Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Константин Димтриевич Ушински "Төрт тілек"

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: К. Д. Ушинский «Төрт тілек»
Мақсаты: К. Д. Ушинскийдің шығармаларымен оның ішінде, «Төрт тілек» әңгімесімен таныстыру;
Білімділік: Жылдың мезгілі туралы білім беру арқылы Митяның тілегі барлық балалардың тілегі екенін, табиғаттың жылдың қай мезгілінде болса да сұлу да мейірімді екенін түсіндіру;
Дамытушылық: дүниетанымын кеңейту, оқушыларды айналадағы құбылыстарға ғылыми көзқараспен қарауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын ояту және жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғатты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: жаңа материалды меңгерту.
Әдісі: көрнекілік - әңгімелеу, сұрақ – жауап, шығармашылық.
Көрнекілігі: Портрет. Жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.

Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру бөлімі.
1. Психологиялық дайындық
- Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау - сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басымызды иіп бәріміз.
Біздің көңіл күйіміз қандай? Тамаша! Олай, болса сабағымызды ұйымшылдықпен бірлесіп өткізейік.

 Топқа бөлу. (Туған күндеріне байланысты жыл мезгіліне топтаса қойыңыздар)
І топ «Қыс»
ІІ топ «Көктем»
ІІІ топ «Жаз»
ІV топ «Күз»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- С. Сейфуллин туралы мәліметті кім айтады?
- «Қызыл шұнақ» тіркесінің мағынасын айтып жіберейікші.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Қысқы ауа райы туралы не айтар едіңдер?
- Қыста қар жауады. Боран болады. Т. б.
Өлеңді оқушыларға жатқа айтқызамын. (мәнерлеп жақсы оқыған оқушыларға қосымша сұрақ қойып бағалаймын
- Біз Қазақстанның қай өңірінде тұрамыз? Оңтүстік.
- Ал осы өлеңде айтылғандай үскірік суық, ұшан - теңіз қалың қар, бет қарыған аяз, зәрлі деммен ысқырған қылшылдаған қызыл шұнақ аяз еліміздің қай өңірлеріне тән құбылыстар деп ойлайсыңдар? Ақмола обылысы, Ақтөбе обылысы, Қызылорда облыстарында.
- Оны қайдан біліп отырсыңдар? Теледидардан.
- Дұрыс айтасыңдар, біз күнде теледидардан ауа райы туралы синоптиктердің мәліметін тыңдайды екенбіз.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
- Сонымен, балалар, қазір бізде қай мезгіл?
- Қыс мезгілі кімдерге ұнайды?
- Жарайсыңдар, балалар, бала кезімде қыс мезгілі маған да ұнайтын.
- Қыс мезгілі бізге неліктен ұнайды, себебін кім айтады?
- Дұрыс, қыс мезгілі өзінің осындай қызықтарына толы екен.
- Онда қане қыс мезгілі ұнайды деп бәріміз қол соғып қояйықшы.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты болады екен.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Ендеше, алдымен жыл мезгілдерінің ауысуы туралы зерттеген Мұрагердің ғылыми түсінігін тыңдайық.
Жыл күн, апта, айдан құралады. Бір жылда төрт жыл мезгілі бар. Олардың ауысып келуі Жердің Күнді айналуына байланысты болады. Жер Күнді 365 не 366 күнде толық бір айналып шығады. Сол 365 күн Жыл деп аталады Ғылым бойынша алғашқы үш жыл 365 күннен, ал төртінші жыл 366 күн болып есептеледі. Ол кібісе жыл деп аталады. Кібісе жылдың саны төртке қалдықсыз бөлінеді. Келе жатқан жаңа 2015 жыл кібісе жыл болып саналмайды. Бұл жылы ақпан айында 28 күн бар екен.
- Жыл туралы мәліметті түсініп алсақ, бүгінгі сабағымызға оралайық.

К. Ушинский туралы мәлімет беремін.
К. Д. Ушинский Тула қаласында 19 ақпан 1824 жылы дүниеге келді.
К. Д. Ушинский – атақты орыс педагогы, балаларға арнап шығармалар жазған, бала жанына жақын болған кісі. Ол әдебиетпен, театрмен қызыға айналысты, халықтың сауатын ашуды армандады. Оқытудың сынып - сабақ жүйесін енгізді. Ол кісі балаларға арнап «Балалар дүниесі», «Мектепке шақыру», «Бүркіт пен мысық», «Бөтен тауық» атты балаларға арналған әңгімелер және «»Екі соқа», «Түлкі мен ешкі», « Жел мен күн» атты ертегілер жазған.
Ол не туралы жазды? Ол жануарлар, балалар, табиғат туралы жазды. Монитордан оның жазған кейбір кітаптарын көрсету.

Мәтінмен жұмыс
Бүгін біз Константин Димтриевич Ушинскидің «Төрт тілек» атты әңгімесімен танысамыз.
- Балалар, тілек дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің қандай арман, тілектерің бар?
Балаларға өз тілектерін айтқызамын.
- Жақсы, балалар, тілектерің өте тамаша екен. Тілектерің орындала берсін. Н. Назарбаев алғашқы президент күнінде сөйлеген сөзінде біздің тілегіміз бір, Отанымыз бір мен жастарға сенемін деген. Менде сендерге сенемін. Армандарың асқақтай берсін! Кітаппен жұмыс. Балалар бәріміз мәтінге қараймыз. Өзім мәтінді мәнерлеп оқимын. Сонан соң бірінші бөлімді «Қыс» тобы оқиды.
- Миитяға қыс мезгілі неліктен ұнады деп ойлайсыңдар?
- Ол қандай тілек айтты? (тауып оқыту)
- Ал сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
- Онда қыс мезгілі ұнайды деп белгі соғып қояйық.» Көктем» тобы
Мәтінді әрі қарай бір оқушыға оқытамын, сұрақтар қоямын.
- Митяға көктем несімен ұнады?
- Ол қандай тілек айтты? ( тауып оқыту)
- Ал сендерге көктем мезгілі ұнай ма?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 258
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
К. Д. Ушинский «Төрт тілек»
К. Д. Ушинский «Төрт тілек»
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №26 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Курмашева Айнагул Адиетовна
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 ЖОББМ» КММ мектебі/мекемесі «Балақай» тобының тәрбиешісі Жумашова Дариға Аскеновна
"Қыс" Абай Құнанбаев
"Қыс" Абай Құнанбаев
Сарымсақова Айгүл Жәнібекқызы Ақтөбе қаласы, № 24 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×