Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауырсақ

04 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қайдан келдің, Бауырсақ?
Мақсаты:
Білімділік: бауырсақтың, нанның дастарқанға қалай келетінін түсіндіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкеннің еңбегін сыйлауға, нанды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқу - жазу дағдыларын, сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, смайликтер, тапсырма жазылған парақшалар, бауырсақ.

Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
4 - 5 оқушыдан «Шуақ» өлеңін сұрау

- Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемде адамдар қандай істермен айналысады, яғни көктемгі еңбек түрлерін ата.
- Ендеше балалар, бүгін біз адамдардың еңбегінің жемісі нанның, бауырсақтың дастарқанға қалай келетінімен танысайық. Ол үшін балалар, біз бүгін Бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығып қана қоймай, жолдағы кездескен кедергілердің тапсырмаларын орындайсыңдар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сіздерге смайликтер береді және сабақ соңында сіздерді үлкен сый күтеді.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту
- Балалар, бауырсақ дастарқанға келу үшін ең әуелі не істеледі соны білу
үшін бауырсақтың 1 - тапсырмасын орындайық.

1 - тапсырма. Жұмбақ шешу
1. Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды. (ара)

2. Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай да, шу. (түлкі)

3. Құжынаған жұмыскер,
Бірлескенде тым іскер. Құмырсқа

- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
- Ал осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді табайық
1 - слайд Көктемде трактормен жерді жыртып, бидайдың дәнін себеді.
2 - тапсырма Сәйкестендіру тесті

Ағаш ойнады.
Құс өседі.
Бала ұшады.

- Балалар, біз заттың несін білдіретін сөздермен танысып жатырмыз?
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2 - слайд Диқандар жаз бойы егінді күтіп - баптап өсіреді.

ІV. Жаңа сабақ

3 - тапсырма Оқулықпен жұмыс
1. Мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушылар тізбектей оқиды
3 - слайд Күзде комбайнмен егінді орып, элеваторға тасиды.
4 - тапсырма Авторымен танысу
1905 жылы 15 желтоқсанда туған, ақын, жазушы, аудармашы Ө. Тұрманжанов ОҚ обл. Жалғызағаш ауылында туған. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударған
4 - слайд Элеваторда бидайды сұрыптап, оны диірменге жөнелтеді. Диірменде бидайды тартып, ұн жасайды. (ұнды көрсету)
V. Сергіту сәті
5 - тапсырма
VІ. Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу
2 - жаттығу
3 - жаттығу
5 - слайд
Ұннан наубайханада нан, тәтті тоқаштар, бауырсақтар пісіреді
VІІ. Қорытындылау
- Сонымен балалар, бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?
- Ендеше балалар, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

VІІІ. Смайликтермен бағалау.
Үйге: 244 - жаттығу, 150 – бет мәнерлеп оқу
4 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайдан келдің, Бауырсақ? Ө. Тұрманжанов
Қайдан келдің, Бауырсақ? Ө. Тұрманжанов
Нан – тамақ өнімдерінің танымал түрі. Көптеген елдерде оны даярлаудың өзіндік ұлттық рецепті болады. Нанның аталуы да өзгеше.
Еңбектің наны тәтті
Еңбектің наны тәтті
Адам еңбегін бағалай білуге, нанның дастарқанға қалай келетінін, оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсінеді, еңбек адамдарын сыйлай білуді үйренеді; оқушыларды мәнерлеп оқи білуге машықтанады.
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Ас атасы – нан, Бауырсақ
Ас атасы – нан, Бауырсақ
Нанды қастерлеуге, ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Бауырсақпен орманға саяхат
Бауырсақпен орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың бауырсақ ертегісі мен саяхат жасата отырып ертегіде кездескен бауырсақ пен аңдар арасындағы қиыншылықтар жұптаса көмектесіп орындатуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×