Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағынасы

27 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру. Мағынасы жағынан әр түрлі сөздер туралы түсінік беру.
2. Логикалық ойлауын, тілін есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, таза сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, қайталау, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қима қағаздар, суреттер, текшелер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: /3 минут/
1. Сәлемдесу.
2. Топқа бөлу.
І топ: «Аяз»
ІІ топ: «Қар»
ІІІ топ: «Мұз»
- Бүгін ерекше күн. Ендеше сабағымызды өлең жолдарымен бастайық.
Психологиялық дайындық.
Арың, жаның – тіліңде,
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. /5 минут/
5 - жаттығу.
/әр топтан 1 - 2 оқушыдан құраған сөйлемін оқиды/

ІІІ. Тірек - білімді еске түсіру. /3 минут/
/Үлестірме қағаздармен жұмыс./
1 - тапсырма: Сөйлемдерді қаратпа сөзге айналдыр.
2 - тапсырма: Жалаң сөйлемдерді оқы. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, жайылма сөйлемге айналдыр.
3 - тапсырма: Нүктенің орнына бастауышты қой.

ІҮ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. /3 минут/
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға Білгішбектен арнайы хат келіпті. Бұл хатта не жазылғанын тақтадан оқи аламыз. Барлығымыз тақтаға назар аударайық.
Білгішбектен хат.
Балалар, сендер кез келген сөз не заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы екенін жақсы білесіңдер. Дүние, әлем туралы білімдеріңнің мол болуы сөз мағынасымен тікелей байланысты. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
- Балалар, бұл хатты оқыған соң қандай түйінге тоқталуға болады?
Сөз мағынасының түрлері жайлы не айтуымызға болады?
Сөз мағынасының түрлері:
Мағынасы мәндес, жуық сөздер.
Мағынасы қарама - қарсы сөздер.
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.

Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі./
2 - жаттығу. Топтық жұмыс. /5 минут/
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жаз.
/тақтада жазбаша орындалады/
І топ:
Жарық - қараңғы, биік -..., жақын -..., кең -..., жылы -..., жаңа -....
ІІ топ:
Сұлу – әдемі, ана -..., ақылды -..., мөлдір -..., батыр -..., мұғалім -....
ІІІ топ:
Жаз: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз.
Тура:...,...,....
Жас:...,...,....
Түс:...,...,....
3 - жаттығу. /3 минут/
Суретке қарап әңгіме құрастыр. Әңгімеде мағынасы жуық, қарама - қарсы мағыналы және айтылуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерді қатыстыр.

Сергіту сәтін өткізу. /2 минут/
4 - жаттығу./3минут/
Суреттерге қара. Суреттегілердің әрқайсысын ата. Бұлардағы ортақ нәрсе не? Сөздерді тіркестіріп жаз.
Суреттегілер әр түрлі болғанымен, олардың бәрін бас сөзі біріктіреді. Бұл сөзде қанша мағына бар?
Білгішбектің ережесі. /4 минут/
- Екі немесе одан көп мағынасы бар сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады.
Яғни, айтылуы мен жазылуы бір, мағынасы бөлек сөздер.
- Балалар, осы сөз мағынасының түріне мысал келтіріп айтайық.
Оқушыларға қағаз таратылады. Әр топ бірігіп жұмыс жасайды.
1 - топ. ара
2 - топ. қой
3 - топ. мақта

Ү. Жаңа білімді бекіту кезеңі.
5 - жаттығу./5 минут/
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің астын сыз. Мағыналарына назар аудар.
1. Шыңғыс басына тақия киді. 2. Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. 3. Бас бәйгені бермедің.
Әр топ өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды.

ІҮ. Топтық жұмыс. Постер құрату./5 минут/
Берілген сөздерді тиісті жерге орналастыру.
1 - топ. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер.
2 - топ. Мағыналары қарама - қарсы сөздер.
3 - топ. Жазылуы, айтылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер.
Оқушылар жұмыстарын қорғап, дәлелдейді.

ІХ. Үйге тапсырма беру: Мағынасы жуық сөздерге сөйлем құрастыру.

Х. Бағалау/3 минут/.
/Топ басшылары мен мұғалім өз бағаларын біріктіріп, ортақ баға шығарады./

ХІ. Сабақты қорытындылау./2 минут/
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «барлықтарыңда болашақта ақылды, қайратты, жылы жүректі азаматтар мен азаматшалар болыңдар».
14 792
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз құрамы
Сөз құрамы
2 - сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау; сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Функцияның туындысы тақырыбына есептер шығару
Туынды тақырыбы туралы алған білімдерін, туындыны есептеу формулаларын, туындының физикалық және геометриялық мағынасы, жанаманың теңдеуін еске түсіру, есеп шығару барысында нақтылау
Сөз және оның мағыналары
Сөз және оның мағыналары
Ақтөбе обылысы, Хромтау қаласы, №3 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенбаева З.Ш.
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×