Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппеге мың алғыс

03 наурыз 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппеге мың алғыс.

Музыка ойнап тұрады.
Шал мен немересі кіреді.
Автор: Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде
Қайда әлгі мектеп деп,
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Атасының сөзі: Балам, балам жақсы бол
Міне, сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім
Немере: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды құп алып.
Олар шығып кетеді, осы кезде қоңырау соғылып, мұғалім бастаған оқушылар саппен ортаға шығады. Әнұран орындалады.
Мұғалім: - Құрметті ата - аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, сүйікті шәкірттер! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, тәуелсіз тұлпардай етек - жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, Тәуелсіздігіміздің ------- жылдық тойына, кеше ғана есігін айқара ашқан зәулім, жаңа мектебіміздің тұсау кесер тойына тағы бір той қосылмақ. Бұл той да балаларымыздың тұсау кесер тойы іспеттес. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндер, бүгін де бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық алғашқы борыштарының асуын аман - есен өтіп, бір қадам алға басып тұр. Балаларымыз 4ай ішінде меңгерген, сіңірген білімдерін ортаға салып, Әліппемен қоштаспақшы. Ендеше Әліппе бітіру тойымыз құтты болсын! Барлықтарыңыз қош келіпсіздер!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын білімі балалардың.
Ата - ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты?
Барлық маман мектептен аттанады.

Құттықтау сөз: Мектеп директорына беріледі.

1 - оқушы: Ернұр
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат,
Оқулықпен достаспақ
Әліппемен қоштаспақ
Өсті - білім ойымыз
Құтты болсын тойымыз!
2 - оқушы: Ажар
Көп күткен күз келді
Күн келді ең тәуір
Қуантты біздерді
Бірінші қыркүйек.
3 - оқушы: Жансая
Партаға тұңғыш отырдым
Қалам алдым қолыма,
Сызықтарды толтырдым
Қалдырмай дәптер жолында.
4 - оқушы: Сұлтан
Ойыншық қалды жайына,
Әріп бөлді көңілді,
Уақытым жоқ ойынға
Сезінем үлкен өзімді.
5 - оқушы: Томирис
Қуыршақты тастадым
Уақытым жоқ ойнауға
Әріптерді құрай бастадым
Сөздерді тізіп қоюға.
6 - оқушы: Әділ
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым,
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
7 - оқушы: Алмаз
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық,
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық тоймадық.
8 - оқушы: Малика
Әліппе білім анасы
Әліппе кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.

(Осы кезде қатты дауыс шығады).
Ертегіге қатысатын балалар киінуге кетеді.
Жалқаубек: - Әрине, бар. Мен ашпаймын.
Мұғалім: - Ой, бұл кім өзі? Кім сөйлеп жатқан?
Ж - бек: - Бұл, мен, Жалқаубекпін.
Мұғалім: - Жалқаубек? Біздің сыныпта ондай оқушы жоқ. Шықшы, бері. Сені көрейік! (Жалқаубек шығады). Сен қай сыныпта оқисың, балам?
Жалқаубек: - Қай сыныпта? Сіз не айтып тұрсыз? Мен мүлде оқымаймын, оқыған жоқпын, оқымаймын да. Басымды көрінген нәрсемен қатырып қайтейін.
Мұғалім:- Көрінген нәрсе несі? Сен мына балалардан сұрашы, төрт айда олар көп нәрсе үйреніп - білді. Оқи алады, жаза алады.
Жалқаубек:- Е, е, е.... Жазу?! Сол да жұмыс па? Былай - былай иректей салу керек, бітті жұмыс. Кітап оқу неменеге керек?! Менің әжем маған қандай ертегілер айтатынын білесіңдер ме? Ондай ертегілер бірде бір кітапта жоқ!
Мұғалім:- Ертегі - деген жақсы. Бірақ сенің әжең барлық ертегілерді білмейді деп ойлаймын.
Жалқаубек: - Өтірік. Әжем дүниедегі барлық ертегіні біледі, мен де білемін. Қане нанбасаңдар, көрейік.
Мұғалім:- Көрсек, көрейік. Балалармен жарысып көрші. Мен ертегінің үзіндісін оқимын немесе бір кейіпкерді көрсетемін. Ал сен оны тауып бер.

(Ертегілерден үзінділер оқылады. Суреттері көрсетіледі. Сахналау болады. Жалқаубек жеңіліп қалады).
1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен үзінді:
- Қыздар, қыздар маған су беріңдерші!
2. «Бауырсақ» ертегісінен оқушылар қойылым үзіндісін көрсетеді.
3. «Шалқан» ертегісінен қойылым үзіндісін көрсету.
4. «Жеті лақ» ертегісінен оқушылар интерактивті тақтадан көрсетеді.
Әліппеге мың алғыс жүктеу
1 831
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз оқушы атандық
Біз оқушы атандық
Құрметті жиналған барша қауым. Аяулы ата - аналар, қонақтар. Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ.
Әліппе - білім бастауы
Әліппе - білім бастауы
Мен Жалқаугулмін. Елдердің айтуынша мен сендерден бұрын дүниеге келген екенмін. Мені сендер секілді балалар жақсы көреді екен. Сендер сондай сүйкімдісіңдер, әдемісіңдер. Сендер менімен бірге қалыңдаршы. Менімен біраз өмір сүрсеңдер, менің
Қош бол, сүйікті әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппем!
Барлық білім беташары Әліппені бітірулеріне байланысты оқушылардың өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің оқығандарын, үйренгендерін білгендерін көрсету. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімін тиянақтау. Қандай білім игергенін іс жүзінде
Қош бол, құтты Әліппем
Қош бол, құтты Әліппем
Атырау облысы, Атырау қаласы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Куанова Анар Аманкайыровна
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Әліппе, саған мың алғыс!
Әліппе, саған мың алғыс!
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназия Бастауыш сынып мұғалімі Бегайдарова Лейле Айдосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×