Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталау. Ауызша қосу және азайту

22 мам 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қайталау. Ауызша қосу және азайту

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Балалар көздерін жұмып, мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады, оның әрбір сөйлемінің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.
— Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін …көреді.
Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін … (естиді).
Басымыз өте жақсы … ойлайды.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Есептеу, жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:
— санды 2 санға жіктеп жаз, ол сандардың біреуі берілген.
340 = 100 + 
570 = 310 + 
100 = 90 + 
231 = 101 + 
190 = 150+ 
440 = 320+ 
— мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:
11 46 42 12 98 63 97
— Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:
49 25 14 63 61 35 17 29
— Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.
Көркем жазу минутына мына сандарды өсу ретімен жазу ұсынылады:
920 901 415 798 642 538 126 514
Ауызша есептеу дағдыларын арттыру үшін №1 тапсырма берілген.
«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептетуге болады.
Ойынның мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.
Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысалдар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.
32 + 8 - 5 + 7 - 12 + 6 - 18 + 50
75 - 14 + 9 - 20 + 5 + 26 - 9 + 20
80 - 20 + 5 - 25 + 3 - 17 + 41 - 5

3. Өткен материалды қайталау.
№2 және №3 - тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың есептеу тәсілдерін түсіндіргені жөн. Бұл тапсырмаларды түсіндіре отырып тақтада орындауға болады немесе өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.
№2 тапсырманы орындамас бұрын амалдарды тексеру ережесін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге болатынын еске түсіру. Ол үшін мынадай жалпылама сұрақтар қойылады: «Қосу амалын қандай амалмен тексереміз? Азайту амалын ше? Азайту амалын азайту амалымен тексеруге бола ма?» Содан кейін 3 - жаттығу орындалады.
№4 (а) жаттығудың шешуі орындалады. Есепте не белгілі және нені білу керек екені анықталған соң, мұғалім сұраққа бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы анықталады. Оқушылар есептің қысқаша жазылуын құрастырып, тақтада шығарады. Содан соң оқушылар №4 (б) жаттығуды орындайды: алдымен тапсырманы толықтырып, оны өз беттерінше шешеді.
№5 жаттығудың бір бөлігі (1 баған) түсіндіріле отырып тақтада ор ындалады. Өздік жұмыс ретінде қалған өрнектерді беруге болады.
№7 жаттығу көбейтудің нақты мағынасын үйретуге дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осындай бірнеше тапсырма беруге болады.
№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға болады, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.
Қайталау. Ауызша қосу және азайту. жүктеу
1 301
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, Математика 3 - сынып
Математика пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар. Математика, 3 - сынып.
Сандардың нумерациясы
Сандардың нумерациясы
Үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Ауызша қосу және азайту
Ауызша қосу және азайту
Астана қаласы №64 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Тулепбергенова Гульмира Амановна
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қарымсақова Зияш Ғайдоллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×