Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем

05 сәуір 2013, Жұма
Қазақ тілі
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жыл мезгілінің көктем айлары туралы мәлімет беру. Сурет бойынша әңгіме құрау дағдысын жалғастыру. Сөздік қорын байыту бағытында жұмыстар жасау.
Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны сүю қажеттігі туралы, көктемнің жыл құстары туралы, оларға қамқорлық жасау жайлы тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Дамытушылық: Сөздік қорды толықтырып дамыту. Дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын
қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Көктем туралы суреттер, интерактивті тақта, слайд, сөзжұмбақтар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныптағы оқушылардың ынтасын, зейінін сабаққа аудару.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін Наурыздың нешесі?
- Аптаның қай күні?
2. Үй тапсырмасын тексеру
1.- тапсырмадағы мәтін бойынша диалог құру.
2. Жыл мезгілдеріне сурет салып келу, суретті түсіндіру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Кіріспе.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
4. Сөздікпен жұмыс.
Гүлдеді - зацвели
Ұшып келе бастады - начали прилетать
Құстың ұясы - скворечник
Орнатты - прикрепил
Қатты - сильный
Қуанды - радовался

5. Мәтінмен жұмыс.
Көктемде.
Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.
- Енді мәтінді тыңдап болсақ өзіміз оқимыз.
- Қане, кім оқиды?
- Балалар, мәтін не туралы?
- Құстар қайдан келді?
- Алмас не жасады?

6. Диалог оқу
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір көктем.
- Көктем айлары қай айлар?
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Наурыз айында неше күн бар?
- Наурыз айында 31 күн бар.
- Наурыз айында қандай мейрамдар бар?
- Наурыз айында 8 наурыз, 22 наурыз мейрамдары бар.
- Саған көктем ұнай ма?
- Иә, ұнайды.
Сөз жұмбақты шеш.
Көктемгі мерекелер.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мерекесі
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр – Жеңіс күні
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық
7. Тақтамен жұмыс.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.
Көктемде..... жылынады. Жерге..... шығады.
..... ұшып келеді. Ағаштың..... жасыл. Мен..... ұнатамын.
Керекті сөздер: шөп, күн, жапырақтары, көктемді, құстар.

9. ЖҰМБАҚ ЖАСЫРУ
1. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың
2. Жаңбыр жауып, басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкке қызыл - жасылды
....... Асылды
3. Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты -
4. Бір ағашта 12 ұя, әр ұяда 30 жұмыртқа бар
5. Қонып алып жарға
Қарқылдайды
6. Суықтан да тоңбайды
Құрт, құмырсқа шіркейден,
Бау - бақшаны қорғайды.
Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1) Жиі - жиі, жауады, жаңбыр, көктемде.
2) Түн, теңеледі, мен, күн.
3) Ұшып, құстар, келеді, көктемде.
10. Топпен жарыс
1. Неше жыл мезгілі бар?
2. Бір жылда неше ай бар?
3. Бір айда неше күн бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Бір аптада неше күн бар?
6. Бір тәулікте неше сағат бар?
7. Бір сағатта неше минут бар?
8. Бір минутта неше секунд бар?
11. Сабақты бекіту.
«Ұшты - ұшты» ойынын ойнап жіберейік.

Ұшты - ұшты арба ұшты
Ұшты - ұшты қарға ұшты
Ұшты - ұшты сырға ұшты
Ұшты - ұшты тырна ұшты
Жақсы бүгін біз көктем айларын білдік. Енді үйге тапсырма жазып алыңдар. Мәтінді оқу. Жаңа сөздерді жаттау.
Көктем айларын біліп келу.

Мәтінмен жұмыс.
Көктемде
Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Құстар жылы жақтан ұшып келе бастады. Алмас қараторғкайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қатты қуанды.
Диалог оқу.
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір көктем.
- Көктем айлары қай айлар?
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.
- Наурыз айында неше күн бар?
- Наурыз айында 31 күн бар.
- Наурыз айында қандай мейрамдар бар?
- Наурыз айында 8 наурыз, 22 наурыз мейрамдары бар.
- Саған көктем ұнай ма?
- Иә, ұнайды.
Сөздікпен жұмыс.
Гүлдеді - зацвели
Ұшып келе бастады - начали прилетать
Құстың ұясы - скворечник
Орнатты - прикрепил
Қатты - сильный
Қуанды - радовался
Көктемгі мерекелер.
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мерекесі
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр – Жеңіс күні
Тақтамен жұмыс.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.
Көктемде..... жылынады. Жерге..... шығады.
..... ұшып келеді. Ағаштың..... жасыл. Мен..... ұнатамын.
Керекті сөздер: шөп, күн, жапырақтары, көктемді, құстар.
ЖҰМБАҚ ЖАСЫРУ
1. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың
2. Жаңбыр жауып, басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкке қызыл - жасылды
....... асылды
3. Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты -
4. Бір ағашта 12 ұя, әр ұяда 30 жұмыртқа бар
5. Қонып алып жарға
Қарқылдайды
6. Суықтан да тоңбайды
Құрт, құмырсқа шіркейден,
Бау - бақшаны қорғайды.
Топпен жарыс
1. Неше жыл мезгілі бар?
2. Бір жылда неше ай бар?
3. Бір айда неше күн бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Бір аптада неше күн бар?
6. Бір тәулікте неше сағат бар?
7. Бір сағатта неше минут бар?
8. Бір минутта неше секунд бар?
17 973
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мезгіл үстеу
Мезгіл үстеу
Өскемен қаласы, №38 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Смагулова Айжан Даулетбекқызы
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Көктемгі еңбек
Көктемгі еңбек
Чаукерова Айнаш Айтахметқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×