Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы білімдерін қалыптастыру.
2. Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
3. Шығармашылық ұқыптылыққа, жинақылыққа және сауатты, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті құралдар: проектр, тірек сызба, суреттер.
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
- Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
- Төрт түлік малға не жатады?
- Олардың қайсысы туралы біз сабақтарда айттық?
- Мына буклеттерде берілген суреттерге қараңдаршы. Не айтуға болады?
- Тақтаға назар аударайық. Мына жануарларға байланысты қандай өлең жолдарын білесіндер?
- Түйе туралы не білесіңдер? Жылқы: «Боз бие, құлыншақ». Қой «Қошақан».
- Төлдерін қалай атаймыз?
- Оларды қалай шақырамыз?
ІІІ Мақсат қою кезеңі

ІV. Жаңа сабақ.
- Балалар бүгін бізге сабаққа қанақ келеді. Кім екенін жұмбақтың шешуінен табуға болады
Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не? (сиыр) Слайд №5
СИЫР: ООО, Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Балалар сиыр туралы не білесіңдер?
- Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т. б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран - сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас - ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
Слайдтар жүргізіліп отырады.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің сұрақтары:
Алфавитте неше әріп бар? (42 әріп бар)
Алфавиттегі әріптер неше топқа бөлінеді?(үш топқа: дауысты, дауыссыз, белгілер)
Дауысты дыбыстар қандай болып бөлінеді? (Жуан және жіңішке дыбыстар)
Жуан дауысты дыбыстарды атаңдар. (а, о, ұ, ы)

Оқулықпен жұмыс: «Сиыр» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сиыр туралы түсінік беру.
Әукім, әукім сиырым,
Мүйізінің сүйірін.
Шүйгін жерге келгелі
Шығып капты бүйірің. (Қ. Мырза Әли)

- Өлеңде не туралы айтылған?

V. Жаңа материалды пысықтау;

VII. Бекіту. Деңгейлік тапсырмалар:
Қызыл, жасыл, көк түске жазылған карточкалар таратылады.
Мақалдар.
Сиырдың сүті – тілінде
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
Сиырды теппейді
Сүтті төкпейді.

Сабақты қорытындылау. Сиырдың адамға қандай пайдасы бар?
Сиыр - Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас - ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат - жұратымен жасайтын алыс - берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін - бірі танысын - танымасын, кездесе қалған қазақ «мал - жан аман ба?» деп амандық - саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып - күтудің де жай - жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.
- Бүгін мен сендерге сондай риза болдым. Мен туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер. Ондай болса менен осындай сыйлықтар қабыл алыңдар (оқушыларға «Милки уей» шоколады және раскраскалар таратылады).
Рефлексия: Балалар сендерге сабақта бәрі түснікті болды ма?
Толығымен түсінікті болса шөлмектің сыртқы қағазың көк түстіге бояйсындар. Түсінбеген жерлерін болса қызыл түске бояңдар.
Үйге тапсырма.
Бағалау
4 272
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Сиыр. Жуан дауыстылар
Жуан дауысты дыбыстар жайлы түсінік бере отырып, төрт түлік туралы мәлімет беру және сөздерді сатылай кешенді талдау үлгісін меңгерту
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Малдың төлін сүюі
Малдың төлін сүюі
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Талды орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Сыдықова Әсемхан Әленқызы
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×