Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар – қанатты достар

18 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Құстар – қанатты достар
Мақсаты: 1. Қазақстанда мекендейтін құстар туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Құстар туралы тақпақ, жұмбақтар айта отырып танымын тілдерін дамыту.
3. Адамгершілікке, жанашырлыққа, құстарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Түрі: танымдық сағаты
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жұмбақтар.

Барысы: Кіріспе бөлім.
Құстар – табиғат көркі, тіршіліктің сәні. Сонымен қатар пайдасы да зор. Жер шарында 100 млрд құс мекендейді.
Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді,
Күміс қанат үйрек келді, қаз келді.
Май шуағы, жан шуағы бір шуақ,
Жырла ақын, жырлар шаттық аз ба еді.
Біздің елімізде көктем шығысымен қайнаған еңбек басталады. Ол еңбектің нәтижелі болуына құстар көмегін тигізеді. Олар зиянды жәндіктерді, кенелер - ді құртып, егін мен орманды қорғайды.
Тамылжып, сорғалап, құйылған,
Әсем ән құйқылжып қиырдан.
Ән тыңда ерке құс бұлбұлдан,

Күндіз жатып, түн күзеткен,
Қырағы көз барлаушымын.
Барлық жерден көзім жеткен,
Тышқан қоймай аулаушымын.

Мен даланың елшісі,
Таң сәріде жырлайтын.
Кең даланың малшысы,
Қиялдана тыңдайтын.

Тіршілікке жан кірді, көктем келіп,
Айнала сай - сала көкпеңбек.
Бар өңір құлпыра бастады,
Кең дала құлпырды жасарып.

Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желкілдеп,
Көлге үйрек – қаз қонды.

Мен адамның досымын.
Мекенінде тұрамын.
Шыбын келсе кәсібім,
Ұстап жеймін қырамын.

Жұмбақтар.
Баласын тізіп соңына,
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына,
Кім біледі? (үйректі)

Көктемде ұшып келеді,
Жаз бойы концерт береді.(бұлбұл)

Садақша мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп.
Жүзгенде көлдің сәні еді,
Жердегі құстың серкесі.(аққу)

Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады.(қарлығаш)

Көрініс: «Құстардың ұя салуы»
- Құстардың патшасы барлық құс атаулыны жинап алып:
- Жаратылымызға қарай лайықты жерлерді мекендейік. Мекен тұтудың бір белгісі – ұя салу. Сондықтан әркім өзіне лайықтап ұя салсын – дейді.
- Ұя салу үшін құстарға негізінен, ағаштар мен бұта – бүргеннің басы өте қолайлы әрі қауіпсіз дей бергенде, жапалақ бастаған бір топ құс «Біз білдік» деп ұша жөнеледі.
Патша сөзін одан әрі жалғап:
- Ағаштың басына шөпшектерді жинайсыңдар дегенде, қарға қауымы «Білдік» деп ұша жөнеледі.
Құс патшасы:
- Шөпшектерді қуыстап, жылқының ту құйрығымен шөп – шаламды араластыра жинайсыңдар, - дей бергенде, үкі бастаған бір топ «Жөн екен» десіп, олар да ұя салуға аттанды.
Патша:
- Е - е ең жақсысы, үйлердің бөренесіне салған ұя. Ондай ұя әрі шыдамды, әрі жылы болады дейді.
Бұл уақытта құс патшасының алдында тек қарлығаш қауымы ғана қалған еді. Оның сөзін аяғына дейін тыңдамаған құстардың ұясы мықты болмауының сыры осында екен.

Қорытынды:
- Ендеше, құс ұясын бұзбай, олардың балапандарына тиіспей, құстарға ұя жасап, жыл құстарын қарсы алайық! Балалар өздері жасаған ұяларын мектеп ауласына, үйлерінің маңына орнатады.
10 842
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Өлі табиғат өзгерісіне байланысты құстар тіршілігінің өзгеруі, құстардың келуі, ұя салуы туралы оқып білу.
Құстар
Құстар
Құс туралы түсінік беру. Құстар күзде қай жаққа ұшып кетеді? Құстардың түрі өте көп.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар – біздің досымыз!
Құстар – біздің досымыз!
Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Құстар туралы білімдерін жетілдіру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Тыйым сөздер үйрету арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Құстарға қамқорлықпен қарауға баули отырып экологиялық тәрбие беру.
Құстар – біздің досымыз
Құстар – біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абилова Г. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×