Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Имандылық – инабаттылық бастауы

07 наурыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Имандылық – инабаттылық бастауы

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
І. Кіріспе: Психологиялық дайындық. Балалар, бүгінгі тәрбие сабағымызды бастамас бұрын «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені» демекші, «Сәлеметсіздер ме?» деп амандасып алайық. Тәрбиеші: Балалар, білесіңдер ме, таңертең тұрып, көзімізді ашып, терезеге қарасақ алдымен арайлап атқан таңды, күннің нұрын көреміз. Бүгін көңіл - күйіміз осы күн сияқты керемет. Бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да ерекше. Балалар, сабаққа жақсы көңіл - күймен келдік пе? Оқушылар жауап береді. Бүгінгі тақырыбымыз да ерекше, яғни «Имандылық – инабаттылық бастауы» деп аталады.
Тақырыпқа сай ой - қозғауға оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
1. Имандылық деген не?
2. Имандылыққа қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
3. Адамның асыл қасиеттерін атаңыз.
Оқушылардың ойын әрі қарай өзім толықтырамын. Адамның иманды болуы – оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілері - өзі үшін емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, уәдеде тұру, жақыныңа қол ұшын созу, барлық уақыт жақсылық жасау, ата - анаңа көмектесу, әрбір істе жауапты болу. Ұлы Абайдың «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың» деген сөзі бар. «Досыңа достық қарыз іс, досыңа адал бол». Ақылды, мейірімді адам, өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы Адам - ардақты адам. Арымыз таза болса, өткеніміз де таза. «Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деген Бауыржан Момышұлы.

Иман сөзі «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық адамгершіліктің биік мақсаттарын мінсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілігі жоқ адамды «имансыз» деп жек көреді. Балалар, қазақта мынандай тілек бар. Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлдарға иманды, жүректі болсын, қайырымды болсын.

Ой - қозғау.
- Балалар, сендер қандай кезде жақсы сөзді қолданасыңдар?
- Бір - біріңе қандай жақсы сөз айтасыңдар?
- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
Оқушылар жауап береді.

Негізгі бөлім. Топтық ойын.
1 – тапсырма. Адамда асыл қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Адамның әртүрлі әрекеттеріне байланысты жазылған сөздерді оқушылар «адамның асыл қасиеттері» және «адамның жағымсыз қасиеттері» деп тақтаға топтастырады. Олар имандылық, адалдық, әділдік, әдептілік, ізеттілік, жалқаулық, өзімшілдік, күншілдік, сараңдық, қорқақтық, менмендік, қатыгездік, ашу, ызақорлық, инабаттылық, қарапайымдылық, сыпайылық, жауапкершілік.
2 - тапсырма. Ұлы Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер? Ол қандай қасиеттер?
1 - топқа неден жирену керек. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал, шашпақ)
2 - топқа нені үйрену керек. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)
Тәрбиеші: Біз айтып жатырған имандылық осы қайсысына жатады?
Оқушылар жауап береді.
3 - тапсырма. Сенің бойыңда қандай қасиеттер бар? Оқушылар өз бойындағы қасиеттерді айта бастайды.
4 - тапсырма. Адамгершілікті, мәдениетті болу үшін не істеуіміз керек?
2 - топтағы оқушылар кезек - кезек жауап береді. Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айту керек. Байқаусызда біреуді қағып кетсең, «кешіріңіз» деу керек. Біреу сеннен жөн сұраса, сен оған сыпайы, дұрыс жауап беруің керек. Адамдардың ортасында отырғанды тыныштық сақтай білуді үйрен. Нәзік, биязы үнмен сөйлеуге дағдылан деп оқушылар жауап береді. Автобуста, қоғамдық орында егде кісілерді көргенде не істейсің? Үлкен адамдармен қалай сөйлесу керек? деген сияқты сұрақтар қойылады. Оқушылар жауап береді.

Қорытынды: Ойын - жаттығу.
Жоғарыда айтылған ойды бекіте түсу мақсатында «Досыңа жақсы сөз арна» атты ойын ұйымдастыралады. Оқушыларға түрлі гүлдің, жүрекшенің, көбелектің суреті таратылып беріледі. Олар оның екінші бетіне қатар отырған досына қуантатын сөз жазып, жария етеді және сыйға тартады. Ойын соңында балалар өз көңіл-күйлерін жеткізеді.

Тәрбиеші: Адамгершілік, имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті, иманды, жүрегі мейірімге толы бала болып өссең, есейе келе ата - анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі дей отырып, бір - біріңізге деген ықылас сезімдеріңіз, еш уақытта жойылмасын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.

Қаскелең қаласы облыстық зерде бұзылыстары бар
балаларға арналған мектеп - интернаты тәрбиешісі
Исмайлова Жадра Муратовна
9 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ар - ұят туралы
Ар - ұят туралы
Ар - ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар - ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті".
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі туралы
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі туралы
Балалар, суретте кімді көріп тұрсыңдар? Ыбырайдың қандай өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер? Оқушылар жауап береді. Бүгінгі сабағымыз қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріне арналады.
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Сыпайылық – адамгершілік айнасы
Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар - ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – ізгілік негізі
Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс - әрекеттерін белгілі - бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір - қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез -
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Ізгілік – адамгершіліктің белгісі
Т. Амандосов атындағы орта мектеп. Ұйымдастырған: Кайрова А
Имандылық туралы
Имандылық туралы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушы бойына тазалық пен әдепті сіңіру, эстетика - этика, психология мен имандылық, сенім мен төзім арқылы бала зердесіне ғибрат ету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×