Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздігім-тәңірім берген сый

07 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы

Тақырыбы: «Тәуелсіздігім - тәңірім берген сый»
Мақсаты: тәуелсіздігімізге 20 жыл толғаны туралы мағлұмат беру

Міндеттері:
1. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, ата - мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру
2. Өз елінің тарихын сыйлай білуге, оны мақтаныш сезіммен айтуға жаттығу
3. Оларды патриоттық рухта тәрбиелеу
Түрі: таным сағаты
Көрнекілігі: ҚР 1991 - 2011 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар, буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.
Барысы: І. Тәрбие сағаты мақсаты таныстырылады.

ІІ. Психологиялық дайындық
Отырған қонақтарға сәлемдеседі. Гүл шоқтарын ұсына отырып тілектерін білдіреді
- Хош келіпсіз, мерекелік көңіл – күйіңіз қандай?
- Менің тілерім: азат еліміздің аспаны ашық болсын!
- Қазақстанның азаматы болғаныңызды мақтан тұтасыз ба?
- Менің тілерім: егемен еліміздің еңсесі биік болсын!
- Мерей тойымызды қалай қарсы алмақсыз?
- Менің тілерім: тәуелсіздік туы - асқақ болсын!
- Бүгінгі күніңізге ризасыз ба?
- Менің тілерім: егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті болсын!

ІІІ. Әдеби - музыкалық бөлім
Қазақтың аспаны қандай кең болса, ақылы да сондай кең. Қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең. Қазақтың жүрегіне тек қазақтың баласы емес, бүкіл әлем сыйып кетеді. Даласындай дархан, жазирадай жомарт елбасымыздың кемел саясатының арқасында егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі күні мерей тойымыздың 20 жылдығын тойламақпыз, мерекелеріңіз құтты болсын!

1. Мың өліп, мың тірілген қаһарман ұлт – қазағым,
Аз ба сенің өткерген адам төзбес азабың.
Өткеніңе үңіліп, бүгініңе көз тастап,
Тарих бетін ақтарсам мұң шертеді азалы үн.
…Тәуелсіз күнге жеткенше айырылдық талай тарланнан,
Тайғанап тасқа құладық асусыз биік заңғардан.
Аққа да қара жағылып, телміріп темір торлардан
Еркіндік күттік сарылып арайлап атқан таңдардан…

2. Қиын сәтте жалау еткен намысын,
Жанын қиған елі үшін, ар үшін.
Алматыға Ноғайбайдыңұлы болып аттанып,
Бар қазақтың мақтаны боп қайта оралған арысым. М. Шаханов
(«Желтоқсан» әні, музыка ойналады да, балалар гүл шоқтарын қояды)

3. «Жылдар сөйлейді»
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 4 – маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
1993 жылы, 13 - қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 30 - маусымда қазақ халқының екінші қыраны - ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30 - тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1998 жыл Астананың тұсау кесер тойы болды
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003 - 2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы 6 - қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов жазған «Менің Қазақстаным» атты жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ЕҚЫҰ - на төрағалық етті. Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2011жылы 7 қысқы Азия ойындары, Ислам саммиті өтті

4. Би, көрініс: «Тәуелсіздігіме 20 жыл»
5. Ән - шашу «Біз бақытты балдырған»

6. Қорытынды «Тәуелсіздігім - тәңірім берген сый»
.…Мен, мен едім, мен едім, тәуелсіз елдің таңы едім.
Кіршіксіз көңіл ақ қардай халқымның аппақ ары едім.
Көмейден шығып көкке өрлеп, даламды кезіп жырлаған,
Аталар салған, апалар салған ән едім.
.…Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын,
Жас болып ару – Астанам, құлпырып күндей жайнасын.
Тәуелсіздігім – тәтті сый тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақыттың жиырмасыншы жылын тойласын!
9 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Біздің тұңғыш Елбасы. Наш первый Президент
Бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
Тәуелсіздік – тынысың, бүгінгі дәулетің, ертеңгі ырысың
О, кең дала! Ен қызыққа батқаның Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның. Халқымыздың қуанышын молайтқан Егемендік сенің алып жатқаның.
Егемен елім ержетті
Егемен елім ержетті
Ағылшын тілі мұғалімі А. К. Мукышева
Тәуелсіздік белестері
Тәуелсіздік белестері
Қазалы ауданы,Қызылорда облысы № 182 мектеп ,Басықара ауылы, география пәнінің мұғалімі, Аюбаева Жанар Аққожақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×