Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Елім менің" интеллектуалдық ойын

15 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Елім менің» интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
1. Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Қатысушы: 4 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Бүгінгі Мұнайлы ұлттық арнасында тамашалап отырған «Елім менің» атты интеллектуалды ойын тікелей эфиріне қош келдіңіздер. Тікелей эфирде жүргізушісі -------------------------------
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
Бүгінгі ойынға қатысып отырған 4 «В» сынып оқушылары олар өздерінің білімдері мен алғырлықтарын көрсетеді деп сенеміз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
---------------------------------------
Ойынымызға өз бақтарын сынай келген 3 тобымызды таныстыра кететін болсақ
1 - топ «Жас қырандар»
2 - топ «Жас ұландар»
3 - топ «Жас талаптылар» топ басшылары өз топ мүшелерін таныстырып өтеді.
Ойын 4 айналымнан тұрады
1 - айналым:«Викториналық сұрақтар»
2 - айналым: «Мағынасын түсіндір»
3 - айналым: «Қай сөзді жоғалттым?»
4 - айналым: «Қатесіз сөз»
Әр айналым тапсырмасы сол бөлімге келгенде нақты түсіндіріліп отырады. Және әр бөлім аяқталған соң, әнжұмбақ тапсырмасы болады. Әнжұмбақты шешкен топқа 2 ұпай беріліп отырады. Ескерте кететін жағдай әр топ өз сұрақ тарына өздері жауап беруі керек. Басқа топтың жауаптары қабылданбайды. Егер сол топта тапсырма орындалып жатқанда, басқа топ жауап берсе, сол топтың ұпайы кемітіледі.
1 - айналымда барлық топ мүшелеріне 1 сұрақтан қойылып шығады. Оның біреуі сурет сұрақ. 1 ұпай беріледі. 1 миуттан аспау керек.
1 - топқа
1. Қазақтың билерін ата? Әйтеке, Қазыбек, Төле би
2. Жеті ата дегеніміз не? Өзіңнен бастап санағанда сегізінші атаға дейінгі аталар.
3. Ер еңбегі шалқып тасқан өлең авторы? «Туған өлкем» Өтебай Тұрманжанов
4. Абай Құнанбаев кім? Оның өлеңдерін ата. Қазақтың ұлы ақыны. «Ғылым таппай мақтанба», « Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз».

2 - топқа
1. Қ. Р - ның рәміздерін ата? Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Қ. Р әнұран авторлары Н. Назарбаев, Ж. Нәжімәдинов
3. Қазақтың ұлттық ақшасы? теңге
4. Наурыз мерекесі қашан тойланады? 22 наурызда тойланады.
3 - топқа
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? Т. Әубәкіров
2. Сыйластық ережелері үлкенге жол беру,
3. Аңқау арыстан ертегісі

Әнжұмбақ «Көк тудың желбірегені»
2 - айналым. «Мағынасын түсіндір»Сөз тіркесі, мақалдар және ұлттық дүниетаным пәнінен ырым - тыйымдар бойынша 3 сөз оқылады. Сіздер сол сөздің мағынасын түсіндіріп берулерің қажет. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріліп отырады. Топпен ақылдасып жауап береміз.
1 - топқа
1. Құлақ аспау - айтылған сөзге тыңдамау, мән бермеу
2. Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса, баспаңдар.
3. Үлкенге ізет,
Кішіге құрмет

2 - топқа
1. Екі езуі екі құлағында
2. Туған жер - алтын бесік
3. Ала жіпті аттамау
3 - топқа
1. Төбе шашы тік тұрды.
2. Пышақпен ойнауға болмайды.
3. Білім – өмір шырағы
Ән жұмбақ «Қазақстан»
3 айналым «Қай сөзді жоғалттым?» мақал немесе мағынасына қарап жасырын сөзді табуымыз қажет. Оқушылар қолымыздағы әріптерді орын - орнына қоюымыз қажет.
1 - топқа
Е С Е К Ө М І Р
1...... көре көсем боласың,
Сөйлей - сөйлей шешен боласың (көре)
2. Мінсең көлік, еті жесең арам. (есек)
3. Шай құюға арналған ыдыс.(кесе)
4. Артқа шегінді немесе.... шегінді.(кері)
5. Білім ---- шырағы, оқу білім бұлағы.(өмір)
6. Мектеп.... білім теңіз.(кеме)
7...... өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ. (өсек)
2 - топқа
Т А Р У Н ОҚ Ы
1. Малды қыста қандай орында бағамыз. (қора)
2. Шөп оратын құрал. )(орақ)
3. Қырыққабаттың қырық қабат.... бар. (тоны)
4. Мылтық бұл -..... )(қару)
5. Семіз сөзіне қарама - қарсы.(арық)
6. Білім басқа бітеді,.... тасқа бітеді.(қына)
7. Дәл, айқын, нақты (анық)

3 - Топқа
Ө Н ЕР К ІС Т
1..... алды қызыл тіл. (өнер)
2. Мал жайылатын жер. (өріс)
3. Сырты сары, дәмі тәтті, шырынды жеміс (өрік)
4. Ескі сөзінің басқаша атауы. (көне)
5. Қыста аяққа киетін аяқ киім.(етік)
6. Адамдар айтатын жел, жалған сөз. (өсек)
7. Шкафтың бір бөлігі немесе менің кітабым шкафтың..... тұрады. (сөре)
Ән жұмбақ «Апа, туған күніңмен!»
4 айналым
1 - топ.
1. Оянды
2. Құлын
2 - топ.
1. Сарғая
2. Халық
3 - топ
1. Қартаю
2. Шаһар
Ән жұмбақ «Ортеке»
Сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділқазылар ұпай санын есептегенше 4 «В» сыныбы атынан ұлдар орындауында биді тамашалайық.
Әділқазыларға сөз береміз.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Кайбуллаева Таниза Сайлауовна
15 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Алғашқы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны
Армысыздар, құрметті қонақтар! Аяулы ұстаздар! Қадірменді ата - аналар! Сыңғырлай соққан қоңырау үніне келген жас бүлдіршіндер мен оқушылар! Сіздерді 1 - қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елім менің танымдық ойыны
Елім менің танымдық ойыны
Қазақстан республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу
Менің елім - Қазақстан
Менің елім - Қазақстан
Отансүйгіштікке баулып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелей отырып, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін бекіту, құрметтеуге тәрбиелеу
Не? Қайда? Қашан?
Не? Қайда? Қашан?
Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы, №11 орта мектепте тарих пәні мұғалімі Рахимова Газиза Гарифоллақызы
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым, деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы. «Қазақстан - менің елім» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×