Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауызша қосу және азайту

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы
№64 мектеп - лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулепбергенова Гульмира Амановна

2 - сабақ. Қайталау. Ауызша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Балалар көздерін жұмып, мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады, оның әрбір сөйлемінің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.
- Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін... көреді.
Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін... (естиді).
Басымыз өте жақсы... ойлайды.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Есептеу, жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

- санды 2 санға жіктеп жаз, ол сандардың біреуі берілген.
340 = 100 + □ 570 = 310 + □ 100 = 90 + □
231 = 101 + □ 190 = 150+ □ 440 = 320+ □

- мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:
11 46 42 12 98 63 97

- Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:
49 25 14 63 61 35 17 29
- Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.
Көркем жазу минутына мына сандарды өсу ретімен жазу ұсынылады:

920 901 415 798 642 538 126 514

Ауызша есептеу дағдыларын арттыру үшін №1 тапсырма берілген.
«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептетуге болады.
Ойынның мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.
Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысалдар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.
32 + 8 - 5 + 7 - 12 + 6 - 18 + 50
75 - 14 + 9 - 20 + 5 + 26 - 9 + 20
80 - 20 + 5 - 25 + 3 - 17 + 41 - 5

3. Өткен материалды қайталау.
№2 және №3 - тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың есептеу тәсілдерін түсіндіргені жөн. Бұл тапсырмаларды түсіндіре отырып тақтада орындауға болады немесе өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.
№2 тапсырманы орындамас бұрын амалдарды тексеру ережесін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге болатынын еске түсіру. Ол үшін мынадай жалпылама сұрақтар қойылады: «Қосу амалын қандай
амалмен тексереміз?
Азайту амалын ше? Азайту амалын азайту амалымен тексеруге бола ма?» №4 (а) жаттығудың шешуі орындалады. Есепте не белгілі және нені білу керек екені анықталған соң, мұғалім сұраққа бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы анықталады. Оқушылар есептің қысқаша жазылуын құрастырып, тақтада шығарады. Содан соң оқушылар №4 (б) жаттығуды орындайды: алдымен тапсырманы толықтырып, оны өз беттерінше шешеді.
№5 жаттығудың бір бөлігі (1 баған) түсіндіріле отырып тақтада ор ындалады. Өздік жұмыс ретінде қалған өрнектерді беруге болады.
№7 жаттығу көбейтудің нақты мағынасын үйретуге дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осындай бірнеше тапсырма беруге болады.
№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға болады, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.

5. Сабақты қорытындылау
Сабақтың қорытындысын шығару үшін бірнеше оқушы «бақылаушы» рөлін атқарады. Оларға сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасау тапсырылады.
Үй жұмысы ретінде №4 (ә) тапсырма беріледі.
Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.
Кестені толтыр:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 104
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Қайталау. Ауызша қосу және азайту
Қайталау. Ауызша қосу және азайту
1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.
Фигуралардың қиылысуы
Фигуралардың қиылысуы
Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, «қиылысатын» және «қиылыспайтын» фигуралар туралы түсінікпен таныстыру.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарымсақова Зияш Ғайдоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×