Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәрумендер тұрағы - түрлі тағам құрамы

21 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер тұрағы,
Түрлі тағам құрамы.
Сабақтың мақсаты: салауатты өмір салтын сақтаудағы дұрыс тамақтанудың маңыздылығын және қажеттілігін білу. Дәрумендердің адам денсаулығы үшін қандай пайдасы бар екенін үйрету.
Тазалыққа, дұрыс тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Көрнекілігі: көкөністер мен жемістер муляжы, суреттер

Сабақтың барысы: салауатты өмір салтын сақтау үшін дұрыс тамақтанудың қажеттілігі зор. Адам өміріндегі дұрыс тамақтану компоненті - дәрумендер. «Ас адамның арқауы» дегендей бүгінгі сабақта біздер дәрумендер және олардың адам денсаулығы үшін маңызы туралы айтамыз.
Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып 4 топқа бөлінген. Топтардың жұмыстарын әдәл қазылар бағалайды. Әділ қазылармен таныс болыңыздар.

1 - бөлім. Таныстыру. 2 минут ішінде топтың атын ойлап табу, оны қорғау.(3ұпай)

2 - бөлім. Викторина (5ұпай)
1. Дәруменді тап:
А) Көздің қөруін жақсартады. Бойдың өсуіне пайдасы бар. Ағзаның ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді. Теріні жұмсартып, жақсартады. Бұл қай дәрумен?(жауабы А)
Ә) Адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білуін күшейтеді. Адам энергиясын реттеп тұратын, қантамырларды жақсартатын, жараның тез кетуіне, тіс пен сүйектің мықты болуына көмектесетін дәруменді тап: (С дәрумені)
Б) Бұл дәрумен майлларда тез ериді. Ішек пен асқазандағы минералдарды, яғни тұздарды өңдеп, реттеп отырады. Ағзаның өсуі мен дамуын, әсіресе балалардың сүйектері мен тістерінің қатайып өсуі үшін керек дәруменді ата (Д дәрумені)
В) Жүрек қантамырлары ауруларына, ісік ауруларға қарсы күші бар. Асты жақсы сіңіреді. Ортаға бейімделу қабілетін күшейтеді, қарта юды жайлатады. Бұл қай дәрумен? (Е дәрумені)

3 - бөлім. Тағам құрамындағы дәруменді тап:
1. Апельсин, қызыл бұрыш, қызанақ, орамжапырақ, жасыл пиязда қай дәрумен кездеседі? (С дәрумені)
2. Нан, салат, сәбіз, картоп, ашытқыдағы дәруменді ата?(В дәрумені)
3. Жұмыртқаның сары уызы, күнбағыс майы, сиырдың бауыры, арахисте көп кездесетін дәрумен? (Е дәрумені)
4. Сәбіз, сары май, сүт, жұмыртқа, балықтың майы, бұршақта қай дәрумен көп кездеседі? (А дәрумені)

4 - бөлім. Дұрысын таңда.
1. Қандай тағамда барлық дәрумен кездеседі?
А) нанда ә) бауырда б) орамжапырақта в) сүтте
2. Адам денесіне күн сәулесінен пайда болатын қай дәрумен?
А) А
ә) Е
б) Д+
в) В
3. Қай дәрумен суда тез ериді?
А) В +
ә) Д
б) А
в) К
4. С дәрумені сақталып қалу үшін картопты қалай пісірген дұрыс?
А) Қайнату+
ә) қуыру
б) қабығымен отқа пісіру

5 - бөлім. Дәруменді салат жасау

6 - бөлім. Өзің ұнататын тағамның суретін сал

7 - бөлім. Көшбасшылар сайысы. Жемістің иісіне қарай, көзді байлап қойып, атын табу
Қорытынды: Балалардың ұпайларының қорытындысын анықтау. Жемістер туралы тақпақтар айту.
- Балалар, күнделікті асымыздың құрамында адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер және дәрумені мол тағамдар болғаны жөн.
7 841
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас – адамның арқауы
Ас – адамның арқауы
Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі астың маңызды рөлін түсіндіру, дұрыс тамақтану Тамақтанудың денсаулық үшін пайдасын түсіндіру.
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Азық - түліктер. Дәрумендер
Азық - түліктер. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың маңызы туралы білімдерін бекіту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, зейіндерін дамыту.
Салауатты тамақтану
Салауатты тамақтану
Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×