Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында пайдалану
Бүгінгі мектептегі оқып жатқан жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.
«Тәрбие – табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Халық тәрбиесі ғасырдан – ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Адамды адам еткен еңбек болса, ол еңбекті ұрпағына үйретіп, адами қасиетке баураған халық тәрбиесі.
Білім беру заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстанды сүюге халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу делінген. Сондықтан мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерінен сусындаған шәкірт тәрбиелеуі тиіс. Өйткені, білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана экономикалық дамуда әлемдік дамудың алдыңғы көшінде бола алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.

Қазақ ағартушысы М. Жұмабаевтың «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі қазіргі заманға сай еліміздегі ұлттық мектептің қалыптасуын меңзейді.
Елбасымыздың сөзімен айтқанда, «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Адам бойына біткен алуан қасиет, дарын туған топырақтан дариды. Туған жерге деген сүйіспеншілік пен мейірім кейінгі ұрпаққа ана сүтімен, бесік жырымен сіңірілген.
Халықтық педагогика элементтерін қолданудың маңыздылығы – білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әртүрлі қоғамдық ой - пікір, ұлттық құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет пен рухты сақтауға тәрбиелейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 179
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Халықтық педагогика негізінде білім беруді жүзеге асыру
Халықтық педагогика негізінде білім беруді жүзеге асыру
Халық педагогикасы - қазақ поэзиясының бөлінбес бір бөлшегі іспетті. Қанатты сөздер, мақал - мәтелдер, шешендік сөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Қазақтың ұлттық қолөнері
Қазақтың ұлттық қолөнері
ШҚО, Үржар ауданы, Қаратал орта мектебінде технология, бейнелеу өнері, сызу пәндерінің мұғалімі Жунусов Марат Садырбайұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында халықтық педагогиканы кеңінен қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында халықтық педагогиканы кеңінен қолдану
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халбаева Дариха Мүсәліқызы
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Халықтың мұрасы - физика сабағында
Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы Балжан Бөлтірікова атындағы № 4 орта мектептің физика пәні мұғалімі: Керімбаева Ләзат Амангелдіқызы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Халықтық педагогика – ұрпақ тәрбиесінің құралы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №13 орта мектеп гимназиясы ММ Дуйсенбекова Сулушаш Талпаққызы
Тәрбиеге менің көзқарасым
Тәрбиеге менің көзқарасым
Аққыстау орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Есенғалиева Гүлфара Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×