Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...

09 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, СКТ, ТС, ребус,
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Техникалық құрал: интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық сәт. 1 - флипчард
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.

II. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді?
2 - флипчард.
1 - топ. Төлеген Айбергенов кім?
2 - топ. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3 - топ. Өлеңді тізбектеп жатқа айту.
2. Тапсырмалар беру:
3 - флипчард.
1 - топ. «Еңбек»туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.
2 - топ. Ребус шешіңдер.
3 - топ. «Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер.
4 - флипчард. Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ - Мұғалім. 2 - топ - Дәрігер. 3 - топ - Биші.

III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
5 - флипчард.
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?

IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру. 6 - флипчард. (Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Іштей оқу. 5. Әр шумақты оқушыларға оқыту.(Әр флипчардта өлең шумақтары мен мамандық түрінің суреті бар)
Мен таңдайтын мамандық... 7 - флипчард.
Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де, 8 - флипчард
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да 9 - флипчард
Вело - спортшы болам ба?
Вело жарыс жолында
Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен, 10 - флипчард
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн - түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық,
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет ашу - жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен, 11 - флипчард
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр сатын кең...

Ес көретін өз елі, 12 - флипчард
Ер мінезді, беделді:
Ел мен елді дос етер,
Елші болғым келеді...
Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсінік беру
5. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату. 13 - флипчард
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
Буын саны:
Ұйқас түрі:
Түсіндірме сөздік:
6. Сергіту сәті. 14 - флипчард
Y. Бекіту. 15 - флипчард
1 - топ. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталды?
2топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Өлеңде өз таңдаған мамандығың бар ма екен? Сол мамандық жайлы білетін тақпақтар айтып көрейік.

5. Ой қозғау. 16 - флипчард
1 - топ. Бірінші болып көмекке келетін мамандық түрін жұмбақтап бір - бірінен сұрайды.
2 - топ. Мамандық түрін олардың құралдары арқылы табайық.

Тарағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (шаштараз)

- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)

- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)
3 - топ. Мамандықтар туралы жұмбақтар айту.

YII. Сабақты қорытындылау: 1. Топтастыру стратегиясын құру. 17 - флипчард Оқушылар өз таңдаған мамандықтарын жазады.
YII. Үйге тапсырма беру: 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. 18 - флипчард
2. Таңдаған мамандық туралы шығарма жазу.
YIII. Бағалау. 19 - флипчард
40 678
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айсүгірова Ұлбосын
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың тақырыбы: Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×