Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Имандылық – ізгіліктің негізі

03 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Имандылық – ізгіліктің негізі»
Мақсаты: А) Оқушыларға адалдық және имандылық туралы мәлімет беру.
Ә) рухани – адамгершілік тәрбие беру.
Б) үлкенді сыйлау, құрмет көрсету, сыйластық пен кішіпейілділік қасиеттерін үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі, қанатты сөздер.
1) Кіріспе бөлімі
2) Жыр - қоржын.
3) Хадистер.
4) Мұсылмандық қағидалар.
5) ТЫЙЫМ сөздер.
6) Қорытынды.

Психологиялық дайындық:
Сөз анасы – сәлем
Қайырлы күн баршаға,
Қызықты күн болсын!
Бүгінгі күн біздің
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Кіріспе: Мұғалім сөзі. Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз: «Имандылық – ізгіліктің негізі», осы тақырыпты алған себебім Абай атамыздың «Адам бойындағы болатын жақсы қасиеттердің барлығы мұсылман дінінен алуға болады. Шыны керек адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа, өтірік айтпауға, зорлық - зомбылыққа жасамауға, бірлік пен ынтымаққа, үлкендерді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеудің бірден - бір жолы – мұсылман дінін оқып білу, танысу» деген.
Жыр - қоржын.
Күн келеді көмектеспес жиғанын,
Ара түсер терген иманың.
Парыздарды жас кезінен өте де,
Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.
Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.
Міндеттерін орындаған мүміндер
Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.
Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.
Дін туралы айтар болсақ, осы орай,
Ислам діні құралған бес тіректен.

Ислам діні болғандықтан таза дін.
Шаршамастан, насихаттап жазамын.
Қияметте ең бірінші сұралар,
Жүрек нұры, рухы азығы - намазың.

Намазсыз жан екі өмірде қиналады,
Намазбенен жанға азық жиналады.
«Көздің нұры»,- деген Расул Мұхаммед,
Өйткені бұл - шүкірі көп ғибадат.

Отыз күнге ішіп - жеуден тыйылған.
Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған,
Бар үшінші тірегің, ол - ораза.
Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.

Байланысы адам менен Алланың,
Бейді Алла: «Тек мен үшін арнадың».
Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп
Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын.

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,
Ақыретте азап пенен қайғы - мұң.
Қияметте сол байлығың жылан боп,
Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

Алла алдында бір әкім де, бастық та,
Ұшыратпай өз - өзіңді қастыққа,
Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,
Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.

Қажылыққа қаржыларын қимаған,
Ақыретте көп сұрақты жинаған.
Ниеттің де шынайысы болса егер,
Оған сонда жәннатты Алла сыйлаған.

Хадистер.
1. Кездескенде кім бірінші болып сәлем берсе сол адам тәңір алдында да иманды адам. Иманның жақсысы сабырлы және кеңпейілді болу.
2. Адамдардың көбісі тілінен шыққан сөздерден тозаққа кіреді. Тілді таспен, одан қалса сыртындағы екі ерінмен тосуымыз керек.
3. Тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
4. Біреуге зиян келтірме, біреудің өзіңе залал келтіруіне жол берме. Мұның екеуі де исламда жоқ.

Мұсылмандық қағидалар:
Иманның басы – сенім,
Иманның тәні – намаз,
Иманның жүрегі – құран.
Иманның көрінісі – ықылас.
Иманның сөзі – Аллаға тілек
Иманның нұры – шындық.
Иманның дәмі – тазалық, пәктік
Иманның жемісі – ораза.
Иманның шипасы – ар, ұят
Сөз сөйлеу әдебі
1. Үлкен кісінің сөзін бөлме. Екі адам арасында әңгіме тасыма, бір - біріне шағыстырма.
2. Сыр сақтай біл. Әуелі амандаспай тұрып сөз бастама.
3. Дөрекі сөйлеме, тілді балағат сөздерге үйретпе. Біреудің көңіліне жара салма.
4. Сыпайы сөйле, өзің жақсы білмейтін жайтты сөз етпе.
5. Айтқан уәдеңде тұр, өтіріктен аулақ бол.

ТЫЙЫМ сөздер
1) Ұмытып кетпе
Есікті теппе.
2) Шаршасаң сәл аялда,
Бірақ та жер таянба.
3) Тарту төрт келместігі тақымына:
Мылтық, пышақ сыйлама жақыныңа.
4) Кеңеске салақ қарама:
Кір жайма түнде далаға.
5) Деме бәрін айтқызбай білем мен:
Төрге қарап отырма жүреңнен.
6) Ұлттық салттан бұлжыма
Жұма күні кір жума.
7) Түнде шық далаға,
Аспанға қара да.
Қызықта бірақ та,
Жұлдызды санама.
8) Ізет танытып, әдепті сақта да,
Жатқан кісінің үстінен аттама.

9) Көргенді жас, пәк бала!
Дастарханнан аттама!
10) Құр бекерден ермекке,
Бос бесікті тербетпе!
12) Құдайға сыйын жас бала!
«Құранды» жерге тастама!
13) «Өзім қумын»- деме:
Кісі ақысын жеме!

Имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Имандылықты кім қалай түсінеді?
Сабырлы болу
Мейірімді болу
Әдепті болу
Қамқоршы
Имандылық
Төзімділік
Шыншылдық
Отансүйгіштік
Арлы болу

Қорытынды:
Осы сабақтан қандай пайдалы ой түйдіңіз?
Түсінгенім.... иманды адам болу үшін сабырлы, сыпайы болу керек.
Түсінгенім.... ешқашан өтірік айтпау, біреудің ала жібін аттамау керек.
Түсінгенім.... дөрекі сөйлемеу, тілді балағат сөздерге үйретпеу керек.
Түсінгенім.... ата - ананы, ұстаздарды құрметтеу керек.
Ән: «Болайықшы осындай»

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қазтұрғанова Мейрамгүл
16 511
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Имандылық – инабаттылық бастауы
Имандылық – инабаттылық бастауы
Имандылық – инабаттылық бастауы. Адамның иманды болуы – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілері - өзі үшін емес, ел, қоғам үшін ѳмір сүру, уәдеде тұру, жақыныңа қол ұшын созу, барлық уақыт жақсылық жасау, ата - анаңа кѳмектесу, әрбір істе
Имандылық әліппесі
Имандылық әліппесі
Имандылық тәрбиесі өркениетті ел болуға ұмтылған бүгінгі қазақ елінің алдындағы ең өзекті, ең негізгі мәселе болып отыр. Ал жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту мұғалімдердің басты міндеті болмақ.
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі - бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір - қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез -
Имандылық жарасады ұл - қызға
Имандылық жарасады ұл - қызға
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М. С. Бабажанов атындағы ЖОББ мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кузергалиев Талап Калиллинұлы
Имандылық – ізгіліктің негізі
Имандылық – ізгіліктің негізі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пән мұғалімі Икенова Тілектес
Имандылық жүрекке ұяласа
Имандылық жүрекке ұяласа
Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижелер жиынтығы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×