Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болат Үсенбаев «Сөз мәйегі»

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Болат Үсенбаевтың «Сөз мәйегі» өлеңімен таныстыру
Білімділігі: Оқушыларға автор туралы мағлұмат беру, «Сөз мәйегі» өлеңінің мазмұнын меңгерту, мақал - мәтелдер туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, мәдениетті, сыпайы сөйлеуге, адамгершіліктің игі қасиеттеріне баулу
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра білу
қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, сөздік қорын
дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Қорытындылау
IV. Үйге тапсырма беру
V. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- Сәлеметсіздер ме, апайлар. Қазір 4 «Б» класында әдебиеттік оқу сабағы. Балалар, бір – біріміздің алақандарымызды түйістіріп, алақанның жылуын сезініп, жақсы сөздер, тілектер айтайық.
М: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Ендеше барлығымыз сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсетейік. Барлығыңызға сәттілік тілеймін. Бүгін бізде жаңа сабақ болғандықтан 3 тапсырма бойынша бағаланасыздар. Мақал - мәтелдер, өзіндік жұмыс, сұрақтармен - тапсырмалар бойынша бағаланасыздар. Осы «Сәттілік» сөзіндегі әріптерден басталатын қандай мақал - мәтел білесіздер?

С - сәлем сөздің анасы
Ә - әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала.
Т - талаптыға нұр жауар
Т - тірлік, тірлік түбі - бірлік
І - іздеген мұратына жетеді
Л - ләйлек келмей, жаз болмас
І - іңірде жатқан ырыссыз қалады.
К - көп сөз - күміс, аз сөз - алтын

ІІ. Жаңа сабақ
М: жарайсыңдар, балалар, олай болса, барлығыңызға сәттілік тілеймін. Балалар, бүгінгі сабақта Болат Үсенбаевтың «Сөз мәйегі» тақырыбындағы өлеңімен танысамыз.
(Болат Үсенбаевтың өмірі интерактивті тақтада көрсетіліп, түсіндіріледі.
М: Сөз мәйегі деген сөзді қалай түсінесіңдер?
О:
М: Мәйек деген сөз - 1) жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын ұйытқы, қорытқы. Ауыспалы мағынада: белгілі бір нәрсеге арқау боларлық зат, ұйытқы деген мағынаны білдіреді. Ал сөз мәйегі – сөздің ұйытқысы, құндылығы деген мағынада айтылып тұр. Бұрынғы кезде ата - бабамыз сөзге тоқтаған халық болған. Шешен, билердің өзің дауларды сөзбен шешкен. Сөздің қандай түрлерін білесіңдер?
«Сөз түрлері» топтастыру
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Оқушыларға оқыту
3. Сөздік жұмыс
4. Сұрақтармен жұмыс
5. Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс
Көркеуде - оқымаған, надан адам.
Сұрақтармен жұмыс
М: Мақал дегеніміз не?
О:
М: Мәтел дегеніміз не?
О:
М: Мақал - мәтел бізді неге үйретеді?

О:
М: Мақал - мәтелді неліктен «Аталы сөз» деп атайды?
О:
М: Мақал - мәтелді кім шығарады?
О:
Дәптермен жұмыс
М: Балалар, өлеңнің әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жаз.
Сөз ______________- жаманнан жиренткен
_________________ - өмір жайлы сыр шерткен
Мақал - мәтелдер - _________________________.
________________ - қалдырды бабамыз.
_________________ - өмірден туады.
Күн болып жаһанға - _______________________.
(Мақпал Жүнісованың «Бір ауыз сөз» әні қосылып тұрады.)

ІІІ. Қорытындылау
М: Балалар, қазір «Ұтымды жауап» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты: әр әріптен басталатын сөз құрау арқылы бүгінгі тақырыптың мағынасын ашатындай қорытындылау.
С Ө З М Ә Й Е Г І
IV. Үйге тапсырма беру
М: Үйге «Сөз мәйегі» мәнерлеп оқу, Б. Үсенбаев туралы қосымша мәлімет әкелу
V. Бағалау
М: Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
14 888
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарлары
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ №1. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық №2. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату № 3. Тақырыбы: Мектеп біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Мақал сөздің мәйегі
Мақал сөздің мәйегі
Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін, сүйе білуін арттыру. Балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу
Мақал - сөздің мәйегі
Мақал - сөздің мәйегі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, № 11 Балабақша тәрбиешісі Дайрабаева Гулшат Әмірханқызы
Мақал – сөздің мәйегі
Мақал – сөздің мәйегі
Мамлют санаторлық орта мектеп - интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×