Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө дыбысы мен әрпі

02 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Өтілген дыбыстарды қайталау және әрпін таныстыру.
2. Сөздерді дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыру, танымдық қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың түрі: серуен сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, тіл дамыту, қайталау.
Көрнекілік: қима әріптер, компьютерлік слайдтар, Ө әрпінің баспа және жазба түрі.
Пән аралық байланыс: дүниетану

І. Ұйымдастыру.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақ апайлар келіпті.
- Қане амандасайық
- Саламатсыздар ма.

ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру
- Балалар біз бүгінгі сабағымызда хайуанаттар бағына серуенге шығамыз.
Андардың тапсырмаларын орындай отырып, өткен дыбыстарды қайталап, жаңа
дыбыспен танысамыз.
- Ендеше, автобусқа отырып хайуанаттар бағына барайық, жеткенше әдептілік
сақтап, тыныш отырайық.
- Міне, хайуанаттар бағына келдік.
Кассадан билет алып кіруіміз керек.
Билет алу үшін тапсырмаларға жауап берейік.
1 - тапсырма. Өтілген дыбыстарды қайталау А, Щ, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә.
2 - тапсырма. «Әріп тастамақ» ойыны. Әріптерді таратып беру, сол дыбыстардан басталатын сөздер ойлап айту.
3 - тапсырма. Міне, балалар біз аюмен кездестік. Аю бізге бағанадағы сөздерді оқып беруімізді сұрайды.
Ән Сән Дәмді
Әнші Сәнді Дән
Әл Дәм Дәнді
4 - тапсырма.
- Біз қарай жүріп, қасқырмен кездестік
- Қасқыр бізден мәтінді оқып беруімізді сұрады.
Атам – ауылда малшы атамның аты – Әлімжан. Ағамның аты – Әділ. Інімнің аты – Әмір. Әділ мал суарады. Атам саты жасады. Әмір ән салды.
- Балалар қасқырдың тапсырмасын тамаша орындадыңыздар.
- Жарайсыңдар!
Жаңа сабақ. Ө дыбысы мен әрпі.
А) Суреттен не көріп тұрмыз?
- Өрік
- Өрік туралы не білеміз? (оқушылар өз ойларын айтады)
Ә) Өрік сөзін бастап тұрған қай дыбыс?
- Ө
Б) Ө дыбысын бәріміз бірге дыбыстайық.
(Ө – дауысты дыбыс, әндетіп айтуға болады)
В) Өрік сөзіне дыбыстық талдау жасайық.(дәптермен жұмыс)
Г) Ө әрпі қай әріпке ұқсайды?
- О әрпіне.
Ғ) Ө әрпін жазып көрсету
Жазу жолының ортаңғы жағына қолымызды солға қарай иіп жазу жолының төменгі сызығына түсіп қолымызды жоғары қарай көтере отырып оңға қарай түзу сызық сызамыз.( ауада жазамыз 1, 2, 3)
5 - тапсырма
- Балалар, бізге түлкі кездесті.
- Ол қаңдай аң? (қу, айлакер аң)
- Ол бізге жұмбақтар шешейік,- дейді.
1. Тамақта жоқ, өңеште бар.
Қалашта жоқ, көмеште бар. ( Ө әрпі )
2. Көгеріп көп болады,
Сарғайып жоқ болады. (Өсімдік)
- Жұмбақтардан Ө дыбыс бар сөздерді тауып оқу (өңеш, көмеш, көгеріп)
Сергіту сәті
6 - тапсырма
- Қоянмен бірге сергіту сәтін жасайықшы.
- Бармақ болып тоғайға
- Сұр көжегін жуынды...
- Бағанадағы сөздерді оқыту.(сөл, нөл, төл, өмір, өріс, өңір)
- Сөздік жұмысын жүргізу.
- Біз хайуанаттар бағында зебралармен кездестік. Олар бізге мәтінді бірге оқиық деді
7 - тапсырма.
Мәтінмен жұмыс.
Шырын.
А ) Жеке оқушыларға оқыту.
Б ) Тізбек бойынша оқыту.

ІІІ Сабақ қорыту
- Бізге бақта маймыл кездесті.
- Ол өзі де шырынды жақсы көреді екен. Бізден, шырын неден жасалды? – деп сұрайды
- Сендер білесіңдер ме?
- Шырын жеміс – жидектердің сөлдерінен (алма, алмұрт, анар, жүзім, шие, өрік, апельсин, лимон, шабдалы, т. б. ) жасалады.(жеміс ағаштарының суреттері көрсетіледі)
- Міне, балалар біздің серуеніміз аяқталды. Хайуанаттар біздерге риза болды. Олар өте қуанышты!
- Мадақтау ( оқушыларға жұлдызшалар таратылады)
4 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату. ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Тұсбағар
Тұсбағар
Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқағыштыққа, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Хайуанаттар бағында
Хайуанаттар бағында
ШҚО, Өскемен қаласы, №26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×