Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

18 мам 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі туралы таныстыру. 17 - ғасырдың бас кезінде басталып, 18 - ғасырдың ортасына дейін, 150 жылға жуық созылған Жоңғар феодалдарының қазақ еліне жасаған шабуылы мен соғыс зардаптары туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын
арттыру.
Тәрбиелік: Отанымызды сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу. Татулыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Карта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
ІІІ. Тақырыптық байланыс:
Ой қозғау: Кітаптан мәтін оқу арқылы
Картамен жұмыс
ІҮ. Жаңа сабақ: Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Жоспар бойынша тақырыпты әңгімелеу
Қазақ елінің сыртқы жағдайы
Жоңғарларға сипаттама
Соғыстың ережесі
Шапқыншылық кезіндегі қазақ халқының жағдайы
Бірлік бар жерде, тірлік бар

Қазақ елінің сыртқы жағдайы
Бұдан үш жүз жылдай бұрын Қазақ елінің сыртқы жағдайы ауыр болды. Өйткені оның көршілері күшті мемлекеттер еді. Олар қолайлы сәттерді күтіп, қазақ жерлеріне көз алартуын қоймады. Қазақ елінің батысында патшалы Ресей, шығысында Қытай, оңтүстігінде Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары, қазақ елінің байлығына қызықса, әсіресе жапсарлас жатқан Жоңғар хандығы қазақ жеріне жиі - жиі соғыс ашып отырды. Жоңғар хандығы 1635 жылы құрылды, мемлекет нығайғасын көршілес жатқан елдерге жиі - жиі соғыс ашып, елдің берекесін алып отырды.,

Жоңғарларға сипаттама
17 - ғасырдың бас кезінде басталып, 18 - ғасырдың ортасына дейін, 150 жылға жуық созылған соғыс ауыр зардаптар әкелді. Қазақтың жігіттерін құл, қыздарын күң қылып, халықты құлдықта ұстағысы келді. Жоңғарлар бұрынғы сойыл ұстаған жабайы, тағы әскер емес еді.
Әскер санын Еуропа тәртібімен құрған, соғыс тәсілін еуропаша жүргізе алатын еді. Оның үстіне білте мылтығы болды. Оған жоңғар жауынгерлерінің ғасырлар бойғы ұрыс - соғыс тәжірибесін, төзімділігін, жанкештілігін қоссақ қандай күшке айналады. Жоңғар әскерін күшейтуге тұтқынға түскен швед әскері Ренат өз үлесін қосты, ол Жоңғарларға зеңбірек жасауды үйретті және әскерді соғыстың жаңа тәсілдерімен таныстырды.

2) Видеоролик көрсету

Соғыстың ережесі
Соғыстың басталуымен барысында да дәстүрдегідей алдымен жекпе - жек, сонан кейін жаппай араласа ұрыс жиі ұшырасты. Жекпе - жектің өзіндік қалыптасқан қағидалары болды. Егер әскер басқарушы хан ұрыс алдында алға шығып, жекпе - жек сайыс сұраса, онымен айқасқа міндетті түрде қарсы жақтың ханы шығуы керек. Сол секілді, сұлтанға сұлтан, қолбасшыға - қолбасшы, бас батырға – бас батыр шығады. Ұрыс болардан бұрын қолбасылар жекелеген әскер құрамаларынан бірнеше батырды жекпе - жекке дайындайды. Әдетте жекпе - жек айқасқа шығуға сұранушылар көп болады. Мұндайда әскер басқарушылар қалыптасқан қағидаларды сақтай отырып, соғыс тактикасына сай әрекет етеді. Кейде жекпе - жек бірнеше күнге созылады. Жеңген батыр жеңілген жақтан келесі сайыскердің шығуын күтіп, ортадағы алаңда тұрады. (Батырлардың атын атап өту)

Шапқыншылық кезіндегі қазақ халқының жағдайы
Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романында жоңғарлардың кезекті шабуылын былай суреттейді: «Кей жерлерде қарсылық көрсеткен ауылдар болса, жоңғар жағы қазақтың ер адамдарын қойдай бауыздап, әйел - қыздарын байлап, матап, күңдікке айдайды. Сұлу қыз - келіншектерді шаштарынан матастыра топтап, батырлары әйелдікке алды, найза ұстауға жарайтын жігіттерін қойдай бауыздады, кәрі – құртаң, шал - кемпірлерді айдалаға айдап тастады. Жас балаларды «Түбі бұлар да бізге жау болады» деп найзаларының басына іліп алып, әке - шешелеріне көрсетіп, қарқ - қарқ күлді. Қазақ жері енді жазықсыз жылаған жұрттың көз жасымен дымқылданды.»
Міне сондай шапқыншылықтың зардабынан 1723 жылы қазақтар өзінің туған жерін, елін тастап, Сыр өңіріне қарай халық ағыла көшеді. Онсыз да аш - жалаңаш халық жол бойы өлгендерінің өлігі көмілмей, ит пен құсқа жем болды. Қазақ тарихында бұл «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған, қайғысына жер жүзіндегі бірде - бір әуен тең келмес атақты ән «Елім - ай» дүниеге келді.

Бірлік бар жерде, тірлік бар
Осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. «Дауға барсаң бірің бар, жауға барсаң бәрің бар»деген мәтел осы тұста шықса керек. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырылып сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Тәуке ханнан соң Абылай ханның тұсында үш жүздің басын қосып, елді біріктіріп, жоңғарларға қарсы тойтарыс беріп отырады. Сөйтіп жоңғарлардың сағын сындырады. 1757 жылы Цин империясы (қытайлықтар) Жоңғарларды талқандап, біржолата жойып жіберді. Қазір Жоңғар деген ел жоқ.

Ү. Сергіту сәті:
ҮІ. Оқулықпен жұмыс: Оқушыларға мәтінді мәнерлеп, тізбектей оқыту
ҮІІ. Оқушылар түсінгенін әңгімелейді.

ҮІІІ. Топтық жұмыс:
І топ: Төле бидің ауылы, ІІ топ: Қазыбек бидің ауылы, ІІІ топ: Әйтеке бидің ауылы

І топ: Жоңғар шапқыншылығын талқандаған қазақ батырларының атын ата.
ІІ топ: Соғыста қолданылған қарулардың атын ата.
ІІІ топ: Ребусты шешу
- Ребустан қандай сөз шықты?
- Отан соғысы (оқушының жауабы)
Қазақ халқының жоңғарлармен болған соғысы Отан соғысы деп аталды. Өйткені қазақ халқы туған жері, туған елі, Отаны үшін күресті.
- Ал, Ұлы Отан соғысы деп естіп жатамыз? Бұған қалай түсінесіңдер?
- Бұл соғыс Кеңестер Одағы мен Неміс фашизмі арасындағы 1941 - 1945жылдарда болған соғысты айтамыз. Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығын тойлаймыз.(оқушының жауабы)

ІХ. Бекіту: Сұрақ – жауап
Қазақ елінің сыртқы жағдайы қалай болды?
Жоңғарларға сипаттама бер.
Соғыстың ережесін ата.
Шапқыншылық кезіндегі қазақ халқының жағдайы қандай болды?
Қазақтардың жоңғар басқыншыларымен соғысы туралы оқыған кітабың, көрген кинофильмің болса, солар туралы әсеріңді ортаға сал.
Картадан мәтінде аталған жер, су, тауларды тап.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Мәтінді мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
5 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
XVIII ғасырдың бас кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, осы кезеңдегі Ресей мен Қазақ хандығы мүдделерінің жақындасу себептерін түсіндіру;
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі. Оқытушы: Айтбекова Алия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×