Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бекзат

14 маусым 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Оразова Гүлшат Базархановна

Тақырыбы: БЕКЗАТ

Мақсаты:
Білімділігі: Сидней олимпиадасында бүкіл қазақ халқының мәртебесін көтеріп, жеңіске жеткен Б. Саттарханов жайында баяндалған мәтін мазмұнымен таныстыру, Бекзат туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлауын, тіл байлығын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, елінің абыройын асқақтатар азамат ретінде ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту элементтері, топтастыру, ой қозғау
Көрнекілігі: Б. Саттарханов өмірінен слайдтар, сөзжұмбақ, семантикалық карта
Түрі: Дәстүрлі жаңа сабақ.

Барысы: I. Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Психологиялық дайындық
Бес болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Спортпенен достасып,
Біз чемпион боламыз!

Сабақтағы мақсатымыз:
Еңбектену, еңбектену,
4 пен 5 - ке қол жеткізу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Мәтін кім туралы?
2. Тоқтар кім?
3. Ол қандай ерлік көрсетті?
4. Сынақшы - ұшқыш пен ғарышкер - ұшқыштың айырмашылығы.
5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
6. Осы бөлім қалай аталады?

- Мәтіннен Тоқтарға айтылған мадақ сөздерді тауып оқы.
- Осындай сөздерді тағы кімдерге қатысты айтуға болады?

II. Операциялық - орындаушылық кезең.

- Үй тапсырмасына байланысты білімімізді қорытып, мына сөзжұмбақты шешсек, тағы бір ардақты азаматтың атын табамыз.

3 - слайд. Сөзжұмбақ
1. Ғарышкерлер мекені.
2. Алғашқы рекорд жасаған адамның аты кіретін кітап.
3. Еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғарғы жетістік.
4. Ғарыш кемесі.
5. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер.
6. Гиннесс кітабына кірген қазақ.

4 - слайд. Бекзат суреті.
- Бекзат кім?
- Олай болса, бүгін біз 18 жасында ″Халықаралық дәрежедегі спорт шебері″ деген жоғары атақты иеленген Б. Саттарханов туралы оқимыз. Сабақ барысында белсенді қатысып, өз білімдерін көрсете білген балалар мына секілді алтын және күміс медальдармен марапатталады.

5 - слайд. Қазақстан Республикасының картасы.
- Б. Саттарханов 1980 жылы 4 сәуір күні Түркістан қаласында дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Жанұядағы төрт ұлдың ең кішісі. Әлжуаз, мінезі жұмсақ, жаны нәзік Бекзатты ағалары алғашында ″ең болмағанда өзіңді өзің қорғайсың деп, күреске бейімдеуге тырысады. Бірақ Бекзат біраз уақыттан кейін боксқа ауысады.

6, 7, 8, 9 - слайдтар. Отбасы, балалық шағы, бапкері, олимпиада эмблемасы.
- 15 жасынан былғары қолғап киген Бекзат алғашқы жүлдесі «Түркістан – 95» кубогін алғанда боксқа қатыса бастағанына небәрі екі - ақ ай болған еді. Осыдан кейін - ақ республика көлеміндегі, халықаралық дәрежедегі көптеген турнирлерде өзінің тума талант екенін сан мәрте дәлелдеді. Австралияның Сидней қаласында өткен олимпиадада қазақтың мәртебесін биіктетіп, көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатқан Бекзат алтын медальді жеңіп алып, ұлтымыздың мақтанышына айналуы да – соның айғағы.

10 - слайд. Автор туралы мағлұмат
11 - слайд. Қ. Рысбекұлының «Бекзат» кітабы
12 - 17слайдтар. Сиднейде.
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Сөздік жұмысы (түртіп алу)

Баһадүр – батыр.
Рикардо Хуарес – американдық боксшы.
Рамазан Пашани – түрік боксшысы.
3. Мәтінмен жұмыс.
а) Мәтінде кім туралы әңгімеленеді?
ә) Ол кім?
б) Бекзаттың қарсыласының осал еместігі туралы не айтылған?
Тауып оқы.
в) Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.
г) Мәтіннің соңғы азат жолын тауып оқы.
Сергіту сәті(қимылымен)
Жан дәруі – сергектік,
Спортпенен ержеттік.
Көтеремін таңертең,
Сом темірді ермек қып.
Ойын ойнап не түрлі,
Күшіме күш қосылды.
Білем, білем білегім,
Бұлшық етім жетілді.

Кішкентай жазушылар.
Бекзаттың ерлігі, өзі шұғылданатын спорт түрі туралы ойын жазу.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау.

III. Рефлексиялық - бағалау кезең.

- Бекзаттың жеңіске жетуіне не себеп болды?
- «Ер есімі – ел есінде» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?
18 - слайд.
- Бекзат кім? Топтастыру.
Семантикалық картамен жұмыс.
- Біз қандай бөлім оқып жатырмыз?
- Енді осы бөлім бойынша мына сұрақтарға жауап берейік.

Толық нұсқасын жүктеу
12 012
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Құмырсқа мен бидай дәні
Құмырсқа мен бидай дәні
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Мақсатымыз білім алу, Міндетіміз еңбектену, Қолды беске жеткізу.
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Қ. Рысбекұлы
Бекзат Саттарханов – қазақ боксшысы. Ол 20 жасында бокстан Олимпиада чемпионы атанды.
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Сабақ: Бекзат Саттарханов - олимпиада чемпионы
Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л.М.
Ауызша қосу, азайту
Ауызша қосу, азайту
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оразова Гүлшат Базархановна
Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Сабақтың атауы: Қ. Рысбекұлы. Бекзат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×