Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі шыбын

04 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы
 Мақсаты:
 Білімділік - оқушыларға А. Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу, әдеби - теориялық талдау жасау.
 Дамытушылық - сұрақ, тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
 Тәрбиелік - адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, тапсырмалар, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Көк аспан!
амансың ба, жан досым
Міне, менің қолым!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Ертіс бойында не болады? Шоқанның тәтті сезімі қандай еді? Шоқан нені аңсады? Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады? «Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анатолийдің қылығы дұрыс па? Сенің класында осындай балалар бар ма? Шоқан қандай қане бәріміз кластер құрайық
Шоқан тарихшы, этнограф, шығыстанушы, ағартушы, географ, әжесі Айғаным, Әкесі - Шыңғыс Уәлиханов, Анасы - Зейнеп Шорманова, Жұбайы - Айсара Уәлиханова.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар бүгін біз топтасып жұмыс істейміз. Яғни 2 топқа бөлінеміз. «Қыран» және «Тұлпар» топтары.

Кіріспе.
Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлттың ұлы ұстазы
Ағартушы - ұстаз
Тілші - ғалым
Аудармашы
Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Ахмет Байтұрсынов өз халқың сүйген патриот адам

 Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық - зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Ахмет Байтұрсынұлы ақын, ағартушы, ғалым. «Қазақ» газетін 1913 жылы шығарған. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітаптары бар.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінде орыс ақын - жазушыларынан аударған мысалдары, ертегілері өте көп. Мысалы: Пушкиннен - «Ат», «Алтын әтеш», «Балықшы мен балық», «Данышпан Аликтің ажалы»
Араб тілінен - «Нәбік аты»
Вальтер -«Алтын әтеш»
Надсоннан -«Шайылған көз жасымен»
Крыловтан - «Аққу, шортан, hәм шаян», «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа» т. б
Мысал – Басня
Мысал – қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанаттар, жәндіктер де, түрлі – түсті нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет жасайды. Мысал шығармада автор жануарларды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықты, адамгершілікті, әділдікті дәріптейді. Мұндай астарлы, тұспал мәнді суреттеу тәсілі АЛЛЕГОРИЯ деп аталады. Сөйтіп, мысал дегеніміз – өнеге айту сипатындағы шағын аллегориялық шығарма.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Олай болса тыңдаңдар:
Басқа жәндіктерге азық, ауада ұшады, жерде жорғалайды. 6 аяғы, 2 қанаты бар. Лас жерде жүреді, түрлі аурулар таратады, ғаламшардың кез – келген түкпірінде таралған. Буынаяқтыларға жатады (шыбын)

Толық нұсқасын жүктеу
3 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсынов «Қырық мысал»,«Маса» жинақтары
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту, аудармаларына шолу, «Қырық мысал» мысалының идеясын ашу, әдеби - теориялық талдау жасау
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жаркинбаева А. Г.
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×