Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаратпа сөз

06 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Тақырыбы: Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: көрнекілік, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер, ойын құралдары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 - жаттығу Мәтінді көшіріп жазу. Қаратпа сөздерді табу, олардың қандай тыныс белгілермен ажыратылған? Абай Құнанбаев кім болған? Ережемен жұмыс оқу, талдау, есте сақтау.

ІІІ. Өткенді тексеру
Ой сергіту жаттығуы - " Бұл дұрыс па?"
" Нағашы, ет турап беріңізші! " сөйлемін талдаған кезде, Нағашы - бастауыш, турап беріңізші - баяндауыш, етті - тұрлаусыз мүше деп талдады Бауыржан. Ол бастауышты дұрыс тапты ма?
- Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Оған сұрақ қойылмайды.
Тірек сызбамен жұмыс. Мысал келтіру. Талдау.

ІҮ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.
Күн ретін жазу. Көркем жазу 7 - жаттығу сөйлемдерді мәнерлеп оқу, қаратпа сөздерді тауып, тиісті тыныс белгімен толықтыру. Көшіріп жазу. 1. - Түйе, қайда барасың? - дейді түлкі ("Балалар фольклоры"). 2. Кел балалар, келіңдер. Кереметті көріңдер! (С. Сейітов). 3. Жаңа жыл, Жаңа жыл! Не әкелдің, сен бізге? (Х. Ерғалиев). 4. Құлпыра берші, кең дала! Гүліңді күнде терейін (Ж. Саин). Анау тағаны балам, ала жүр (Ы. Алтынсарин).
- Неліктен үтір қойдың?
- Қаратпа сөз сөйлем мүшесі бола алмайды. Оған сұрақ қойылмайды. Қаратпа сөзді бастауыштан ажырата білу керек.
Білгішбектің айтқанын оқу, талдау, есте сақтау.
Шығармашылық диктант.
8 - жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді қаратпа сөзі бар сөйлемдерге айналдырып жазу:
- Серік, кітапханадан алған кітаптарыңды өткіз. - Ән шырқаңдар, балалар! - Жылқышы, аттарды айдап кет! - Айдос, үлкен кісіге орын бер!
9 - жаттығу Мәтінді түсініп оқу. Қаратпа сөздерді алып тастап, мәтінді оқуда не өзгеріс болғанын сұрау. Қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу, астын сызу.
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі:
- Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, деді.
- Қайда барамыз, көке? - деп, Кәкен кәдімгідей көңілденіп, қуанышын жасыра алмай қутыңдап қалды.
- Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.
- Баба деген кім ол көке?
- Бабаң - әкеңнің атасы, атаңның әкесі.
( Әбдібай Табылды)
"Мен не білдім"....
10 - жаттығу. Ата, туған өлкем сөздері бірде қаратпа сөз, екінші жағдайда бастауыш болатындай сөйлем құратып жаздыру.
Қаратпа сөз екенін дәлелдей білуге үйретуде төмендегі кестені пайдалану.

Топтық жұмыс.
Ой сергіту жаттығуы - " Естеріңде ме?"
1. Жамбылдың, І. Жансүгіровтың қай өлеңі сендердің назарларыңды аудару үшін, өздеріңнің атауларыңды білдіретін сөзбен басталатыны естеріңде ме?
2. Қарағым, жаным деген қаратпа сөздер И. Крыловтың қай мысалында кездесетін еді? Ол сөздер ненің неге айтқан сөзі еді?
3. Б. Майлиннің Әйт, шу... ала атым! Жау - жау жаңбыр, жау жаңбыр деген өлең жолдары неменеге қаратылып айтылған?

"Көршіңмен әңгімелес"
11 - жаттығу. Ертегіден үзіндіні оқу. Қай ертегіден екенін есіңе түсір. Қаратпа сөздерді табу, ертіегіні ары қарай жалғастыру.
Шығармашылық диктант.
12 - жаттығу. Көп нүктенің орнына қаратпа сөздерді қойып көшіріп жазу.
1. Әпке, мені көшеден өткізіп жіберші. 2. Терезені дұрыстап жапшы, Әсет. 3. Иә, балам, оқып жүрсің бе? 4. Көке, менің балам бабама кім болады?

Ү. Қорытындылау. Толықтыру тесті.
Өлеңнен қаратпа сөздерді тауып, оларды тыныс белгілермен толықтыр.
"Бесік жыры"
Әлди, әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Қуып ойдың жетегі,
Біліп ғылым тетігін,
Ғалым болар ма екенсің?
Еңбек етіп бар елге,
Өнеріңмен әлемге
Мәлім болар ма екенсің?
Көп қиыннан өтерсің,
Мақсатыңа жетерсің.
Ұйықтай қойшы бөпешім!
(" Бесік жыры" кітабынан)
ҮІ. Үйге тапсырма:

Атырау қаласы,
И. Тайманов атындағы №27 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Отаршиева К. А.
64 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады: Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір
Қаратпа сөздің мағынасын және қолданылу себебін түсіндіру, қаратпа сөздің басты белгісін таныту, сөйлемдегі орналасу ретіне қарай үтірмен қалай ажыратылатынын меңгерту;
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы түсіндіру, сауатты, көркем жазуға машықтандыру
Қаратпа сөз
Қаратпа сөз
Қаратпа сөздің мағынасын түсіндіру; каратпа сөзді дауыс ырғағы арқылы ерекшелеп айту керектігін үйрену; каратпа сөздің негізгі ойға байланысты екенін түсіндіру Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізе
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×