Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнек 10 - а

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнек 10 - а
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.
Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: Интербелсенді тақта, слайдтар
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық икем.
Қонақ күту – салтымыз,
Оқып, біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге,
Сәлем бердік жалпымыз
І - бөлім: «Ойлан тап» (Өткенді пысықтау).
Үй тапсырмасын оқытып тексеру. «Ұшақтың жолын анықта».

ІІ - бөлім. (Жаңа сабақ).
Оқулықтың 167 - бетіндегі тапсырмалар.
Кестені толтырамыз.
(Оқушылар ауызша орындап толтырады).
Көркем жазу
03 03
178*
2. а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а - ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және мәні ең кіші санды өрнектерді жаз.
(Өрнек құрады, мәні үлкен және ең кіші санды өрнекті жазады).
а+1
а = 9
а= 0
9+1=10
0+1=1

Есепті шығар.
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ағаш

Мына амалдарды орындап нені табасың: 6+4, 6 - 4?
(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады. Сұрақ бойынша оқушылардың жауабы тыңдалады).

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
4. Сандардың құрамын көрсет.
(Ауызша орындалады, оқушылар бір - бірден санның құрамын атайды).

Логикалық тапсырмалар
Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 –
2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?
3. Сен, мен және біз. Нешеуміз?
4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?
Көлден ұшты 7 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Қонбады оның нешеуі?

Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 945
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Қысқа мерзімді жоспар. Өрнек 10 - а
Қысқа мерзімді жоспар. Өрнек 10 - а
10 - а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек құрастырып, оның мәнін таба білуге үйрету. Есеп құрастырып, мәнін таба білу.
Өрнек 10 - а
Өрнек 10 - а
Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
Санды өрнектер
Санды өрнектер
Амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалардың көмегімен сандардан құрастырылған өрнек санды өрнек деп аталады. Санды өрнектегі көрсетілген барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Санды және әріпті өрнек
Санды және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×