Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - сөздің мәйегі

04 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Мақал - сөздің мәйегі».
Мақсаты:
а) қазақтың сөз маржаны мақал - мәтелді оқыту, орынды пайдалана білуді үйрету;
ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу;
б)«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» қағидасында тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі, нақыл сөздер, қосымша материалдар.

Сыныпта біздің тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Қызықты, әрі маңызды,
Сайысымызды бастаймыз. (психологиялық ахуал)

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен облыстық «Қызыға оқыту» атты әлеуметтік - педагогикалық жобаны іске асыру бойынша жоспарланған «Мақал - сөздің мәйегі» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз.
Мақал - мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал - мәтелді сендер мектепке келгелі бастап үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан - балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот бастайтын, өмірлік өшпес мұрасы. «Өнер - алды қызыл тіл», «Сөз көркі - мақал» деген аталы сөздер бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген ойынды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Мақал - мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың тілдері шешен, ақылы көркем бола түседі. Олай болса, сайысымызды бастайық!

Әділ - қазылар алқасымен таныстыру.
1.
2.
3.
Алдарыңызда екі топ отыр.
1 топ -
2 топ -
Топ басшылары: 1) Азамат
2) Айбар

1 бөлім. «Мақал - мәтелдер» сайысы. Кез - келген тақырыпта мақал - мәтелдер айтылады. Топ мүшелері толық қатысуы қажет. Мақал - мәтел қайталанбау керек. Әділқазылар есептеп отырыңыздар.
2 топ басшысына тапсырма 15 мақалдан айту керек.
2 бөлім. «Білімді болсаң биікке шығарсың». Мақалдар бойынша сұрақ қою, толық жауап беру керек. Әр топқа 6 мақал.
1) Өнерлі бала қандай? (сүйкімді)
2) Жасы келсе неге? (іске)
3) Өтірікші кімді алдайды? (өзін - өзі)
4) Ырыс алды не? (ынтымақ)
5) Өнерлінің қолы қандай,
Өлеңшінің сөзі қандай? (алтын)
6) Қорыққанға не көрінер (қос)

1) Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше? (аяққа)
2) Бейнет түбі не? (зейнет)
3) Ерді не өлтіреді? (намыс)
4) Ананың сүті қандай, баланың тілі қандай? (балдай)
5) Жақсы сөз қандай ырыс? (жарым)
6) Шыншыл адам қандай? (шырайлы)

3 бөлім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсіндіру.
1) Бармағын шайнап қалу - өкіну.
2) Ит өлген жер - алыс.
3) Жүрегі тас төбесіне шықты - қорықты.
4) Ат құлағында ойнайды - атқа жақсы отырады.
5) Төбесі көкке жетті - қуанды.
6) Қоян жүрек - қорқақ.
7) Беті бүлк етпейді - ұялмайды.
8) Салы суға кетті - ұнжырғасы түсіп кетті(көңіл күйі жоқ).
9) Ит тұмсығы өтпейді - қалың(ну).
10) Аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты - балағаттады(ұрысты)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 705
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал сайысы
Мың бір мақал сайысы
Оқырмандарды “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту.
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Мамлют санаторлық орта мектеп - интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Болат Үсенбаев  «Сөз мәйегі»
Болат Үсенбаев «Сөз мәйегі»
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Нуржанова Атлас Камбаровна
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×