Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын»

08 қаңтар 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жәнібек Кәрбозиннің «Жиырма тиын»
Мақсаты:
А) Жәнібек Кәрбозин туралы мәлімет беру.
Оқушыларды мәтінді жүйелі әңгімелеуге үйрету.
Ә) Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту.
Б) Адамгершілікке, бірін - бірі сыйлауға, ата - ананы құрметтеуге,
Айтқанын тыңдауға, қамқор, жанашыр, әділ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралы: оқулық, интерактивті тақта, автор суреті, мақал - мәтелдер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, бағалау, мадақтау.
Пәнаралық байланысы: қазақ тілі

Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгел болуын қадағалау.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2 Үй жұмысын сұрау
1 М. Әлімбаев кім?
2 Оның қандай шығармасымен таныстық?

Топтық жұмыс. Кім жомарт? Не жомарт?
1 - топ Жомарттықты қалай түсінесіңдер?
2 - топ Өлеңді мәнерлеп, диалогпен оқу.
3 - топ Өлеңдегі негізгі ой мен идеяны өз сөздеріңмен әңгімеле
1 Карточкамен жұмыс
1 Кім? Не? Сұрақтарының қай жерде қойылуын білесің бе?
2 161 - беттегі Жағдаяты талдау.
3 Сараңда бар болса да - жоқ
Жомартта жоқ болса да - тоқ.
Мақалға сүйеніп, жомарт сөзіне мағынасы қарама - қарсы сөзді тап.

Ой қозғау. Сызбамен жұмыс.
Жомарт деп қандай адамды айтамыз?
Жалғасын тап ойыны. 161 - бет 1 - тапсырма.

Мақал - мәтелдер жалғасын тап.
Дұшпан күлдіріп айтады.
Дос жылатып айтады.
Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз досың болсын.

Қарамен жазылған сөзге мән берейік. Сол сөздерге мәндес сөз айтып көрейік.
Жүз сөзіне мәндес сөз айтып көрейік. Адамның жүзі, пышақтың жүзі, үш жүз кіші, орта, ұлы жүз. Сан жүз үш таңбалы.
Сом, ақша, тиын теңге.
Дұрыс айтасыңдар теңге біздің Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.
Теңге - тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілді.
Теңге авторы Тимур Сүлейменов 1943жылы 14 ақпанда туылған.
Ақша - тауар алмасу құралы.
Ал сендер қандай теңгелерді көп қолданасыңдар?
20 теңге 2007 жылы 30 наурызда бекітілген.
Біз тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін теңгені тиын түрінде қолдандық.
Бүгін біз Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесімен танысамыз.
Жәнібек Кәрбозин өмірі. Ақын, 1933 жылы 15 мамыр күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында туған. Оның балаларға арналған
«Бәйшешек», «Ысқырық», «Біздің ауыл балалары»сияқты өлең жинақтары бар.

Оқулықпен жұмыс. Жиырма тиын әңгімесін оқып, түсіндіру.
Сергіту сәті. Апам үшін.
Дәптермен жұмыс.
Сөздік жұмыс. Милығына - қас пен еңбектің ортасындағы сүйек қуысы.
Орамал тастау ойыны арқылы мәтінді дауыстап оқыту.
Сабақты қорытындылау, бекіту.
Ақшаны жоғалтып алмау, ұрыдан қорғау үшін үйде қайда сақтайды?
Сырлы сандықтың ішінде не бар екен? білгілерің келе ма? қарап көрейік.

Сұрақтар мен тапсырмалар
1 Әңгіменің соңғы сөйлемін қайталап оқы.
2 Апасы Алтайға неге риза болды?
3 Өз басыңда осыған ұқсас оқиға болды ма?
4 Алтайдың іс - әрекетіне баға бер?
5 «Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді
Жаман күліп кетеді
деген мақалдың мәтінге қатысы барма?
6 Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан бекітілді?
7 Авторы кім?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін оқу.
5 271
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Әдептілік әліппесі. 44 – 45 жаттығулар (күнделікті сабақ жоспар)
Сөйлемнен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау. Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Адам болам десеңіз
Адам болам десеңіз
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді бір-бірінен ажырату, жақсыдан үйрену, жаманнан жиренуге баулу
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Автор туралы мәлімет беру, оқушыларға адамның табиғатқа жасайтын қамқорлығы жайлы әңгімелеу, отбасы мүшелерінің қарым — қатынасы, тәлімдік үлгі — өнегенің тәрбиедегі әсері жайындағы түсініктерін дамыту, жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді ажырата
Жиырма тиын
Жиырма тиын
Атырау қаласы. Бастауыш сынып мұғалімі Утегулова Акмарал Таттигаликызы
Жиырма тиын
Жиырма тиын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×