Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылқы. Сәбит Мұқанов

03 маусым 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ана тілі 4 - сынып
Сабақ тақырыбы: Жылқы. С. Мұқанов
Сілтеме: 4 - сынып Ана тілі оқулығы, интернет материалдары
Жалпы мақсаттар: Мәтінді түсініп оқуға баулу, оның мазмұнын ашу, жылқы туралы толық түсінік беріп, білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімді өздігінен алуға үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, өй – өрісін кеңейту, тілін дамыту, шығармашылық танымдық белсенділігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: Жылқы туралы түсінік. Жылқы малынан алынатын тағам түрлерінің пайдасын ұғыну. Мәтінді түсініп оқи отырып, есте сақтап, талдай білу. Оқушы бойына ұлттық сезім қалыптастыру.
Негізгі идеялар: Жылқы туралы ұғым. Жылқыдан алынатын өнімдердің құндылығы.
Тапсырмалар: 1. Өткенді пысықтау. («Ыстық орындық»)
2. Миға шабуыл («Таза тақта» ойыны)
3. Топтық тапсырма. (Біз жылқы туралы не білеміз?)
4. Жеке жұмыс. «Лездеме» (Конверттен бір сөзді бір
рет алу. Сөздің өзін атамай түсіндіру)
5. Тест

Мұғалімнің іс - әрекеті
3 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Шаттық шеңбері
- Балалар, қазір қай сабақ? Ана тілі сабағы.
- Ендеше, мына өлеңді бірге айтайық!
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
Балалар, бүгінгі біздің шаттық шеңберіміздің символы – күн болып табылады. Күн әрқашанда күлімдеп бізге жылу береді. Бүгін де күн анамыз бізге нұрын шашып тұр, бәріміз сол күн сәулесінен қуат алып, аптаның қасиетті жұма күні өткелі тұрған сабағымызға сәттілік тілеп, бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Күніміз шуақты болсын!
Көктем жылуын әкелсін!
Біліміміз толсын!
Бестік болсын бағамыз!
Жұлдыздай жарқырайық!
Бір - бірімізді көргенімізге, осы күнге қуанайық
Бәріміздің бірге екенімізді сезіну қандай тамаша!

Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

3 минут
б) Топқа бөліну: «Ой қозғау ойыны». Жасырылған топтың атын қима қағаздармен табуы тиіс. Қазақ тілі пәнімен байланыс.
Бағалау парағын беру.

3 минут
2. Өткенді пысықтау. Өз тілімізді құрметтеудің белгісі - оны жете меңгеру, қыр - сырын ұғу. Олай
болса, бүгінгі ана тіліне қалай дайындалып келдік?
«Ыстық орындық» арқылы өткен тапсырмаларды пысықтайық.
Бағалау. (Смайликтер)
3. Тосын сый. Үнтаспадан тыңдату.
а) Жылқыны құтқару. Ұяшық таңдау
1. Жылқының пірі? (Қамбар ата)
2. Ұлттық ойындар.(көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жарыс, қыз қуу)
3. Қандай Мемлекет рәмізінде жылқы бейнесі бар?
(Елтаңба)
4. Жеті қазынадағы төрт түліктің бірі.
5. Жылқы немен қоректенеді?
6. Жылқы бағатын адамды қалай атаймыз?

3 минут
б) ЖАЗУШЫМЕН ТАНЫСАЛЫҚ
- Міне, жылқымызды құтқарып алдық. Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз төрт түліктің бірі «Жылқы» жайында, яғни бұл мәтінді жазған С. Мұқанов екен.
- Бұл кісі кім? Кәне еске түсіріп өтейікші. С. Мұқановпен 3 - ші сыныптан бері таныспыз. Бұл кісінің 3 - ші сыныпта қандай әңгімелерімен таныстық?
- «Көкшенің көрінісі» және «Шыбынсыз жаз»
- Дұрыс айтасыңдар. Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900 -
1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы.
Сендерге жоғарғы сыныпта ана тілі пәнінің орнына әдебиет пәні болады. Сонда С. Мұқановтың «Өмір мектебі», «Ботагөз» романы, «Сұлушаш»- поэмасы, «Балуан шолақ» сияқты шығармаларымен толығырақ танысасыңдар. «Өмір мектебі» жазушының өзі жайында жазылған шығармасы. Бүгінгі біз өтетін «Жылқы» мәтіні сол үлкен еңбектің бір кішкентай бөлігі. Осы үзіндіден жылқының ерекше қасиеттерімен танысып, жылқы шаруашылығы жөнінде түсінік
аламыз.

15 минут
ІІІ. Мағынаны тану
Жылқы малы туралы не білеміз? Бейнебаян көрсету.
ІV. Топтық тапсырма. Ойлан - топтас - талкыла. Әр топ өзіне берілген « Жылқы» әңгімесіндегі жолдарды түсініп оқып, жоспар бойынша мәтінді мазмұнын ашып, әңгімелеп береді

1 - топ: Мәтін мазмұның мұқият түсініп оқып шығу. Табиғат көрінісін беретін жолдарды оқу және
суреттеу.
Жылқының аналық мейірімі айтылатын тұсты табу.
Қос деген не?
Жылқыны жасына қарай қалай атайды?
Жылқыдан алынатын дәмді тағамдар.
Халық сүйікті перзенттерін «құлыным», «құлыншағым» деп еркелетуі неліктен деп ойлайсың?

2 - топ: Мәтінді түсініп оқу. Жылқының адамға қандай пайдасы бар екеніне тоқталу.
Мақан жылқышының сөзін табу.
Жылқыны жүрісіне қарай қалай ажыратады?
Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір. Жылқы жайында айтылған мақал - мәтелдер.
Қазіргі елтаңбамызда жылқы бейнесінің болуы неліктен деп ойлайсың?

Әр топ өз бетінше топ болып ақылдасып, жылқы туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, оларды постерге бейнелейді.

2 минут
Бағалау. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»
Сергіту сәті: С. Сейфуллиннің әні: «Тау ішінде».

2 минут
V. Жеке жұмыс. «Лездеме». Конверттен бір сөзді бір рет алу.
Сөздің өзін атамай түсіндіру. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.

5 минут
VI. Бейнебаян

5 минут
VІІІ. Қорытынды:
Жылқы мен адам баласы тығыз байланыста. Ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі, мінсе – көлігі болған жылқы малының адам өмірінде маңызы зор.
Қазақ халқы ер баланың есею жолын ат жалын тартып мінді, ал дүниеге келуін – ат ұстар деп, атпен байланыстырып, бейнелеп айтқан. Бізде сабағымызды атың арымасын, тоның тозбасын деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.

2 минут
Бағалау. Оқушылар алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады. Сабақ барысындағы басқа тапсырмалар бойынша әр жұмыс бағаланып отырды.

2 минут
Үй тапсырмасы: Жылқы туралы шағын эссе жазу..
Рефлексия.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтадағы плакатқа жапсырады.
2 954
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;
Сәбит Мұқанов «Жылқы»
Сәбит Мұқанов «Жылқы»
Мәтінді түсініп оқуға баулу, оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімді өздігінен алуға үйрету. Оқушыларға жылқы малының пайдасын ұғындыра отырып, мәтінге талдау жасау. «Жеті қазынаның бірі» жылқы - ның ерекше
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі: Даулбаева Райхан Тажибаевна
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
«Жылқышы» әңгімесі Сәбит Мұқанов
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің жоғары санатты география-биология пәндері мұғалімі Жолдасбаева Алуаш Қонакбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×