Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»

09 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»

Мақсаты: 1. Киік туралы түсіну, жануарлардың айласы туралы танысу.
2. Әрбір жануардың тіршілік ортасы мен іс – әрекет ерекшеліктерін бақылау, зерттеу немесе іздеп оқу.
3. Жан жануарларды аялауға, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: АКТ, топпен жұмыс, миға шабуыл
Көрнекілігі: презентация, карточкалар, стикер, бағалау картасы

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Мақал мәтелді қиықтардан тұтастырып біріктіру. Сол арқылы топқа бөліну.

2. Үй тапсырмасы бойынша жауаптар алу.
— Оқиға неден басталады?
— Балалар әрекетін әңгімелеу.
— Мұхтарға мінездеме беру.
— Оқиға қалай аяқталды?

Қызығушылықты ояту:
Киік жануары туралы видео көрсету.

3. Мәтінмен таныспай тұрып авторы тұралы біліп алайық.
Қоңыратбаев Әуелбек (1905 - 86) - түрколог, филология ғылыми докторы. профессор Ғалымның негізгі еңбектері қазақ фольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған.«XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы», «Қазақтың «Қозы - Көрпеш - Баянсұлу» жыры туралы», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» жарық көрді.
Оқулықтағы «Киіктің айласы»мәтініне көз жіберейік.
«Түртіп алу»стратегиясы бойынша оқушыларға тізбектей оқыту.
Білемін ----
Білгім келеді ---------
Жаңа білдім ------------

Топтарға тапсырма:
«Дөңгелек үстел әдісі
1 топқа: Киік туралы не білеміз?
Бұл сұраққа «Дөңгелек үстел» әдісімен жауап береді. Топтағы әр оқушы киік туралы өз білгенін жазады. Әр оқушы бір сөйлем жазып, кезекті оң жағында отырған келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз білгенін жазады, алдыңғы оқушының жазғанын қайталамау керек. Осылайша әр оқушы өз білгенін жазып шығады. Мысалы, Киік жүйрік аң. т. б.

2 - топқа: сурет салу.

3 топқа: «Венн» диаграммасын жасау. Венн диаграммасы қабысып жатқан екі дөңгелектен тұрады. Киік пен қасқыр туралы білетіндерін өз дөңгелегіне жазады. Ал екеуіне ортақ қасиеттерді ортасына жазады.
Мысалы:
Киік-----------
Қасқыр-------------
Ортақ қасиет----------
4 - топ. Сөз тіркесіне түсінік бер.
Таяқ тастам жер.
Діңкесі құрыған.
Сергіту сәті.
4. Ойды қорытындылау
Суретпен жұмыс.
Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрау.
Мәтіннен оқығандары бойынша жауап беру.

5. Бағалау, мадақтау.
6, Үйге тапсырма:
Мәтінді оқу, мазмұндау, эссе жазып келу
10 537
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Әңгіменің мазмұнын таныстыра отырып, ондағы негізгі ойды, идеяны меңгерту, көркем шығармаға қызығушылығын арттыру
Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Искакова Айнур Ермұханқызы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Ойыл ауданы, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исеғали Жайдар Серікқызы
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
Киіктің айласы
Киіктің айласы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Самыратова Куанышкул Абдрахмановна
Киіктің айласы. Ә. Қоңыратбаев
Киіктің айласы. Ә. Қоңыратбаев
Бүгінгі сабақта жерлесіміз Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесін оқимыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×