түсініп, өз бетінше талдауға, акуланың түрлерін білуге, авторлар өмірбаянымен танысуға үйрете дамыту.
Көрнекіліктер:интернет тақта, бағалау критериялары жазылған тақта, сюжетті орыс тіліндегі көрініс, стикерлер, фломастер, А 4 қағаздары, телефон, ноутбук, планшет.
Сабақ әдісі: CТО, топқа бөлу, топтастыру, ББҮ, Бір айналым стр. жинақ - тау, көрнекілік, ой - қозғау, айналыңыз, жұптасыңыз, тоқтап қалыңыз әдістері.
Сабақ түрі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, топтық, бағалау.
Сабақтың жүру барысы:
1 Ұйымдастыру
Сурет қиындылары арқылы үш топқа бөлу.(қима қағаздар арқылы жеті оқушыдан бөліну )
2 Үй тапсырмасы
“ Айша айтқан ән еді “мәтініндегі жоспардың 6 бөлімі бойынша
“бір айналым сөйлесу”әдісімен 6 бала парақша суырып, түсінігін жоспар бойынша айтады.
Жоспар:
1 Морокконы француздардың басып алуы
2 Айша бойындағы кек пен өшпенділік
3 Айшаның әкесі мен досының өлімі
4 Қамалдың үнсіз жатуы
5 Айшаның қаһармандығы
6 Айшаның ауылға оралмауы
3 Бекіту
“Араласыңыз, жұптасыңыз, тоқтап қалыңыз”әдісімен әңгімені «сұрақты парақшалар» арқылы қорытындылау
А) Әңгімедегі оқиға қай елде болған деп ойлайсың?
Ә) Қала тұрғындарын ерекше қобалжытқан не?
Б) Айша жауынан неге кек алуды ойлады?
Үш топ балалары араласып, осы сұрақтар бойынша өз ойларын айтып қорытындылайды.
4 Жаңа сабақ «Ой қозғау»
Балалар, акула туралы не білесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Мұғалім суретін көрсетіп акула туралы мағлұмат береді: Сигаратәрізді, денесінің ұзындығы 14 - 15 м - ге дейін, ұзындығы 9 м дейінгінің салмағы 4 т - ға дейін. Желбезек саңылаулары үлкен, әр желбезек доғасында 1300 - ге дейін аталық қысаң қабықтары сүзгілі аппараттар құрайды. Жақ тістері ұсақ, ұзындықтары 5мм - ден артық емес, 4 - 7 қатарлы, үккішке ұқсайды. Екі жақ жарты шарлардың бір - келкі жылы сулардың пелагиалилерінде мекендейді, көктемде және жазда судың жоғары бетінде жүзеді. Акулалар мен скаттар барлық теңiздер мен мұхиттарда мекендейдi. Акулалар түрлерiнiң басым бөлiгi – жыртқыштар. Ұзарған сүйiр торпедатәрiздi денесi, күштi бұлшықеттерi оларға үлкен жылдамдықпен жүзуге мүмкiндiк бередi. Акулалар денесiнiң көлемi әр - түрлi. Iшiндегi ең алыбы - кит акуласының ұзындығы 20 м дейiн жетедi. Ол судан ұсақ планктонды организмдердi сүзiп, солармен қоректенедi.
Акулалардың көпшiлiгi — ашық мұхиттың екпiндi жыртқыштары. Бізге жақын Каспий теңiзiнде көлемi 120 см аспайтын және балықтармен қоректенетiн шағын катран акуласы немесе тiкендi акула мекендейдi. Мұхитта акулалардың көптеген түрлерi мекендейдi: көк, ақ, рифтiк, алты желбезектi, кариб қаражүзбеқанатты, теңiз түлкiсi, ала мысықты, полярлы және т. б. Аса қызығушылықты, басының алдыңғы ұшында аса үлкен балғаға ұқсас, әр жағында көздерi мен танаулары бар, рострумы өсетiн акула — балғалар туғызады. Акула - балғалар — өте қаһарлы және ашқарақ жыртқыштар. Осы акулалар ең жиi адамға шабуыл жасайды. Басының жалпақ бөлiгiнiң төменгi бетi жоғары сезiмталдық пен эхолокацияға ие, осыған байланысты олар топырақ астына көмiлiп жатса да қоректi оңай табады.
Ал неліктен біз бүгін акула туралы сөз қозғадық, қалай ойлайсыздар? (оқушылардың болжамдары)
Бүгін біз акула туралы бір оқиғамен танысамыз. Оқиғаны жазған орыстың ұлы жазушысы Лев Николаевич Толстой жазған. Жазушы әрі аудармашы Сейітжан Омаров осы Л. Н. Толстойдың әңгімесін аударған.

Сейітжан Омаров (22 маусым 1907, Ақмола облысы Атбасар ауданы. Керегетас ауылы, 1985, Алматы) – жазушы, аудармашы.
Қостанай қаласындағы халық ағарту институтын бітірген (1932). 1930 – 42 жылы мұғалім, аудандық, облыстық газеттерде редактор, жауапты хатшы, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағындағы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы болды.
Лев Никола́евич Толсто́й (1828 - 1910) – орыстың ұлы жазушысы. Тек жазушылықпен ғана айналысып қоймай, ұстаздық іске де атсалысқан. Ясная Полянада шаруалардың балалары үшін мектеп ашып, педагогикалық журнал шығарды. Әліппе оқулықтарын жазды. Оның әлемге әйгілі «Соғыс және бейбітшілік» романы, балаларға арнап жазған әңгімелері, кітаптары бар.
Акула Л. Толстойдың орысша сюжеттік көрінісін видео арқылы тамашалау
ә)“Әдебиет үйірмесі” әдісімен ( «Баяндамашылар», «Зерттеушілер», «Сұрақ қоюшылар» )
Өздері баяндап, зерттеп, сұрақ қойып топ бойынша дайындалады.
Топ мүшелері топ басшысын сайлап алады.
І топ - Баяндамашылар: оқулық бойынша мәтінді бөліп мазмұндау.
ІІ топ - Зерттеушілер: мәтін кейіпкерлерін зерттеп, мінездеме береді.
ІІІ топ - Сұрақ қоюшылар: өздеріне берілген абзац бойынша басқа топқа бірнеше сұрақтар дайындайды.
5 Сергіту “Теңіздегі балықтар“
(оқушылар жұптасып еркін жүзіп жүріп, тоқтаңыз дегенде балықтардың аттарын түгел айтып шығады. )
6 “Тауып оқы”әдісімен парақша таратып, 3 топқа тапсырма беру.
1) Ауа райы туралы жазылған тұсты тауып оқы
2) Әкесінің қобалжыған сәттерін суреттейтін тұсты тап
3) Акуланың өлген сәтін бейнелейтін тұсты тауып оқы
7 Сөздікпен жұмыс
Зәкір - якорь

Білте - зеңбіректі тұтандырғыш зат

8 Дәптермен жұмыс
- Суға шомылуға байланысты қандай қауіпсіздік шараларын қолдану керек?
( мұғалім толықтырады)
9 Қорытынды( Рефлексия) ББҮ
Білемін: Акуланың жыртқыш жануар екендігін
Білгім келеді: Толстойдың басқа шығармаларымен танысқым келеді, С. Омаров ағамыз туралы көп мәліметтер білгім келеді т. б.
Үйрендім: Акула түрлерін, балықтар түрлерін, суға шомылу қауіпсіздік шараларын

10 Үйге тапсырма
“ Акула“ мәтінін толық мазмұндау,
Л. Толстой мен С. Омаров авторлар шығармалары туралы іздену
Акула туралы басқа деректер әкелу
11 Бағалау критериялары
«5» - Ауызша толық мазмұндап, сұрақтарға нақты жауап берген
«4» - Қосымша мәліметке, сұрақтарға жауап берген
«3» - Бір сөзбен жауап берген, топпен бірге ойындар арқылы қатысқан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 011
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі.
Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол»
Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол»
Итальян жазушысы Джанни Родари туралы түсінік беру, әңгіменің негізгі ойын таба білуге үйрету, қиял - ғажайып оқиға желісі бойынша шығармашылық іс - әрекеттерге баулу.
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Акула Л. Толстой
Акула Л. Толстой
Акула теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда да кездеседі. Денесінің ұзындығы 15см - ден 20м - ге дейін болады. Салмағы 14 тоннаға дейін тартады. Акула іштей ұрықтанады, кейбіреулері ұрпағын тірі туады. Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс
Л. Н. Толстой. Акула
Л. Н. Толстой. Акула
Муәллим: Асипова Русиям
Мәтін
Мәтін
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×