Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сайыс

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Математикадан сыныптан тыс жұмыс
«Математикалық сайыс» 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Математикалық сайыс
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың ауызша қосу, азайту, логикалық есептерді шығарудағы білімдерін кеңейту.
2. Оқушыларды танымалдыққа, ізденімпаздыққа баулу, ақыл - ойын тіл байлығын дамыту.
3. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, өзін - өзі көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, сандар.

Сабақтың жүрісі:
I - ж: Армысыздар, ағайын,
Ағайын тілін табайын.
II - ж: Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.

I - ж: Есенбісіз ұстаздар,
Шаршамайтын қыс - жаздар.
II - ж: Құрметке ие үлкендер,
Алда жүзген желкендер.
II - ж: Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып.
I - ж: Көрермендер аман ба?
Отырған анау ойланып.
Бірге: Бәріңізге бір сәлем!
1 - ж: Енді кешті бастайық.
2 - ж: Екеуміз асып - саспайық.

1 - ж: 1 - топ - «Сұңқар», 2 - топ «Тұлпар»
2 - ж: Ду қол шапалақтап, қарсы алайық.
Ең алдымен, әділ - қазылар сайлап алайық.
1 - ж. «Кім көп біледі?» Әр сұраққа 1 - ұпай.
1. 1 сағатта неше минут бар?
2. Ауыстырымдылық қасиет дегеніміз не?
3. Тік төртбұрыштың қарама - қарсы қабырғалары қандай болады?
4. Екі кесіндіден қандай фигура құрастыруға болады?
5. Ұзындық өлшем бірлігін ата?

2 - ж. Ал балалар, балалар,
Мақал - мәтел айтайық.
Талай жерді көрейік,
Асулардан өтейік.
Білімге біз енейік,
Кедергіні жеңейік.

1 - ж. Бұл бөлімде цифрларды қатыстырып, мақал - мәтел айтылады.
2 - жақсы қас болмас. 2 - жаман дос болмас.
5 - бармақ жиналса, жұдырық болады.
30 – тістен шыққан сөз, 30 - рулы елге тарайды.
1 - кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
7 – жұрттың тілін біл, 7 - түрлі білім біл.
Ат баспаймын деген жерін 3 рет басады.
5 – саусақ бірдей емес.
1 – тал кессең, 10 - тал ек.

1 - ж. Мен жұмбақ айтайын, шешесің бе?
2 - ж. Айтып көр.
1 - ж. 12 бұтағы бар алып екен,
52 шыбық тарап, өсіп өнген
Шыбық сайын 7 - ден жапырағы
Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.
2 - ж. Ол жұмбақтың шешуі мынадай:
Еменім бір жыл болар, ойлап тұрсам,
12 ай бұтақ деген ұқсам.
Бір жылда 52 апта бар ғой,
Әр апта 7 - күннен әуел баста.

1 - ж. Келесі бөлімге көшейік,
Жұмбақ есептерді шешейік.
1. Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек? ( 6 )
2. Жаңа ғана шалғында
6 бұзау жүр еді,
Әлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуі,
Нешеуі енді жайылып,
Айт жүргенін айырып. (5 )
1 - ж. Жаңылтпашқа кезек берейік.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.

Төрт ақ шымшық,
Бір ақ шымшық.
Екі ақ шымшық,
Үш ақ шымшық.

Пеш үстінде бес мысық,
Бес күзетші бес пысық.
1 - ж. Есте сақтау қабілетің...
Қандай екен ағайын.
Айтқанымды қайта айтшы,
Қазір саған айтайын.
2 - ж. Екі топқа арнап бірнеше сөздер айту, соны жазып беру.
Сөздер: дециметр, сызғыш, төртбұрыш, теңдік, санды өрнек, дәптер, шаршы, теңдеу, қосу, азайту.
1 - ж. Әділ қазылар шешім қабылдағанша, көрініс қою.
«Әке мен бала», «Сандар сөйлейді».
2 - ж. Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
4 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық кафе
Математикалық кафе
Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.
Математикалық сандық
Математикалық сандық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Ғ Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Шұғайыпова Зейнет Кәкімқызы
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Математика көшбасшысы
Математика көшбасшысы
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Математикалық марафон сайыс
Математикалық марафон сайыс
Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Математикалық марафон» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×