Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин

04 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қырдың жас түлегі. Сапарғали Бегалин (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушыларды Шоқан бейнесімен таныстыру, автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, карточка, ребус, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қазір сеңдер мына парақшаларға күннің күлімдеп тұрған бейнесін салып, жүрегіміздегі жылуымызбен бөлісеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Өткен сабақта біз сендермен Әмірхан Абдулиннің “Ақкөл жағасында” әңгімесімен танысқанбыз
1. Әңгімеде кім туралы?
2. Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды? Ел ішінде оны қалай атаған?
3. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді?
4. Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды?
5. А. Байтұрсыновтың сөйлеген сөзінен, іс - әрекетінен қандай адам екенін байқадыңдар?
6. Неге бұл әңгіме “Ақкөл жағасында” деп аталады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ассоцияция құрамыз.
А. Байтұрсынов кім? (ортаға сурет қоюға болады)
А. Байтұрсынов

Ғалым
Әліппе атасы
Тарихшы
Ақын
Әдебиетші
Аудармашы
Ұстаз
Мемлекет қайраткері

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
Ребус шешу.( қырдың жас түлегі)
Сонымен, бүгін біз Сапарғали Бегалиннің “Қырдың жас түлегі” атты әңгімесімен танысамыз.
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе Сапарғали Бегалин (1895 - 1983) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Қазақтың белгілі жазушысы. Ол балаларға арнап 20 - дан астам кітап жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді. С. Бегалин ”Сәтжан”, “Көксегеннің көргендері”, “Шоқан асулары”, “Алтай аңызы”, т. б. көптеген шығармаларды жазған.

Шоқан (шын аты Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – Абылай ханның шөбересі. Әкесі Шыңғыс – ел билеуші аға сұлтан болған әйгілі адам.
Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжаға (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңіріне (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді. Шоқан білімі жағынан өзімен бірге оқыған жолдастарынан әлдеқайда озық болады.
Ол туралы кітап жазған жазушы Сапарғали Бегалин: « Иә, иә сен қырдың түлегісің, қыран қырды аңсамай тұра ма?!» деп жазды.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу. Мәтінді 4 бөлікке бөлу, әрбір бөлімге ат қою.
Теріп оқу.
Сөздік жұмыс.
Қырдың жас түлегі - қазақ елінде туып өскен бала.
Қамау көше – тұйық көше.
Кадет корпусы – патша үкіметі заманындағы әскери оқу орны.
Жатақ – жатақхана.
Сергіту сәті.
“Кім шапшаң?” Намыс, ерлік, батырлық, оқу, білімге байланысты мақал - мәтел айтқызу..
1. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).
2. Аққуды атуға болмайды, (досыңды сатуға болмайды).
3. Батыр туса - ел ырысы, (жауын жауса жер ырысы).
4. Ойнап сөйлесең де (ойлап сөйле).
Қызығушылығын ояту.
Шоқанға мінездеме беру
Шоқан --- қайырымды --- әділ --- уәдеге берік
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
Конверттің ішінде тапсырмалар жасырылған 3 - 4 оқушы келіп сұрақтарға жауап береді.
- Шоқан нені аңсады?
- Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады?
-«Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?
- Анатолийдің қылығы дұрыс па?
- Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?
- Мәтіннен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді әңгімеле.

ҮІІ. Қорыту.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, Шоқан туралы мәлімет әкелу.
ІХ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 811
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары
Балалардың ойлау әрекетінің әр түрлі біліктілігін дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеуге, ауызша да, жазбаша да тіл мәдениеттерін дамыту.
Адасқан бала
Адасқан бала
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
С. Бегалин. Қырдың жас түлегі
С. Бегалин. Қырдың жас түлегі
Міндеттері: - оқушыларға С. Бегалин туралы шығармашылығы туралы мәлімет беру, Шоқан бейнесімен таныстыру, өмірі, шығармашылығы туралы қосымша түсінік алуға мүмкіндік беру;
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан»
Бопанова Дана Кайратовна Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» Мақсаты: білімділік: әңгіме кейіпкерлерінің бейнелерін талдау, шығармашылық идеясын таныту. Дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытындылау
"Ақкөл жағасында" Әмірхан Әбдулин
"Ақкөл жағасында" Әмірхан Әбдулин
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласындағы №1 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Бекетова Торгын Аманбаевна
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×