Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып Қожа бейнесін ашу;
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту
Сабақтың формасы: топтық
Әдісі:, ой қозғау, талдау, іздену, шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд, ассоциативті карта; таратпа материалдар;

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Түстерге байланысты топқа бөлу. Топ басшысы мен бағалаушыны сайлау.
1 - топ «Қызыл түс», 2 - топ «Көк түс», 3 - топ «Сары түс».

II. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту сатысы.
- Адамның өмір сүру кезеңі балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең?
Оқушылар ойы тыңдалады. Слайд.

III. Кіріспе.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған, балаларға арнап шығармалар жазған ақын - жазушылардың бірі Бердібек Соқпақбаевтың туындыларының бірі «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысасыңдар.
Слайд.
Бердібек Соқпақбаев 1924 ж Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген
- Бүгінгі сабақта жазушының «Менің атым Қожа» шығармасының 17 - ші тарауымен танысасыңдар. Бұл тарауды шығарма авторы «Жан сезім құбылысының әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәтті кезі сипатталады»деп атаған екен.
Зерттеу - ізденушілік.
Оқушылардың шығармашылық жұмысы.(Оқушыларға «Менің атым Қожа» туралы мағлұмат жинап келу тапсырылған, оқушылар ақпараты тыңдалады)

ІV. Ой толғаныс
Көлемді шығарма болғандықтан, үйден оқып келуге берілген.
Әр топқа тапсырма беріледі. СТО стратегиясы.
Бұл бөлім мына жерден басталады.
(Қожаны әжесінің оятуы. Фильмнен үзінді)
(1жоспар бойынша әңгімелеу) Джигсо.
1 - топ тапсырмасы. Оқиғалар тізбегі.
2 - топ тапсырмасы: 2 жоспар бойынша әңгімелеу.
3 - топ тапсырмасы: 3 жоспар бойынша әңгімелеу.

V. Топтық жұмыс:
Мақсаты: тақырыпты талдай отырып, оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.
1 - топ: Қожа туралы мәлімет.
2 - топ: Тақырыпты сатылай кешенді талдау.
3 - топ: Тақырып бойынша сахналау.

VI. Оқулықпен жұмыс.
1 - топ: Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?
2 - топ: Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?
3 - топ: Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?
Әр топтың оқушылары тапсырмаларын қорғайды.

VII. Сергіту сәті.
VIII.«Бес жол» өлең стратегиясы.
Кім?(зат есім) 1сөз
Қандай? (сын есім) 2сөз
Қайтті? (етістік) 3сөз
Сөйлем (кім туралы?) 4сөз
Қорытынды сөз 5сөз
1 - топ: Қожа
2 - топ: Жантас
3 - топ: Сұлтан

IX. Дәптермен жұмыс. Венн диаграммасы.
X. Жеке оқушылармен жұмыс.
Сөйлемнің жүйесін тап.
1. Б. Соқпақбаевтың, балаларға, айтулы, арналған, бірі, шығармаларының, Менің атым Қожа.
2. Шығарма, бұл, балалар, қазақ, үлкен, әдебиетінде, бір, болған, белес.
3. Барлық, оқиға, Қожаның, атымен, өз, повестегі, сөйленеді.

XI. Кері байланыс:
1. Өздеріңде осындай Қожаның басында болған сәттер кездесті ме?
2. Егер сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?

XIII. «Ой тастау»
- Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?

XIV. Сәйкестігін тап.
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін Анфиса Михайловна
қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?
2. Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? Қожа.
3. Қожаның әдепті жолға түсуіне себепкер болған. Жантас.
4.«Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді Сұлтан.
білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім.
Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті.
Ох, шіркін, ай!»
XV. Кейіпкерге хат.
1 - топ: Қожа
2 - топ: Жантас
3 - топ: Сұлтан

XVI. Қорытынды: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес ғой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!

XVII. Үйге тапсырма «Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек»
Ой толғау жазып келу
15 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қожаның қиялы
Қожаның қиялы
Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру;
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаев «Менің атым - Қожа» повесі
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесі бойынша толық мәлімет беру. Оқушылардың өлең бойынша пікірлерін тыңдау, негізгі идеяны ашу. Оқулық бойынша жұмыс атқару, өз ойының айырмашылығын ескере отырып, есте сақтау кестесі арқылы оқушылардың
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повестімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×