Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнектерді салыстыру

08 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән мұғалімі: Сагинбаева Жанар

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді салыстыру.
Мақсаты: өрнектерді салыстыру, құрастыру дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлауларын дамыту.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Білім, білік, дағдыларын жетілдіру жұмысы алдыңғы сабаққа ұқсас жүргізіледі. Жаңа материалды қабылдауға дайындау үшін алдыңғы сабақта жүргізілген «Отыр - тұр» ойынын қайталауға болады.

Жаңа материалмен таныстыру.
Жаңа сабақпен таныстыру жұмысын тақтада көрсету арқылы бастаған жөн. Мұғалім жинақ полотносына 4 шаршы мен 2 дөңгелекті қояды және теңсіздік құрастыруды сұрайды. Содан кейін 1 шаршыны алып тастайды, балалар бұл амалды бейнелеп көрсететін өрнекті құрастырады (4 - 1) және шаршының санын дөңгелектің санымен салыстырады.
Содан кейін оқушылар №1 және 2тапсырмаларды мұғалімнің жетекшілігімен
тақтада орындайды.№1флипчартты пайдалану.

Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырмада алдымен сурет бойынша өрнектер құрастырылады. Оларды тақтаға немесе дәптердегі суреттің астындағы арнайы берілген торкөздерге жазған дұрыс. Суретке сәйкес өрнектерді міндетті түрде оқу керек. Енді балаларға оларды салыстыру ұсынылады. Екі тәсілмен салыстыруға болады: 1) алдымен өрнектің мәнін тауып (жоғары жағына жазып қоюға да болады), содан кейін оларды салыстыру; 2) өрнектерге салыстыру жұмысын жүргізу (сол жақ бөлігінде 2 - ге 1 - ді қостық, оң жақ бөлігінде 2 - ге 2 - ні қостық, демек сол жақтағы өрнек кем).
№2 тапсырма жазу дағдыларын жетілдіруге арналған.

№3 тапсырма өрнектерді салыстыра алуды үйретуге арналған. Дәптерге жазбас бұрын сурет бойынша талдау жұмысы жүргізіліп, өрнек пен өрнекті салыстыру тәсілі түсіндіріледі, алдымен өрнектердің мәнін есептеп алу керек екеніне көздерін жеткізеді.№2 флипчартты пайдалану.
Оқулықтағы №3 тапсырма дәптерге орындалады. Жазулар балаларға бұл қиын тапсырманы орындау жеңілірек болу үшін дәптерде дайындалып берілген. Мұғалім өз талдауларын дауыстап айтуды сұрайды. Мысалы: 3 көк ұшақ және 1 сары ұшақ бейнеленген. «1 + 3» өрнегін жазуға болады. Оң жақта 1 сары және 3 қызыл тікұшақ бейнеленген. «3 + 1» өрнегі жазылады. Ұшақтар мен тікұшақтардың саны тең. «=» таңбасын қоямыз. Теңдік пайда болды.

Өтілген материалды бекіту.
№4 - дәптерде өз беттерінше орындауға арналған тапсырма. Осы тапсырма арқылы оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендіктері анықталады, білімдері бекітіледі. Балалар мысалдарды дәптерге өздері көшіріп жазуды үйренеді.
«Менің орным қайда?» дидактикалық ойыны арқылы сабақ қорытындыланады.
10 684
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағды­ларын­ дамыту, сын
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану
Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу, салыстыру, олардың мәндерін табу біліктігін қалыптастыру; көбейту мен бөлу амалдарына байланысты есеп шығаруын біліктігін жетілдіру; талдай және салыстыра білу қабілетін дамыту.
Санды өрнектерді салыстыру
Санды өрнектерді салыстыру
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау­ дағдысын дамыту.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×