Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су. Судың маңызы

14 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы,
Талғар ауданы, Нұра ауылы,
№12 ЖЖБ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна

Дүниетану 2 сынып
Сабақтың атауы: Су. Судың маңызы
Мақсаты: Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
• судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.
• Жергілікті жердің су айдындарымен таныстырып, олардың сол аймаққа пайдасын ұғындыру
• Судың барлық ерекшеліктерін сипаттау: түсін, мөлдірлігін, иісін, тазалығын, жергілікті жерге тигізетін пайдасын (ауыз суға, мәдени өсімдіктерді суаруға, ішуге жарай ма, жарамайтын болса, неліктен екенін анықтау)
• Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат - ананы қорғап, аялауға үйрету.
Көрнекілігі: глобус,. карта, тәжірибе столы, пробиркалар, құм, саз, қант, су, ас содасы, кофе, шай, штатив, шыны, май шам.
Нақыл сөздер:
• Сулы жер - нулы жер
• Су - тіршіліктің ғана емес, тазалықтың, пәктіктің белгісі.
• Су - энергияның қайнар көзі, келешектің отыны.
• «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар»
Күтілетін нәтиже
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту
Психологиялық икем оқушылардың көңіл күйлерін жазу, сұрау:
ТАМАША!
ЖАҚСЫ!
ОРТАША!

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Судың қасиеттерін және жай күйі туралы білімдерін жинақтау, қорытындылау.
- Судың қандай қасиеттерін білеміз? Оны дәлелдеңдер.

Мағынаны тану

- Судың қандай үш жағдайы болады?
Ол бір жағдайдан екінші жағдайға қалай көшеді?
СУДЫҢ ЖАЙ КҮЙІ:

Сұйық
БУ
Қатты(мұз)

III. Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен, міндетімен таныстыру. Дәптерге күнді жазу.
Адам өміріне не қажет? Өткен тақырыптан еске түсіру.
АДАМ ӨМІРІНЕ НЕ ҚАЖЕТ?

ТАМАҚ
СУ
АУА
ЖАРЫҚ
ЖЫЛУ

Бүгінгі сабақта біз топпен жұмыс істеп тәжірибе жасаймыз.
1 - тапсырма
1 - топқа тапсырма:
Суға қантты салып қорытынды шығарыңыз
2 - топқа тапсырма:
Суға тұз салып қорытынды шығарыңыз

2 - тапсырма
Суға ас содасын салып қорытынды шығарыңыз
3 - тапсырма
Суға шай салып қорытынды жасаңыз
Суға кофе салып қорытынды жасаңыз
Оқушылар қорытындыларын дәптерге жазады:
• Суға салған нәрселер не істеді?
• Судың түсі өзгерді ме?
• Дәмі өзгерді ме?
Қорытынды: Су еріткіш.
4 - тапсырма
Сазды суға салу
Құмды суға салу
Нәтижесін дәптерге жазу: Су лайланды. Ыдыстың қабырғасынан екінші жағындағы нәрсені көре алмаймыз, себебі саз, құм суға араласқанымен суда еріген жоқ. Суда ауа еріп оған араласады.
Мұғаліммен бірге тәжірибе жасау:
Таза суды шыны бетіне тамызып, астына май шаммен қыздырамыз. Су буға айналып, ұшып кетеді, ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады. Бұл не?
Қорытынды: Таза мөлдір судың өзінде еріген заттар бар. Әсіресе, еріген заттар ащы суларда көп болады.
Қорытынды шығару:
Ерімейтін заттар (саз, құм)
СУ (су буланады)
Еритін заттар (қант, тұз, сода, шай, кофе)
• Балаларға сұрақ: бидай дәні топырақта өніп, өсу үшін оған қандай жағдай жасауымыз керек? (оқушылар жауабы). Тіршілік судан басталады.

IY. Деректер мен дәйектер:
• Су бар жерде тіршілік бар, өмір бар, жайқалып өскен бау бақша, сыңсыған орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғыраған мал, алып су электр станциясы бар, сондықтан қазақ «Сулы жер нулы жер»дейді. Ну дегеніміз қалын орман.
• Су тіршіліктің ғана емес, тазалықтың пәктіктің белгісі.
• Қазақ халқы суды қадір етумен қатар оны жалпы халыққа, жан жануар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші деп санаған. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс.
• Мұхаммед пайғамбар құранында: «Бір жұтым су бөліспеген адам Алла тағаланың алдында күнәһар» деп жазған. Сол үшін атамзаманнан бері қазақ үйіндегі су, қымыз, айран шалап сияқты сусындар тегін болған. Айдалада жападан жалғыз мал бағып отырған адамның үйіне жолаушы келіп түссе, ең алдымен сусын беріп құрметтеген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, судың пайдасы, маңызы туралы білімдерін кеңейту.
Судың маңызы
Судың маңызы
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Cу – тіршілік негізі
Cу – тіршілік негізі
Бастауыш сынып мұғалімі Ибрашева Гулжамал
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Су – еріткіш. Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Астана қаласы, №61 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Букенбаева Замзагуль Кабдолловна
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қалалық № 7 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Аманиязов Даурен Зейнуллаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×