Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаз келер. Шәкәрім Құдайбердіұлы

27 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Жаз келер» Ш. Құдайбердіұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңді мәнерлеп оқытып, жаз мезгілі жайлы толық мәлімет беру; автор жайлы қысқаша мәлімет беру.
Дамытушылық: ой - өрісін, шығармашылығын дамыту; жүйелі сөйлеуге, ойын нақты әрі түсінікті жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: табиғатты қорғап, елін, жерін сүюге, ынтымақтастыққа, сыйластыққа баулу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: саяхат сабақ
Технологиясы: ДСОТ
Әдіс тәсілдері: бақылау, байқау, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, баяндау, ой толғаныс
Көрнекіліктері: түрлі таратпа материалдары, сабақ тақырыбына сай слайд
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері

Мотивациялық - бағдарлау кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу.
• Сынып тазалығына мән беру.
• Оқушыларды түгендеу.
• Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.
• Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық
• Алдын - ала оқушыларға күн мен бұлт суреті бейнеленген таратпа материалдары беріледі.
• Балалардың көңіл күйін анықтау үшін көңіл күйі өте жақсы болса күнді көтеруін, ал егер жабырқаулы, көңіл күйі жоқ болса бұлтты көтеруін түсіндіреміз.
өте жақсы, көңілді, жабырқаулы, көңілсіз

Жабырқаулы, көңіл күйі жоқ оқушылар болатын болса, 3 қатардан 3 оқушы тұрып сол оқушыларға әдемі сөздер, лебіздерін айтады.
Мысалы: күндей күлімсіре, жаздай жадыра, аспандай ашық бол, жүрегің судай мөлдір, таза болсын т. б.

Мұғалімнің түйіндемесі:
- Ал балалар, енді бәріміз осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастап, білмегенімізді үйреніп, сабақта көптеген жетістіктерге жетейік. Сендерге сәттілік тілеймін!
Ду қол шапалақ!!!

1. Жаңа сабақ
• Күн ретін, тақырыпты жазу.
• Бір жылда неше мезгіл бар?

- Төрт мезгіл.
- Атауларын атау:
көктем, жаз, күз, қыс

Жұмбақ жасыру:
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
( жаз)

• Бүгінгі өтетін жаңа тақырып Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың «Жаз келер» өлеңі.
• Ш. Құдайбердіұлының өмірбаянымен таныстыру.

Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында туған. Ұлы Абайдан үлкен тәрбие алған. Өз бетінше білім қуып, білімдар болған кісі. Сонымен бірге қажылыққа барған.

• Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
• 2 оқушы дауыстап оқиды.
• Өлең мазмұнын талқылау.
• Сөздік жұмысын жүргізу.

• Сабақты бекіту
• Ал балалар, өлеңді оқыдық. Көз алдарыңа жаз мезгілін елестеттіңдерме? Олай болса бүгін біз жаз мезгіліне саяхат жасайтын боламыз.
- Алақай!!!
• Балалар саяхат барысында әр кедергіден өткен сайын мен сендерді бағалап отырамын.
Көк дөңгелек – өте жақсы
Қызыл шаршы - жақсы
Сары үшбұрыш – қанағаттанарлық

• Жүгімізді алдық, ал кеттік саяхатқа!
• Аспанға қараңдаршы балалар, күлімдеген күн көрінбейді ғой...
Күн көзін бұлттар жауып қалыпты.
Күннің қайтадан күлімсірегенін қалайсыңдар ма?
- Я, әрине, қалаймыз!
Олай болса I деңгейдегі 3 тапсырманы орындау арқылы күнге көмек берейік.

I деңгей
1Жазда табиғатта қандай өзгерістер болатынын жаз.
2. Жаз мезгілін көздеріңе елестетіп, төмендегі ассоцацияны толтыр.

3. Төмендегі адасқан сөздерден жаз мезгіліне қатысты тіркестер құрап жаз.
ЖАЗ
- Жайдарлы
- Сабақты
- Шуақты
- Бойыңды
- Бормен
- Көңілді
• Жарайсыңдар балалар! Барлық тапсырмадан сүрінбей өттіңдер! Күннің көзі ашылды, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

• Жазда жайқалып, жаздың сәнін келтіріп тұратын ол не балалар?
- Гүлдер
• Назар аударыңдаршы балалар, Қызылорда қаламыздың желі күшті болғаны соншалық мына гүліміздің күлтелерін ұшырып алып кетіпті. Гүлге көмек беремізбе?
- Я, әрине көмек береміз!
Онда II деңгейдегі 3 тапсырманы орындау арқылы гүл күлтелерін іздеп табайық.

II деңгей
1. Жаз мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер айт.

Мақал - мәтелдер:
Жаздың бір күні – қыстың мың күнін асырайды.
Қаз келсе, жаз келер. Қарға келсе, қатқақ келер.

Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей боз болмас.
Жаз сайға қонба, Қыс қырға қонба.

Басқа жаз туралы қандай өлең шумақтарын білесің? Оқып бер.
Өзің тұратын жердегі жаз мезгілінің суретін сал.

Бәрекелді балалар, бұл тапсырмадан да мүдірмей өттіңдер. Гүл күлтелерін таптық. Әрі қарай кеттік.

Не деген керемет!!!
Айнала толған жұпар аңқыған, жайқалған гүлдер. Гүлдерге ұшып - қонып жүрген ғажайып көбелектерді қараңдар!
Оларды ұстап көргілерің келеді ме?
- Алақай, я я я көргіміз келеді.

Жарайды балалар, бірақ алдымен III деңгейдегі тапсырмаларды орындап алайық. Тапсырманы жақсы орындасаңдар мен сендерге көбелектерді көрсетуге уәде беремін.
Сендер шаршамас үшін III деңгейге 2 тапсырма дайындадым.

III деңгей
1. Ақындық өнеріңді көрсетіп, өлеңді әдемі ұйқаспен жалғастыр.

Балақай - ау, балақай,
Жаз келеді - ау, алақай.
Жалаңаяқ жүреміз,
Балақты да түреміз.
Көлден балық сүземіз.
......................................
......................................

Мысалы:
Тау мен тасты кеземіз,
Сан қызықты көреміз.
Сайдан жидек тереміз,
Алтыбақан тебеміз.

2. «Жарқын жаз» тақырыбына шағын эссе жаз.
• Өте жақсы балалар, тапсырмадан қиналмай өттіңдер. Мен де сендерге уәде еткен көбелектерімді сыйлайын.
• Оқушыларға көбелек бейнесі салынған таратпа материалдары көрсетіледі.
ІІІ. Қорытынды – рефлекциялық кезең.
• Бағалау

Сабақ барысында жиналған таратпа материалдарын салыстырып, санап сол бойынша бағаланады.

Мұғалімнің түйіндемесі:
- Балалар, бүгінгі сабақ өте қызықты өтті деп ойлаймын. Білмегендеріңді біліп, білетіндеріңді көрсетіп қызу білім тартысы болды.

- Үй тапсырмасын беру
1.«Жаз келер» өлеңін жаттап келу.
2.«Жазғы демалыс» тақырыбына шығарма жазу.
4 698
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтер
Ғаламтор қызметтері тақырыбы бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Жаз келер
Жаз келер
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Өлеңді оқыту арқылы жаз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту, өлеңнің негізгі ойын ашу.
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×