Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылқы

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
“№122 жалпы орта мектебі”
Бастауыш сынып мұғалімі Жиенбаева Сауле
Ана тілі 4 сынып

Тақырыбы: Жылқы (слайд)
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Үй тапсырмасын сұрау “ 5 сұрақ стратегиясы “
Жұмбақ шешу
Қамыс құлақ, тоқсан тұяқ,
Мінсең - қанат, сүті - дәрі, еті - тамақ. (Жылқы)

Жылқы туралы не білеміз?
Тақ тұяқты
Сүтқоректі
Күйіс қайырмайды
Өт жоқ
Жеті қазынаның бірі
Ер қанаты

ІІ. Мағынаны тану
- Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» яғни бұл мәтінді кім жазған екен?
- С. Мұқанов туралы не білеміз?
С. Мұқанов ( 1900 - 1973) қазақтың аса көрнекті жазушысы. Ол Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында туған. Жастайынан ауыз әдебиетімен кең сусындап, өлең жырды жатқа айтып өскен. Сәбит өзіне ұлы Абайды ақылшы ұстаз тұтқан.

Оқулықпен жұмыс
Табиғат көрінісін беретін жолды, жылқының аналық мейірімі жөнінде айтылған тұсты оқу.
Қос туралы жазылған жолды, жылқының еті туралы жазылған жолды оқу.
Жылқының терісі жөнінде айтылған тұсты табу. Мақан жылқышының сөзін табу.

Сөздік жұмыс
Қос - уақытша баспана
Тебік - жылқы тұяқпен қарды ашып жайылатын жер
Борасын - қар аралас соққан жел

Сұрақ - жауап
Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?
Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таң қалдырған жайт болды ма?
Жылқының адамға қандай пайдасы бар? Пікіріңді дәлелде.
Еті - өте жоғары сапалы тамақ. Қазысының тағамдық та, емдік те қасиеті бар.
Қымызы - өте құнды, шипалы, табиғи сусын.
Терісінің иісіне жылан жоламайды және түрлі бұйымдар жасайды (торсық, саба – қымыз сапыратын).

Жылқы ежелден қазақ батырларының - Қанаты.
« Жылқы - ер қанаты» деп тегін айтылмаған. Жаугершілік заманда атқа мінген батырлар бір - бір атқа мініп ел қорғаған. Қазір де әскери қызметте таулы аймақта шекара күзетіне ат мінеді. Жылқы – киелі көк пырақ. Еліміздің Елтаңбасындағы Қос Тұлпар - осы киелі пырақтар.

Жылқы – киелі көк пырақ.
Көне түсініктерге қарағанда жылқы - киелі көк пырақ.
Ол пырақтарды ҚР Елтаңбасынан көруге болады.

Есіңде сақта!
Адам малдарды белгілі бір дыбыстау арқылы шақырады. Жылқыны шақырудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Құрау - құрау – биені сауатын кезде шақыру үшін айтылады.
Моһ - моһ - жылқыны ұстау үшін айтылады.
Тәк – тәк - жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұру үшін айтылады.
Тыр - р - тыр - р - жылқыны арба мен шанаға жеккенде тоқтату үшін айтылады.

Сергіту сәті «Қара жорға»

Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?
Көк, Жирен, Күрең, Боз, Торы
Жүйрік аттарды қалай атайды?
Сәйгүлік, Тұлпар, Саңлақ, Арғымақ
Жылқыға байланысты ұлттық ойындар қалай аталады?
Бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу

Еті - өте жоғары сапалы тамақ. Қазысының тағамдық та, емдік те қасиеті бар.
Қымызы - өте құнды, шипалы, табиғи сусын.
Терісінің иісіне жылан жоламайды және түрлі бұйымдар жасайды (торсық, саба – қымыз сапыратын).
ТВ Бинго
Бүгінгі сабақта танысқан жеті қазынаның бірі?
Жылқының пірі.
Жылқы қандай өнімдері үшін өсіріледі?
Жылқының сүті
Жылқының төлі.
Қобыландының жылқысы
Жылқыны кім бағады?
Жылқышының үйі?
Жылқының ерекшеліктері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 215
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы. Сәбит Мұқанов
Жылқы. Сәбит Мұқанов
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Көктөбе ауылы, №89 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Бейсенкул Аймурзаева
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Сәбит Мұқанов. Жылқы
Атырау облысы, Жылыой ауданы № 3 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Нұрған Зәмзәгүл Ахатқызы
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
"Жылқы" Сәбит Мұқанов
"Жылқы" Сәбит Мұқанов
Семей облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылының бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Гульсум Ермекбайқызы
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінен үзінді
С. Мұқановтың «Жылқы» әңгімесінен үзінді
Жылқы малының өзге малдан етінің күштілігі де бар. Жылқы еті мен сүті ем. Қыста етінің кереметтілігі қандай суық, үскірік болса да қатпайды. Қымызы өкпе ауруына мың да бір ем.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×