Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспар. Өрнек 10 - а

14 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: «Өрнек 10 - а».
Мақсаты: 10 - а өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру. Санды өрнек пен әріпті өрнек құрастырып, оның мәнін таба білуге үйрету.
Міндеттері: - Есеп құрастырып, мәнін таба білу.
- Өрнектің мәнін жазу, түсіну.
- Түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтауға өрнек құра білуге үйрену;
- Шапшаңдыққа үйрену.
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғадан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар: «Жүректен - жүрекке», «Ою - өрнектер», «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Постер» стратегиясы, «Ойлан, талқыла», «Вен диаграмасы», «Позитивті доп»

Кіріспе 2 минут
«Жүректен - жүрекке» сыныпта позитивті атмосфера қалыптастыру
«Көңілді күн» жаттығуы
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды саған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да,
Саған да, оған да.

Тұсау кесер 2 минут
Топқа бөліну.
«Түрлі - түсті ленталарды» пайдалана отырып сынып 3 топқа бөлінеді /балалар біз математика сабағынан қандай есептер шығарып жатырмыз, өткен сабақтарды еске түсірейікші/

Сыныптың білім деңгейін анықтау.
"Ой қозғау» әдісі. «Қанталапай» ойыны. асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөмірленген асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады.

Негізгі бөлім 5 минут
Нөмірлері бойынша карточкадағы сұрақтарға жауап береді. Кім тез әрі дұрыс жауап берсе, сол жеңіске жетеді.
1 - асық: Біз қандай өрнектер өтіп жатырмыз? (Әріпті өрнек)
2 - асық: Өрнектер нешеге бөлінеді? (екіге)
3 - асық: 1 ден 10 - ға дейін ағылшынша санау.
4 - асық: 9 санының көршілерін ата.
5 - асық: Жарты қаздың салмағы 3 кг, ал тұтас қаздың салмағы қанша?
6 - асық: Саннан нөлді азайтқанда неше болады?
7 - асық: Сандар нешеге бөлінеді?
8 - асық: Санға 1 - ді қосқанда қандай сан шығады?
9 - асық: Саннан 1 - ді азайтқанда не шығады?
10 - асық: Санға 0 - ді қосқанда қандай сан шығады?
- Бүгін әріпті өрнектерді азайту тақырыбын жалғастырамыз.
10 – а өрнегі Мақсатымыз әріптің орнына сандарды қойып байқау, бекіту, есте сақтау арқылы есептерді жылдам шапшаң шығару
10 – а өрнегінде қандай таңба?
(Азайту).
Азайтудың компоненттерін атаңдар.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
Азайғыш 10, азайтқыштың орнында белгісіз а әріп.
Белгісіз санның орнына сандарды қойып, әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып мәнін табамыз.

Оқулықпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс Кестені толтырамыз.

Сөз есеп теңге алу ойыны арқылы өтеді. Есептің бірнешеуі оқып талданады. Ұлттық теңгеміздің суреті ілулі тұрады. Үш оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады. Сөз есеп шығарады, кім бірінші бітсе сол теңгені алып кете береді.

Дәптермен жұмыс: дәптерлеріне шығарған есептерін жазу.
1. Сергіту сәті

2. «Постер» стратегиясы.
І топ:
а+9
а - 9
а=0; 1
а=10; 9
ІІ топ:
а+0
а=1; 2; 3; 4
ІІІ топ:
а - 0
а=1; 2; 3; 4

Қорытынды 3 минут
1. Сабақты бекіту «Вен диаграммасы» стратегиясы
Әріпті өрнек пен санды өрнекті салыстыру.
«Арқан тартыс» ойыны. Сандардың құрамын тез орындау керек. Қай топ жылдам орындаса арқан тартыста сол топ жеңеді.
«Позитивті доп»
- Бүгінгі сабақта қандай ойындар ойнадық?
- Өрнек туралы не білдіңдер?
- Бүгінгі сабақта не ұнады?
- Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
- Сабақтан сендерге не ұнаған жоқ?
- Келесі сабаққа ұсыныстарың бар ма?
2. Бағалау.
- Топтар өздерін бағалайды;
- Басқа топтардың жұмысын бағалайды;
- Өз - өздерін бағалайды.

«Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – нің
бастауыш сынып мұғалімі Аймаганбетова Эльвира Мейрамовна

Қысқа мерзімді жоспар. Өрнек 10 - а жүктеу
1 808
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша туралы білімдерін дамыту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Тілін, сөздік қорларын дамыту.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекке тәрбиелей отырып, алған білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдана алу дағдысының қалыптасуы;
Санды өрнек және әріпті өрнек
Санды өрнек және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Әріпті теңдіктерді құру, оқу және жазуымен таныстыру, оларды бір - бірінен ажырата алуға үйрету.
Санды және әріпті өрнек
Санды және әріпті өрнек
Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнек мән - мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×