Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

05 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Үржар ауданы, Қызылту ауылы,
"Кішкенетау орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Мансия Ораловна

Математика 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту. (4 + 4; 8 - 4)
Сабақтың мақсаты:
1. 4 санын қосу және азайту жайында түсінік беру, жаттықтыру.
Оқушылардың математикалық ойлауын дәлелдеу. Қосындының және айырманың мәндерін тапқанда 4 + 4 жағдайын қолдау білігін тиянақтау.
2. Есептеу дағдысын дамыту.
3. Ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: натурал сандар қатары.
Оқыту әдісі: түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру. Көңіл күй ахуалы. Ынталандыру. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Білімді еске түсіру.
Кел, ойнайық! «Балықтарды аквариумға орналастыр»
№ 4 дұрыстығын тексеру.
«Кім жылдам?»
Сандардың құрамын тиянақтаумен байланысты ауызша есептеу (қалдырып кеткен сандарды қой, үйлерге орналастыр, гүл жапырақшаларын боя және т. б)
1) Жағдаят сипатталған, шарты, сұрағы, шешуі және жауабы болатын мәтін қалай аталады? (Есеп).
2) 3 - ті 1 – ге кеміт.
3) 6 шығу үшін 5 – ке нешені қосу керек?
4) өрнектегі * орнына қандай белгі қою керек; 5 + 3 * 8?
4 санының құрамын қайталау.

ІҮ Жаңа сабақ:
1) 4 - ті қосу үшін 3 сан аттап қосу керек екені туралы түсінік беру.
4+4=8
5+4=9
6+4=10
8 - 4=4
9 - 4=5
10 - 4=6

3. Шешілетін мәселе қою.
Бүгін біз мысалдар мен есептер шығарамыз. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен танысамыз, өзіміз үйренеміз және бір – бірімізді үйретеміз. Бірінші қорапта 2 доп және 2 қуыршақ бар. Екінші қорапта 3 қуыршақ және 1 доп бар. Осы материалды пайдаланып, қандай өрнектер құруға болады?
Тақтада 4 = 2 + 2 және 4 = 3 + 1 жазуы орындалады.
Осыған ұқсас 4 – 2; 4 – 3; 4 – 1 өрнектерін құру керек болатын тапсырмалар қарастырылады.
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Осы тапсырмаларды орындағанда алдыңғы сабақтарда 3 санын қосу және азайту тәсілдері туралы алған білімдерін жаңа жағдайға тасымалдауды іске асырады. Балалар доминосының және сандардың қатарының көмегімен есептеу тәсілдерін негіздеп береді.
№3 тапсырма. Берілген ұзындығы бойынша кесінді сызудың практикалық білігін тиянақтайды.
№5 тапсырма. Жұптасып жұмыс жасау. Орындап болғаннан кейін тексеру жүргізіледі.
СТ. Батпырауыққа кім бұрын жетсе, сол оны иеленеді. Жұптасып жұмыс жасау. Жарысады. Бірін – бірі бақылайды. Ойын ережесін сақтайды.
Дәптермен жұмыс.
Цифрларды жазу дағдысына машықтанады.
№2 тапсырма. Балалар доминосын және сандардың қатарын пайдаланып, 4 санын қосуды және азайтуды орындайды. Қосу мен азайтудың 4 + 4 жағдайына машықтанады.
№4 тапсырма. Берілген ұзындығы бойынша кесінді сызудың практикалық білігін тиянақтайды.
Қызыл және көк кесінділердің ұзындығының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.
№5 тапсырма. Есептің шешуі жазылады.
Өрік - 3 түп.
Шие - 4 түп
3+4=7

Жауабы: 7 түп ағаш.
Шығармашылық тапсырманы орындату

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Біз не істеуді үйрендік?
4 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру. Кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын, ойын арқылы логикалық ой - өрісін дамыту.
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 412+279 және 691 - 279 түріндегі жазбаша қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, Амангелді селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Башиева Ақерке Шамилқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×