Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

30 қаңтар 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс - Қазақстан облысы
Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Майманов Нуркан Джаныбекович

Тақырыбы: Оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту барысында жұмыстарды ұйымдастыру арқылы сауаттылығын арттыру; Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой - өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау; Білімге деген қызығушылығын дамыту; Оқушылардың шығармашылық қабілетін көтеру;

Күтілетін нәтиже: Оқушының танымдық көкжиегі кеңейеді, шығармашылық белсенділігі артады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді, оқуға деген ынта - ықыласы оянады;

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Жаңа оқыту әдіс - тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру.
3. Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары
4. «Әдебиеттік оқу» пәні арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру негізіндегі жұмыс түрлері.
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп қана қоймай алған білімдерін өмірдің түрлі жағдайларында пайдалана алуды үйретуі керек екендігін баса айтып, үкіметке оқушылардың сауаттылығын дамытудың бес жылға арналған Ұлттық шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманың негізінде маусым айында Үкіметтің 25 маусым 2012 жылы №832 қаулысымен бекітілген «Мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс - қимыл жоспары» қабылданды. Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленген.
Оқушыларының сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман - мүддесін танытуда, оларға идеялық - саяси, рухани - адамгершілік, этикалық - эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

І. Жаңа оқыту әдіс - тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту жолында оқушылардың сауаттылығын арттыру.
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай, оқушылардың талантын ашу – менің күн тәртібімдегі өзекті мәселелардің бірі.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы сатылай кешенді талдау, мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Белсенді оқытуда қысқа әңгіме, ойын түрлері, сөздік ойыны т. б. атауға болады. Өзім беретін 2, 4 - сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқу, тыңдау, айту, жазу дағдыларын дамытудамын. Көбінесе топтық жұмыс жасап, достық қарым - қатынасты нығайта отырып, ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
Сонымен бірге оқушылардың теориялық білімдерін дамыту мақсатында Н. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының тиімді жақтарын айтқым келеді.
1. Оқушыларға теориялық білім береді.
2. Тілін дамытады.
3. Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді.
4. Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.
5. Оқушының оқуға, білуге деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

5. І. Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын арттыру жолдары

1. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар;
2. Түсіп қалған буынды табу;
3. Тиісті сөздерді тауып, сөйлемді аяқтау;
4. «Бес жолды өлең»
5. Берілген сөздерден сөз құрастыру;
6. Сөздердің мағынасын табу;
7. Сөздерді сәйкестендіру;
8. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу;
9. Сөйлемдерден мәтін құрастыру;
10. Берілген мақалдардың сыңарын табу;
11. Өлеңге ұйқастар тауып, өлеңді жалғастыру;
12. Өлең шығаруға баулу;

1. «Адасқан әріптер» ойыны.
Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 777
1
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспары
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту
Мектеп оқушыларының функционалды сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау және дамыту жолдарын үйрету. Оқу сапасы туралы қорытынды жасау мақсатында, оқытуды жақсартудағы бағалау жолдарын зерделеу, ұтымды қолдану, іс - тәжірибеге енгізу жолдарын
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы белсенді стратегиялар
TIMSS халықаралық зерттеулерінің концептуалды негіздері (мақсат, міндеттері, тапсырмалар форматы). PISA бағдарламасының мақсат, міндет, құрылымымен таныстыру.
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 31 қаңтар 2016 19:59
0
Осындай шығармашылық тапсырмаларды бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Тамаша жұмыс!
×