Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
2. Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: АКТ, ребус, фишкалар
Әдіс - тәсілдері: жеті модуль
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық сәт
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.

II. Үй тапсырмасына не берілді?

ІІІ. Өткенді пысықтау
Сұрақ – жауап алу

1 - топ. Төлеген Айбергенов кім?
2 - топ. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - топ. Өлеңді тізбектеп жатқа айту.

IҮ. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?
(Оқушылар жауабы)

Ребус шешу.
Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ – Аспаз.

Мамандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.

Y. Жаңа сабақ:
Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру.
(Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
Өтепберген Ақыпбекұлы - 8 қазанда Қызылағаш ауылы, Қадал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған.
«Өтті ғой, сәулем, ай талай», «Адамдар», «Алматыға», «Арал жырлары», «Бақшаға саяхат», «Дала», «Жүрек сөзі», «Барсакелмес».

2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Әр шумақты оқушыларға оқыту
Әр шумаққа тоқталып түсінік беру

Сұрақ – жауап.
1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды?
2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.
ҮІ. Дәптермен жұмыс.

5. Түсіндірме сөздік:

6. Сергіту сәті.
Мамандықтар туралы жұмбақтар жасыру.
Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)

Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)

Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)

Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)

YII. Сабақты қорытындылау:
Оқушылар өз таңдаған мамандықтары туралы әңгіме жазады.
ҮІІІ. Рефлексия
Білемін. Білдім. Білгім келеді

ІХ. Үйге тапсырма беру:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өтепберген Ақыпбекұлы жайлы реферат жазып келу

Х. Бағалау. Фишкалармен бағалау.
5 606
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Мың түрлі мамандық
Мың түрлі мамандық
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айсүгірова Ұлбосын
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп Аукишева Алмагуль Слямбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×