Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты математика

26 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы,
№240 Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Абдуллаева Оралсын Кемелханқызы

Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың сабақта алған білімдерін жүйелеу, пысықтау. Өзін-өзі бақылауға, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, өзіндік іс - әрекетін, танымын дамыту. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қазақстанның болашағына деген сенімін және білімнің әрқашан қымбат екенін түсіне білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап
Түрі: зергерлік сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Барысы
І. Кіріспе
Жүргізуші:
Математика керек әр күнге,
Математика керек әркімге.
Есеп қажет өмірде,
Есепсіз білім білім бе?!
- Сәлеметсіздер ме, ұстаздар және 2 - сынып оқушылары! «Қызықты математика» зергерлік сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа 2 сынып оқушылары үш топқа бөлініп қатысып отыр. Ең көп ұпай жинаған бір топ сайыс жеңімпазы атанады.

1. Сайысқа қатысатын топтар:
1 - топ: Дарын тобы
2 - топ: Жалын тобы
3 - топ: Сұңқар тобы
2. Сайыс шарттары:
1 – айналым «Бәйге»
Бәйге айналымында әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Егер қойылған 5 сұраққа да дұрыс жауап берсе 5 бұрыш, 4 сұраққа жауап берсе 4 бұрыш, 3 сұраққа жауап берсе 3 бұрыш беріледі.
2 – айналым «Көкпар».
Көкпар айналымында әр топқа екі үй беріледі. Үйдің әйнектерінде уақыт өлшеміне, массаға байланысты тапсырмалар берілген. Енді әр топ оқушылары үйдің әйнектерін толықтыру үшін тапсырмаларды дұрыс орындауы қажет.
Әр үйдің дұрыс орнатылған әйнегіне 1 ұпай беріледі.
3 – айналым «Жорға».
Логикалық қызықты есептер беріледі. Есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек. Әр топқа есептер беріледі
Ханталапай ойыны

ІІ. Негізгі бөлім
1 – айналым «Бәйге»
Бәйге айналымында әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Егер қойылған 5 сұраққа да дұрыс жауап берсе 5 бұрыш, 4 сұраққа жауап берсе 4 бұрыш, 3 сұраққа жауап берсе 3 бұрыш беріледі.
1 - топ: Дарын тобы
1. 1 дм - де неше см бар? (10 см)
2. 100 см - де неше м бар? (1 м)
3. Уақыт және оның бірліктерін ата? ( секунд, минут, сағат, тәулік, жыл, ғасыр)
4. 1 сағ. + 18 мин. Дегеніміз неше минутқа тең? (78 минут)
5. 1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)

2 - топ: Жалын тобы
1. 1 метрде неше дм бар? (10 дм)
2. Азайтуды қай амалмен тексереді? ( қосу амалы)
3. Ұзындық және оның бірліктерін ата? (сантиметр, метр, дециметр, километр)
4. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
5. 1000 граммда неше килограмм бар? (1 килограмм)

3 - топ: Сұңқар тобы
1. 1 км неше метр бар? (1000 метр)
2. 1 минутта неше секунд бар? (60 секунд)
3. Масса, оның бірліктерін ата? (грамм, килограмм, центнер, тонна)
4. 1 тоннада неше килограмм бар? (1000 кг)
5. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)
2 – айналым «Көкпар»
Көкпар айналымында әр топқа екі үй беріледі. Үйдің әйнектерінде уақыт өлшеміне, массаға байланысты тапсырмалар берілген. Енді әр топ оқушылары үйдің әйнектерін толықтыру үшін тапсырмаларды дұрыс орындауы қажет.
Әр үйдің дұрыс орнатылған әйнегіне 1 ұпай беріледі.
1 - топ: Дарын тобы
4 мин=240 c
3 тәул=72 сағ

1ғасыр=100 жыл
1 тәул= 24 сағ
2 - топ: Жалын тобы
2 мин=120 секунд
2 сағ=120 минут
2 тәул =48 сағ
3 ғасыр = 300 жыл
3 - топ: Сұңқар тобы
2 м = 200 см
5 м = 500 см
7 дм = 70 см
2 дм = 20 см
3 – айналым

«Жорға»
Логикалық есептердің шешуі мен жауаптарын табу керек
1 - топ: Дарын тобы
1. Аюда 9 килограмм бал болды. Бірнеше килограмм бал жегеннен кейін аюда 4 килограмм бал қалды. Аю неше килограмм бал жеді? (5 кг)
2. Арайдың туған күніне 10 сыйлық сыйлады. 6 сыйлықты ашып көрді. Неше ашылмаған сыйлық қалды? (4 сыйлық)
3. Жанар 2 кг, ал Майра 3 кг артық құлпынай жинады. Майра неше кг құлпынай жинады? (5 кг құлпынай)
2 - топ: Жалын тобы
1. Бауыржан 6 сурет салды. Ол 3 суретін досына сыйлады. Бауыржанда неше сурет қалды? (3 сурет)
2. Дүкенге 7 кг жеміс әкелінді. Оның 3 кг алма, қалғаны алмұрт. Дүкенге неше килограмм алмұрт әкелінді? (4 кг алмұрт)
3. Тігінші 5 қызыл көйлек және одан 3-ке артық көк көйлек тікті. Тігінші қанша көк көйлек тікті? (8 көк көйлек)

3 - топ: Сұңқар тобы
1. Айман 8 есеп шығарды, Баян 3 есеп кем шығарды. Баян неше есеп шығарды? (5 есеп )
2. Дәрігер бірінші күні 7 бала, ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады? (10 бала)
3. Пошташыда 8 журнал болды. Бірнеше журнал таратқаннан кейін тағы 3 журналы қалды. Пошташы қанша журнал таратты? (5 журнал)

4. Ханталапай ойыны
Ханталапай – қазақтың ұлттық ойыны. Бізде бүгін осы ойынды ойнай отырып, қызықты есептердің шешімін табайық. Ойынның шарты мынадай мұқият тыңдаңдар: Дорба ішінде нөмірлер жазылған 30 асық бар. 1 - топ оқушысы келіп 1 асықты алады. Қай номірлі асық түссе сол нөмірлі есепті алып орнына отырып шығарады. Онан кейін 2 - топ оқушысы келеді. Сосын 3 - топ оқушысы. Бір асықтағы есепті шығарып болғаннан кейін сол топтағы өзге оқушы келіп келесі асықты алып, тапсырмасын орындай береді.
Бұл ойын асық таусылғанша жалғаса береді. Ойынды қай топ көп асық жинағанына байланысты қорытындылаймыз.
49+51=100
48+52=100
47+53=100
40+60=100
39+61=100
38+62=100
36+64=100
32+68=100
33+67=100
22+78=100
23+77=100
21+79=100
11+89=100
13+87=100
9+91=100
3+97=100
85+15=100
86+14=100
92+8=100
90+10=100

(40+51)+9=100
(40+8)+52=100
(48+53)- 1=100
(35+60)+5=100
(40+69)- 9=100
(39 - 1)+62=100
(36+70)- 6=100
(32+69)- 1=100
(39+73)- 12=100
(19+79)+2=100
Енді жалпы бүгінгі өтілген сабақты қай топ көп фишка жинағанына байланысты жеңімпаз топты анықтаймыз!
12 185
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шаршы және тіктөртбұрыш
Шаршы және тіктөртбұрыш
Шаршы және тіктөртбұрыштар жайында толық түсінік бере отырып, геометриялық фигураларды ажырата білуге баулу, есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға қалыптастыру.
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Бағдарламалық материалдарға математикалық білім, білік дағдыларды меңгеру үшін негіз болып табылатын логикалық білімдер жүйесінің енгізілуі өзіндік ерекшелік болып табылады
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі тақырыбына есептер шығару
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі тақырыбына есептер шығару
Атырау қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Қанатова Талшын Иватқызы
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларын математика пәніне бейімдеу
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жакашева Гульжанат Касымовна
Білімдерін тиянақтау
Білімдерін тиянақтау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер
Атырау қаласы, Бизнес және құқық колледжі, математика пәні мұғалімі Мукашева Ажар Сабақтың тақырыбы: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер (математика-ағылшын кіріктірілген сабағы) Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, білім сайыс сабағы. Әдіс-тәсілі:
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×