Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ц дыбысы мен әрпі. Цирк

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа терең білім мен өнегелі тәрбие беру.
Сабақтың міндеті: 1. Ц дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды меңгерту.
2. Ц дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту.
3. Хайуанаттарға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ц дыбысының баспа, жазба түрлері, кеспе әріптер, дыбыстық белгілер, слайд
Әдіс-тәсілдері: баяндау, ізденушілік, сұрақ¬ жауап.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн достым.
Қайырлы күн болсын
Күлші кәне, досым
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын
Оқушылар бүгінгі сабағымыз өзгеше болмақ. Себебі бізге сендердің тәртіптерің мен білімдеріңді көруге қонақтар келіп отыр. Олай болса сендерге сәттілік тілеймін.
2. «Ой сергіту»жаттығулары:
- Дыбыс деген не?
- Әріп деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстардың түрлері.
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
ІІ. Сергіту сәті
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз,
Көкке қарап, талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар осы киіз үйге ұқсайтын тағы басқа үйді көргендерің бар ма?
Ол қандай үй? - Әрине, цирк. Қазақ циркі - өнер саласының бір түрі.
Қазақстанда небәрі 3 цирк жұмыс істейді. Олардың бірі Алматыда, екіншісі Қарағандыда, үшіншісі Астанада.
1. Ой қозғау.
- Балалар, циркте болғандарыңыз бар ма? (пікірлесу)
Цирк, алаң, суреттеріне назар аудару.
Циркте жұрт самсаған
Мәз болса деп жан салам.
Ду күлдірсем оларды,
Қуанамын мен соған.
Осы кезде сайқымазақ есіктен кіріп келеді.
Балалар, егер де тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар хайуанаттар өнерлерін көрсетеді.
2. Суретпен жұмыс.
Цирк деген сөзде таныс емес қандай дыбыс естіледі? Ц дыбысы.
Олай болса бүгінгі біздің танысатынымыз Ц дыбысы.
Қане хормен айтып көрейікші Ц - Ц - Ц. Дауысымызды созып айта аламыз ба?(жоқ). Олай болса Ц дыбысы қандай дыбыс екен?( дауыссыз).
Жұмбақтың шешуін табу. Шешуін буынға бөлу.
Тік жардай түсті
Шұбатылған тұмсығы күшті
Таситын жүкті
Бұл қандай мықты? (Піл)

3. Тіл дамыту жаттығулары.
Ца - ца - ца цо - цо - цо Цу - цу - цу ци - ци - ци
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

4. Цирк сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Үстім жолақ
Тісім - орақ
Күшім мол - ақ,
Барып тұрған қайсармын.
Өзің айтшы, қайсы аңмын. (Жолбарыс)

5. Оқулықпен жұмыс.
Бағандағы сөздерді оқыту, мағынасын түсіндіру. Дыбыстық талдау жасау.
Сөздік жұмыс.
Цех - қажеттерді жасап шығару орталығы.(кәмпит, нан, т. б.)
Цемент – құрғақ, ұнтақ, тез қататын құрылыс материалы.
Концерт - өнерпаздар өнерін көрсететін көрініс.
Цифр - сандардың таңбасы.
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын, табыңдар. (арыстан)

«Цирк» Мәтінді тізбектеп оқыту, мазмұнын түсіндіру
Адамға серiк,
Күзетке берiк. (Ит)

ІV. Сергіту сәті.
V. Дәптермен жұмыс.
ә) Ц әрпінің элементтерін анықтау, ауада көрсету.
б) тақтаға жазып көрсету.
в) дәптерде жазу.(бастыру көркем жазу, дыбыстық талдау).
Жеміс – жидек жегенім,
Балды жақсы көремін. (аю)

Жоғалған әріпті тап (ойыны): (Ц, С)
Авиа... ия,... истерна,... елиндр,... итрамон,... ағат, офи... ер,... андық,... ифр.
Орманда туып, жетілемін,
Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын. (маймыл)

VІ. Сабақты бекіту.
Балалар, күннің бетін бұлт басып ала бұлтты болып тұр екен. Бұлттарды желмен қуайық.
Мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Ц қандай дыбыс? Ц туралы алған білімдеріңді күн шапағына топтастырайық.
Ц дауыссыз, орыс тілінен енген барлық буынында кездеседі.
Мысалы: цемент, авиация, марганец. басында
VІІ. Қорытынды.
Балалар, күніміз әрқашан жарық болып, бізге жылуын шаша берсін!
Қуанышты хабарлама үлестіру.
25 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысымен таныстыру. А дыбысының сөздегі орнын айыра білуге (басында, ортасында, аяғында), әріп, дыбыс туралы білімдерін толықтыру
В в дыбысы мен әрпі
В в дыбысы мен әрпі
Оқушыларды В в дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Жаңа сөздерді үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Өтегалиева Клара
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құрбанова Жанат Төлегенқызы
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×