Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

09 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
"Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Искакова Дамеля Борашевна

Ашық сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Сабақтың мақсаты: Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру;
Білімділігі: Адам денсаулығының қымбаттылығын түсіну, дәрумендер туралы білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып
денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту
Тәрбиелілігі: Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу
Сабақ түрі: жаңа сабақ, дәстүрлі емес
Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, мақал - мәтелдер,

САБАҚ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі /950 - 953/ 2 - 3 минут
Сәлеметсіздер! Дүниетану сабағына қош келдіңіздер!
- Балалар, қол ұстасып шеңбер құрайық. Қане, бір - бірімізге қарайық досыңның күлімдей қарағаны саған қуаныш әкелмей ме? Ендеше шат көңілмен өлеңімізді бастайық:
Біздің топта ұл - қыздар, Тату – тәтті ойнаймыз.
Сыйластықпен өмір сүріп, Тек жақсылық ойлаймыз.
Армысың Алтын Күн! Армысың көк аспан!
Армысың Достарым! Сендерді көріп қуанам!

ІI. Үй тапсырмасын тексеру /953 - 1005/ 10 - 12 минут
- Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
- «Қонақжайлылық» дегенді қалай түсінесің?
- Қазақ халқының «жылу жинау» дәстүрі туралы әңгімеле.
- «Адамгершілік» және «мейірбандық» дегенді қалай түсінесің?

Слайд: «Отбасы мүшелерінің міндеттері»

Қазақ халқы өте қонақжай, келген кісіні үйге шақырып дастарқан жайып, тағам ұсынады.

III. Жаңа сабақ «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» 1005 - 1030 /20 - 25 минут/
Ой қозғау: 1030 - 1033 /2 - 3 минут/
Дұрыс тамақтану - дегенді қалай түсінесіңдер?
Қандай тамақ түрлерін білесіңдер? Өзіңе қандай тамақ ұнайды?

ІV. Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Сен адамдар толық немесе жүдеу, дені сау немесе аурушаң болатынын байқаған боларсың. Оның бәрі тамақтануға байланысты. Дені сау болып өсуі үшін адамға қоректік заттар керек. Олар азық – түліктің әр түрінде болады. Біз жануар тектес азық түліктер - ет, балық, жұмыртқа, ірімшік, сары май жейміз, сүт ішеміз. Сонымен бірге нан, жарма, көкөніс, жеміс, қант, өсімдік майын, саңырауқұлақтарды пайдаланамыз. Бұлар - өсімдік тектес азық - түліктер. Адамға белгілі бір мөлшерде тамақ керек. Күніне 4 - 5 рет уақтылы тамақтану қажет. Сонымен бірге маңызды ережелерді есте сақтаған жөн
Асқазанды артық тамақпен ауырлатпа.
Тәттіні, тұзды және ащы тамақты көп жеме.
Дастарқан басында жақсы көңіл күймен отыр.
Маңайыңдағыларға астарының дәмді болуына тілек білдіруді ұмытпа. Ас дайындаған адамға алғысыңды білдір.

Жаңа сабақты қорытындылау.
- Ас дайындайтын адамды кім дейміз?
- Мектептегі ас дайындайтын адамдар кімдер?
- Ал үйде тамақты кім дайындайды?
- Өсімдік тектес азық - түлікті кім атап береді?
- Жануар тектес азық - түлікті кім атап береді?
Слайд: Өсімдік тектес және жануар тектес азық түлік
Видеофильм көрсету. «Дұрыс тамақтану туралы білу» /1 минут/

Тамақтанудың негізгі ережелері: Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері, оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиена ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз – ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай - ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді
1. Қыдырып келдің бе, Болдың ба сыныпта.
Тамақтану алдында, Қол жууды ұмытпа!
2. Әділ
Кештетпей уақыттан, Төрт рет тамақтан.
Жалқаулықты қуатын, Артады қуатың.
Осындай ереже, Түрлентер өмірді.
Тәрбие беріп ол, Көтерер көңілді.
3. Мадина:
Ояндың
4. Ақжігіт:
Сүт пен ірімшік, Қаймақ бар, айран бар.
Бұлармен дос болмай, Аласың қайдан нәр?
Сиырға алғыс айт, Ол саған осындай.
Сан түрлі ас берген, Ең жақын досыңдай!
5. Асар:
Табиғат сыйлаған, Жеміс пен көкөніс.
Бойына жинаған, Дәруін алып өс.
Ақыл мен көркімді, “Толтырды”- дегейсің.
Қарсы алып әр күнді, Сүйсініп жегейсің!
6. Жансар:
Ата - Ана, құрметті, Жек көрер кім етті?!
Мен өсіп келемін, Балық пен тауық бер,
Күніне бір мәрте, Бұларды тауып бер!
7. Еламан:
Ботқаны дайындар, Әр түрлі жармадан.
Диқандар дән егіп, Еңбегін арнаған.
Нан – тағам әл берер, Қуаттың қайнары.
Ер жетіп өсуге, Бұл тағам пайдалы!

8. Аружан:
Көп сусын ішесің, Күн ысып, жаз болса.
Пайдасы жоқ оның, Ішінде газ болса.
Шырын мен таза су, Асыңды қортады.
“Химия” қосылса, Асқазан “қорқады”.

Қосымша деректер:
Тамақтанудың ережесін есте сақтаған жөн. Аш адам бір жапырақ нан мен суды да қанағат тұтады. Бұл орайда оның тәбеті жоғары болады. Ал, ашқарақ адамға келсек, ол алдына келгеннің бәрін опыруға дайын. Мұндайда халықтық медицина ондай адамдарға белгілі кесте арқылы, тамақты қанағаттықпен тұтыну керектігін ұсынады.
Асқазан өз қажетін алды делік. Бірақ, тәбет басылмай тұр. Бұл тағамның дәмді әзірленгендінен де болады. «Өзі тойғанмен, көзі тоймай тұрғанын қараша» деген қызғаныш осыны білдірсе керек. Көптеген әдебиеттерде асқазан жартылай бос болуы керек деп жазылады. Бұл ас қорыту процесін жеңілдетеді. Екіншіден, тақыл – тақыл тағам қабылдауға мүмкіндік береді. Адамның тәбеті мен оның асқа деген құмартулығын арттырады дейді.

Сергіту сәті: «Бізбен бірге қайтала!»
Мұғалім сөзі: Жеміс пенен көкөніс
Нан, сүт, ет берер күн.
Витамин - тағам нәр берер
Оны жұрт бағалар.
Видеофильм – слайд көрсету «Дәрумендер сыры»

Дәрігерлермен кеңес:
Сұрақ:
1. Қандай дәрумендерді жиі қолданған дұрыс?
2. Қандай тамақ түрлерін жиі қолданған дұрыс?
3. Бой өсу үшін қандай витаминдер көп жеу керекпін?
4. Мен неге көп терлеймін?
5. Тіс ауырмау үшін не істеу керек?

Мақал - мәтелдермен жұмыс:
• Денсаулық - зор байлық.
• Тазалық - саулық негізі, саулық – байлық негізі.
• Тазалық бар жерде денсаулық бар.

Өзіндік жұмыс
Гүл күлтелеріне денсаулық құпияларын жазыңдар.

Үйге тапсырма
77 - 78 беттер оқуға.
“Денсаулық” туралы 3 мақал - мәтел жазып келу.
Қорытындылау.
50 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дұрыс тамақтана біл!
Дұрыс тамақтана біл!
Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау.
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота Байдилдаевна
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×