Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математикалық сайыс

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Целиноград ауданы, № 10 орта мектеп
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі:
Кусаинова Жанар Кайратовна

Математикалық сайыс
Мақсаты: оқушылардың білімдердің тексеру, математикадан алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, шырпы, фигуралар.
Түрі: жарыс – сайыс.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жарысқа 3 сынып қатысады. 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
1 - топ. 2 сынып «Бестіктер»
2 - топ. 3 сынып «Жұлдыздар»
3 - топ. 4 сынып «Тапқырлар»
Жарыс - сайыс сабақтың кезеңдері.

1 – кезең. Таныстыру. Әр топ өз аттарын қорғауы керек. Толық әрі нақты қорғаған топқа 5 ұпай, жартылай қорғаса 4 - 3 - 2 ұпайдан беруге болады.

2 - кезең. Мың бір мақал.
Құрамында сан есімдер мақалдар айтып жарысу.
• Бас екеу болмай мал екеу болмайды
• Піл күшті, піл күшті емес тіл күшті
• Бірлік болмай, тірлік болмас
• Бір тал кессең, он тал ек.

3- кезең. Ойлы болсаң тауып көр.
Әр топқа түрлі фигуралар беріледі, тапсырма жазылған?
1 топ. - Неше үшбұрыш бар?
Ш.( 20 үшбұрыш)
2 топ. - Неше шаршы бар?
Ш:( 30 шаршы)
3. топ.- Неше тіктөртбұрыш бар?
( 36 шаршы)

4- кезең. Ойлан тап
- Мына әріптерден математикаға байланысты сөздерді тап.
к ғ а і з в ц а ы ұ к ғ ң
з ф с ы р п у з н ө ө ү һ
у і ғ с ы р е а д қ б қ І
а й ы р м а ң й ы о е о ы
я п б ы в а н ғ ғ с й с Л
а ғ ө а й ы р ы м ы т ы ғ
б ө л і н г і ш г н к л Ы
ә й і й т қ ы ш ә д і ғ ш
н а н а з а й т қ ы ш ы В
Д ө д ө а й ы р ғ қ ғ ш ц
і а і й ю р ь м ы х ы щ қ

Шешуі: ( азайғыш, көбейткіш, қосылғыш, қосынды, бөлінгіш, бөлінді, азайғыш, айырма)
- Суретте сіріңке шиімен құрылған тор бейнеленген. Өзге шилерге тиіспей,
4 шиді алып тастағанда, 5 шаршы қалу керек.

5- кезең. Жүзден жүйрік
Әр топ капитандарына сұрақтар қойылады.
- Фигураның периметрін қалай табамыз?
- Шаршы дегеніміз не?
- Көбейту дегеніміз не?
- 1 м - де қанша см бар?
- 1 сағатта қанша минут бар?
- 1 жылда қанша күн бар?
- Алынған бірнеше заттың құны қалай табамыз? (заттың бағасын оның санына көбейтуіміз керек)
- Бұрыш түрлерін атаңдар?
- 1 т қанша кг бар?
- Сұйық заттың өлшем бірлігі?
- 1 тәулікте қанша сағат бар?
- 1 км қанша метр бар?

6 кезең. Суретшілер.
Мына фигураларды пайдаланып (төртұрыш, үшбұрыш, шеңбер, т.б.)
1 топ. Адам
2 топ. Үй
3 топ. Машина құрастыру

Әр фигураға 1 ұпайдан беріледі.
Қорытынды және марапаттау кезеңі
Оқушылар, болашақта бұдан да жоғары сайыстарда өз білімдердің көрсетеді деп сенемін. Өйткені жарқын келешектің тізгіні сендердің қолдарыңда екені даусыз. Сонымен Зияткерлік олимпиада атты сайысымызды аяқтаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
25 018
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты сағат
Қызықты сағат
Оқушылардың математикадан алған білімдерін нығайту, тереңдету, кеңейту, қолдана алу; Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін, ой - өрісін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру.
Математикалық сайыс
Математикалық сайыс
ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Темиргалиева Фарида Турсунгалиевна
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Тапқыр болсаң, тауып көр
Тапқыр болсаң, тауып көр
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Максимова Сафия Мунировна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×