Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа құштарлық

27 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін - өзі тану 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық
Сабақтың мақсаты: Балалардың «табиғатты аялау» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - табиғат пен адамзат арасындағы байланысты үйрету;
- табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту.
- табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, көбелек суреті, қағаздан жасалған гүлдер, табиғат
бейнесі суреттері, АКТ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
(Оқушылар сыныпқа музыкамен кіреді.)
Мұғалім: - Балалар, мына себеттен өздеріңе ұнайтын гүлдерден ала қойыңдар.
(Гүлдер бойынша топқа бөлінеді.)
«Ақ гүлдер», «Қызыл гүлдер», «Сары гүлдер», «Алқызыл гүлдер»
Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыз өте ерекше сабақ. Ерекшелігі сол бүгін бізге қонаққа ерекше қонақ келіп отыр. Оның кім екенін мен жасырып айтып көрейін, сендер шешіп көріңдер.
- Ол өте нәзік, ол ешкімге қиянат жасамайды, гүлдерді өте жақсы көреді, ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді. Ол не?
- Көбелек.
- Ендеше көзімізді жұмып, ыңғайланып отырып, көбелекпен бірге саяхаттай
отырып, ішкі жан дүниемізбен бір сырласып алайық.
* Тыныштық сәті. (Үнтаспадан тыңдату)
- Бізге қонаққа келген көбелек қанатын жазғанда алып көбелекке айналып кеткендей. Ол бізді қанатына отырғызып ұшып барады. Алуан түсті гүлдер алқабына жақындағанда бізді қанатынан түсірді. Гүл алқабы жағасында суы мөлдір өзен көз демалтады. Судың тазалығы соншалықты – су астында жүзіп жүрген жәндіктер, өніп тұрған өсімдіктер, көздің жауын алып жатқан табиғи тастар. Одан әрі төбесі аспан тіреген биік таулар, жарқыраған күн. Әуелеп ұшып жүрген әсем құстар. Неткен әдемі табиғат! Табиғат сыйлаған таза ауа бойымызды сергітіп жіберді... Біз оған тамсана ұзақ қарадық. Алып көбелек бізді қайтадан өзінің қанатына отырғызып, сыныпқа алып келді. Көбелек қоштасарда әрбіріміздің құлағымызға: «Табиғат сендерге таза ауа, жұпар иіс, жақсы көңіл күй, жақсы өмір сыйлайды. Табиғатты күтіп, баптаңдар, аялаңдар», – деп сыбырлады. Әрбіріміз көбелекке «табиғатты аялаймыз» деп, іштей уәде бердік. Ол әрбіріміздің көбелекпен арадағы сырымыз болсын. «Ешкім естіп қоймады ма?» дегендей, біз бұрынғы қалпымызға келіп, жан - жағымызға қараймыз.
- Міне, әдемі көбелегіміз әсем табиғатты сыныпқа бірге ала келіпті.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Енді келген қонағымыздың құрметіне гүлді алқап жасайық. Ол үшін үйге берілген тапсырманы еске түсірейік. Үйге қандай тапсырма берілді.
- «Табиғат деген не?» және «Егер мен...» сурет бойынша жұмыс.
- Олай болса, алдымыздағы гүлдерімізді қолымызға алып, бір - бір сөзбен табиғат деген не деген сұраққа жауап жазып, өз ойларымызбен бөлісейік. Содан кейін ол гүлдерді тақтаға іліп, табиғаттың әсем гүл алқабын бейнелейік.
* Бейнеүзінді көрсету «Қазақстан табиғаты»
* Әңгімелесу
•Табиғат аясында жиі боласыңдар ма?
•Табиғаттан қандай әсер алдыңдар?
•Табиғат жайлы жыр - шумақтарын білесіңдер ме? Қане, ортаға салайық.
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)
Мұғалім: - Балалар, дұрыс айтасыңдар. Адам да табиғат сияқты сұлу да әдемі, жан - жағына тек қана қуаныш, жылу, жақсы көңіл күй сылайтын болуы керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 378
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Insects – Жәндіктер
Insects – Жәндіктер
табиғатқа қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу
Табиғатқа қамқорлық
Табиғатқа қамқорлық
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз.
Табиғатқа құштармын
Табиғатқа құштармын
Бізге қонаққа келген көбелек қанатын жазғанда алып көбелекке айналып кеткендей. Ол бізді қанатына отырғызып ұшып барады.
Көбелекті салу жолдары
Көбелекті салу жолдары
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×