Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Боран

22 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы

Сабақтың тақырыбы: «Боран»
М. Әуезов
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Боран» әңгімесінің мақсатын түсіндіру.
М.Әуезов туралы жалпы мағлұмат беру.
Білімділік мақсаты: Қыс мезгілі ауа райындағы өзгешіліктерді айта отырып, басқа жыл мезгілдерімен салыстыру. Мәнерлеп оқу, өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қыс мезгілінің суреті, Абай мен Мұхтар Әуезовтың портреті, Жұмбақтар, дидактикалық материалдар, ребус, буклет.
Сабақтың әдістері: Дамытушылық сабақ
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, Бейнелеу өнері, Әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Абайдың «Қыс» өлеңін айту, сұрақ - жауап
ІІІ. Негізгі бөлім
1. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 - топ. Тірек сөздер арқылы қысқаша әңгімелер құрау
2 - топ. Текстен сөйлемдер жазылған қима қағаздар бойынша жұмыстар жасайды. (Сөйлемдері ретсіз берілген оқиғаның ретін тауып, әңгімелеп береді)
3 - топ. Сурет бойынша әңгіме құрайды.
Сөзжұмбақ шешу
Оқушылар, бүгінгі жаңа сабақты бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешелік. Мұның шешуі, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы болады.
1. Қауіп едім, мойнын бұрмады; Ұстайын деп едім, қолға тұрмады. (Боран)
2. Шапса жұбын жазбайды; Бір бірінен озбайды (Коньки)
3. Аппақ аппақ ақ мамық; Жерде жатыр тапталып (Қар)
4. Қолы жоқ сурет салады; Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)
5. Қыста зымырайды; Жазда тынығады (Шана)

Сонымен оқушылар, біз бүгін М. Әуезовтің «Боран» әңгімесімен танысамыз. Дәптерлеріңізді ашып, осы тақырыпты жазыңдар. Оқушылар, бұл қазақтың ойшыл жазушысы М. Әуезовтің шығармасы.
М. Әуезовтің өмірбаянын қысқаша баяндау.
Буклетпен таныстыру.
Кітаптар көрмесімен таныстыру.

Мағынаны тану
Әңгімені үш топқа бөліп оқытамын. Мәтінді оқып болған соң сұрақтар қойылады.
1. М. Әуезов кім? Ол кімнен бата алған?
2. Кімдердің тәрбиесінде болған? Қайда оқыды?
3. Әңгіме кім туралы?
4. Қар неліктен қиыршық қатты бола бастады?
Әңгіме мазмұнын үш топтан үш оқушы шығып айтады.
Сергіту сәті.
Қызықты тапсырмалар орындау.
Жаңа сабақты бекіту.

Кілтті тест. 1.М. Әуезов кім?
а) ақын
ә) журналист
б) жазушы
2. Мұхтар қай жылы дүниеге келген?
а) 1897
ә) 1845
б) 1870
3. Мұхтар Әуезов көбінесе кім туралы жазды?
а) Абай
ә) Ыбырай
б) Шоқан.
4. Мұхтар Әуезовтың Абай туралы қандай үлкен шығармасын білесіңдер?
а) «Ботагөз»
ә) «Бала Шоқан»
б) «Абай жолы».
5. Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде жұлып
Ұйытқып боран соғады.
Бұл қай кезде болады?
а) жазда
ә) қыста
б) күзде
Сарылған суық сазынан жаңылған жоқ. Кейде ақ боран, қатты аяз ұлып та кетеді. Бұл қай мәтіннен алынған үзінді?
а) «Боран» М. Әуезов
ә) «Қыс» Абай
б) «Күз» М. Дулатов
Халық болжамдарын оқимыз.
Сабақты қорытындылау: Балалар бүгін қандай әңгіме оқыдық.
Балаларды мадақтап, бағалау.
Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Боран» әңгімесін оқу.
7 724
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Абай Құнанбаев ʻʻҚысʼʼ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмір оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұнымен идеясын ашу.
Бала Мұхтар мен Абай
Бала Мұхтар мен Абай
Абай мен Мұхтар жайлы мәлімет беру. Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Түсінгендерін қысқа, әрі нақты әңгімелей білуге үйрету.
Абай және орыс әдебиеті
Абай және орыс әдебиеті
Абай, оның өмірі, шығармашылығын қалай меңгергенін анықтау. Өз бетінше іздендіруге, шығармашылық жұмысқа үйрету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөздік қорын байыту.
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы
"Боран" Мұхтар Әуезов
"Боран" Мұхтар Әуезов
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы Сабақтың тақырыбы: «Боран» М.Әуезов
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×