Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мың бір мақал сайысы

27 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мың бір мақал сайысы
Мақсаты: Оқырмандарды “сөз мәйегі - мақал” дегендей ата – бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорың молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.
Көрнекілік: нақыл сөздер.

Барысы:
Кіріспе сөз:
- Құрметті оқырмандар, бүгін сендермен”Мың бір мақал” деген тақырыпта мақал - мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.
Мақал - мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,. өйткені мақал - мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіңдер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот баспайтын өмірлік өшпес мұрасы.
”Сөздің көркі - мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады.
Мақал - мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал - мәтел сайысымызды бастайық..
Сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырып өту.
Сыныпты 2 топқа бөлу.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1 бөлім. ”Жалғасын тап”.
Сөздің көркі - мақал (Жүздің көркі - сақал)
Өз елім... (өлең төсегім)
Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
Жақсы байқап сөйлер...(жаман кісі шайқап сөйлер)
Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
Оқу - білім бұлағы...(білім - өмір шырағы)
Тіл тас жарады...(Тас жармаса, бас жарады)
Ашу - дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
Тіліңмен жүгірме,..) Біліммен жүгір)
Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)
1 – бөлім бойынша қорытынды шығару.

2 бөлім. Үй тапсырмасы.
Алдын - ала дайындалып келген оқушылар, әр тақырып төңірегінде шағын мақалды әңгіме құрау керек. Қойылатын шарт әңгіменің ішінде мақал - мәтелдер болуы керек. 5 - 6 сөйлем.
1 тақырып: Отбасы - тәрбие бастауы.
2. тақырып: Отан - елдің анасы.
2 бөлім бойынша қорытынды шығару.

3 бөлім: “Кім тапқыр” деп аталады.
Тірек сөздермен мақал - мәтел құрастыру.
1. дос - теңге.
Жауабы: Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
2. Ақыл - кен
Жауабы: Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
3. Оқу - ине
Жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.
4. Еңбек - береке
Жауабы: Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.

4 - бөлім:”Ойлы болсаң, тауып көр”
Ойын. Сұрақ - жауап.
1. Білмеген не ішеді? ( у ішеді)
2. Жас келсе неге? (іске)
3. Өтірікші кімді алдайды?(өзін - өзі алдайды)
4. Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9, білмегенің 99)
5. Адамда арқау бола ма?(Ас адамның арқауы)
6. Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)
7. Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)
8. Көпке не шашпа?(топырақ)
9. Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)
10. Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)
11. Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)
12. Бейнет түбі не?(зейнет)
13. Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ), жол анасы не?(тұяқ).
14. Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)
15. Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)

Қорытынды.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім. Тіл - сарқылмас қазына., ата - бабамыздың көзі, мұрасы., ал мақал - сөздің азығы, тәрбие көзі.
3 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мың бір мақал жүз бір жұмбақ
Мақал – мәтелдер – ғасырлар шежіресі, онда халықтың ақыл – өнегесі көрініс тапқан. Мақал – мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Бастауыш сынып мұғалімі: Татаева Сауле
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Алға мектеп - бақшасы Нугманова Гаухар Тлеубаевна
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Екібастұз қаласы, №18 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×