Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Көкшенің көрінісі»
Мақсаты: 1. Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.
2. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
3. Табиғатты сүю, оны аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс тәсілдер:
АКТ, топпен жұмыс, сұрақ - жауап әдісі
Көрнекілігі және құрал жабдықтары: презентация, карточка

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Топқа бөлу, ұнатқан гүлді таңдау арқылы. «Раушан», «Бәйшешек», «Қалампыр», «Қызғалдақ». Әркім өз тобына отырады

2. Үй тапсырмасын сұрау.
Әуелбек Қоңыратбаев. Киіктің айласы
Мәтінді бөліктер арқылы мазмұндау
- Аң мен жануарлардың өз жауларынан қорғанатын қаруы.
- Киіктердің суатқа келуі.
- Қасқырлардың шабуылы.
- Текенің айласы.
- Дала еркесі – Ақбөкен.
Әрбір жауап берген топтарды смайликтер арқылы бағалау.

3. Жаңа тақырып:
- Оқушылар, сендер қандай ақын - жазушыларды білесіңдер?
- Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Бүгін сендер аса көрнекті жазушы - Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің көрінісі» тақырыбындағы мәтінін оқып танысамыз.

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900 - 1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.
Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.

Көкшетау туралы түсінік беру
Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік - шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды - көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м).
- Сөздік жұмысы:
Гауһар - асыл тас
Селеу – шөптің аты
Құз – биік жартас
Сағым – алыстағы көрініс, елес

4. Мәтінді тізбекпен оқушыларға оқыту.
Топтарға тапсырма:
1 топ: Табиғат туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
2 - топ: Туған жер туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
3 - топ: Отан туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
4 - топ: Сурет салу, оны қорғау
Сергіту сәті
Музыкалық жаттығу жасау.
5. Ойды қорытындылау
Тірек сызба арқылы сабақты қорыту
Көкшетау

табиғаты сұлу
орманды, тоғайлы
ауасы таза
көлдері шипалы
Жеке батыр
Жұмбақтас
Оқжетпес

5. Мадақтау, бағалау.
6. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, мазмұндау, өзіміздің аймақтағы көрікті жерлер туралы реферат жазып келу.
15 619
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі
Сәбит Мұқанов Көкшенің көрінісі
Сәбит Мұқанов жайлы мәліметтерді тыңдай отырып, жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу, талдай білуге үйрету.
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Көкшенің кедусінде
Көкшенің кедусінде
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурахметова Қарлығаш Кадырхановна
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»
Әуелбек Қоңыратбаев. «Киіктің айласы»
Бастауыш сынып мұғалімі Айнур Искакова
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
"Киіктің айласы" Әуелбек Қоңыратбаев
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға автор туралы қысқаша түсінік беру. Мәтіннің мазмұнын түсіндіре отырып, негізгі ойды анықтау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×