Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнерпаз

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өнерпаз
Сабақтың мақсаты: Мәтінді түсініп оқу арқылы мазмұны мен идеясын ашығуға төселдіру;
Сабақтың міндеттері:
1) Мәтінді саналы түсініп оқып, өз ойларын еркін, әрі толық жеткізе білуге дағдыландыру;
2 ) Оқушылардың ой - өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, өнерді құрметтеуге үйрету;
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: хабарлау, түсіндіру, сұрақ - жауап, семиотикалық, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Оқушылар: Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Ашық болсын қос қабақ
Бізбен бірге бар қонақ
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде көп қонақ
- Ендеше, оқушылар барымызды салып, сабағымызды жақсы өткізейік!
- Оқушылар, біздің сынып толықтай қай журналға жазылып еді?(Айгөлек)
- Олай болса, бүгінгі сабағымызды ашық журнал түрінде өткіземіз.
- Ендеше, «Айгөлек» журналының мұқабасымен таныс болайық

Журналда мынадай тақырыптар қаралады:
Тәуелсіздіктің 20 жыл қарсаңында
Қайталау - білімнің анасы
Өткенді қайталау
7 - ші қысқы Азия
Өнерге өлім жоқ
Жалқауға жарық жоқ
Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
Шығармашылық тапсырма
VII. Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумы
Білгенің бір тоғыз
Білмегенің тоқсан тоғыз
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма

I. Тәуелсіздіктің 20 жыл қарсаңында
- Жалпы өткен барыс жылы біздер жаман болған жоқ. Бұл жылда болған ең елеулі оқиғалардың бірі - ЕҚЫҰ(Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Саммиті. Бұл Саммиттің Астанада өтуі Қазақстанды әлем елдерінің мойындауы деп, бағалауы деп түсінеміз.

- Ал енді жаңа жылымыз қоян жылы басталмай жатып та, бірнеше шаралар болып өтті.
- Кім айтады, еліміздің тәуелсіздігіне неше жыл толмақшы?
- Қазір елбасымызбен бірге бүкіл халық 20 жыл толу мерейтойына қызу дайындалуда.
II. Өткенді қайталау.(сурет бойынша)
1. Өтіп жатқан тарау қалай аталады?(Өнегелі өмір)
2. Әбілмансұр дегеніміз кім? (Абылай хан)
3. Кім деген батырларды білесіңдер? (Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек)
4. Мүсінші Мысықтың өнеріне кім қызықты?(Шоқан)
5. Алып бала мәтіні кім туралы жазылған? (Қажымұқан Мұңайтпасов )
III. 7 - ші қысқы Азия
- Елімізді 5, 6 күнде әлемге әйгілі еткен 7 - ші қысқы Азияның біз үшін маңызы зор. Ел намысын қорғайтын байрақты бәсекеде өз спортшыларымыз бар күштерін салған болатын. Нәтижесінде еліміздің қоржынына 70 медаль салды. Оның 32 - алтын, 21 - күміс, 17 - қола болатын.
6. Мәтінмен жұмыс 1. Жаңа материалды меңгерту сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
2. Кіріспе әңгіме (сурет бойынша)
- Оқушылар, нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
- Оларды не үшін пайдаланады?
- Өнер дегеніміз не?
-«Өнерпаз» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
3. «Топтастыру» стратегиясы
би ән
қобыз домбыра
кесте тігу
әнші ақын биші
күйші сазгер
мүсінші қобызшы

Өнер - кез - келген адамның бойындағы белгілі бір нәрсеге бағытталған қабілет, икем. Өнердің түрлері өте көп. Мысалы: ән айту, би билеу, т. б
Өнерпаз - сол өнердің бірін өз бойында игерген адам. Мысалы: әнші, биші, күйші, сазгер, мүсінші т. б
- Ендеше, бүгінгі сабағымыз өнермен тікелей байланысты.
- Олай болса, бүгінгі тақырыбымыз Жиенбек Рсалдиннің «Өнерпаз» әңгімесі.
4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
5. Дәптермен жұмыс(күннің жадын, тақырыпты жазу)
6. Мәтінмен жұмыс
1) Автор туралы мәлімет
Рсалдин Жиенбек Жұманбайұлы
• 2) Мұғалімнің түсіндіріп оқуы(үнтаспа)
• 3) Сөздік жұмысы
• Мандолина - орыстардың ұлттық аспабы
4) Кейіпкер туралы мәлімет
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906 - 1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор(1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспаптарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашқалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін ( П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
5) Мәтінге байланысты сұрақ - жауап:
Сөзжұмбақ шешу
1. Әңгіменің негізгі тақырыбы (өнер)
2. Ахмет Хұсайын ұстазынан қандай аспапта ойнауды үйренді? (мандолина)
3. Ахмет мектепке неше жасында барды? Орысша айт(жеті, сем)
4. Ахмет Жұбанов кім? (сазгер)
5. Ән айтуды кімнен үйренді? (Балбөпе)
6. Талым қарттан қандай күй үйренді?(«Штат»)
7. Ахмет - өнер.... (зерттеуші)
6) Іштей оқу
7) Тізбектей оқу
Сергіту сәті
Біздер күшті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Сегіз қырлы, бір сырлы
Ахметтей ағамыз
Ұқсап оған бәріміз
Домбыраны тартамыз
8) Шығармашылық тапсырма
1 - топ. «Мен... жаным сүйеді» (шағын әңгіме жазу)
2 - топ. Домбыраға сипаттама жаса
3 - топ. Бес жол өлең стратегиясы
Кең байтақ елім бар
Кең жайлау жерім бар
......................................
.......................................
9) Ойын «Менің бағытым»
Оқушы биледі
Әнші ән жазды
Балалар оқыды
Сазгер шырқады
Биші домбыра тартты
Күйші жүзді
Кеме ойнады
V. Қорытынды
VII. Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумы
Қазақстан 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді. 2011 жылғы 7 - 9 маусым күндері Астана қаласында VII. Бүкіләлемдік Ислам Экономикалық форумы өтті.
Астана форумының тақырыбы – «Жаһандандыру: мұсылман және мұсылман емес елдерді қарым - қатынастың ашық арналары мен жан жақты стратегиялық ынтымақтастығы арқылы үлкен экономикалық тәуелсіздікке жұмылдыру үшін өзара байланыс, бәсекелестік, ынтымақтастық»
«Мозайка» құрастыру
1. Бүгінгі танысқан кейіпкер, өнер зерттеуші
2. Әңгіме қалай аталады?
3. Әңгіме авторы
4. Журналдағы материалдар ұнады ма?
• - Ендеше, бүгінгі жеткен биіктеріне байланысты сендерді бағалап жіберейін.
• VIII. Бағалау
• - 5 - 4 - 3
IX. Үйге тапсырма
• Мәтін мазмұнын айту
• Өнер туралы мақал - мәтелдер
5 584
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Сүйемін, өскен Отаным
Сүйемін, өскен Отаным
Өлең мазмұны арқылы көркем әдебиет жанрының бірі лирикалық шығармалардың айтар ойын ұғындыру. М. Мақатаев өмірінен, шығармашылығынан мәліметтер беру. Еліміздің тарихына қысқаша шолу жасау.
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Сәкен Жүнісов. Кімнің мекені жақсы?
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзина Гульдана Молдазаевна
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×