Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат құбылыстары

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
С. Аманбайұлы атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Айжан Жакупова

Тақырыбы: Табиғат құбылыстары
Мақсаты:
1. Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін жүйелеу.
2. Оқушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге, айналасындағы адамдарды құрметтеуге, табиғатты сүюге баулу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтижелер: табиғат құбылыстарын білу;
Тұлғалық нәтижелер: өз жерінің табиғатына, оның рухани және материалдық байлығына, сұлулығы мен көркемдігіне мақтана білу, сезіне білу, сүйе білу;
Жүйелі іс - әрекеттік нәтижелер: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана алу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Қажетті құралдар: оқулық, табиғат құбылыстары мен табиғи апаттардың суреттері.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Өзекті сұрақ: Табиғат құбылыстары адам өміріне қауіпті бола ала ма?

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Балалар бір - біріне жақсы сөздер айтады.
2. Білімдерін белсендіру.
Табиғат құбылыстары жайында жұмбақтарды шеш.
Дүрліктіріп қырқаны,
Шақпақ тастың жарқылы.
Бұлт көрпесін жыртады. /Найзағай/

Шашылды көктен ақ моншақ,
Жоғалды біздер тапқанша - ақ. /Бұршақ/
Мөлдіреген жүзімді,
Ұстап едім, езілді. /Шық/

Шөпті жапырып,
Құмды сапырып,
Қоқысты үйіріп,
Әкеткен не шүйіріп? /Құйын/

3. Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.
Табиғат құбылыстарын еске түсіру.
- Жаңбыр, бұршақ, қар, боран, күннің күркірі, найзағайдың ойнауы, шық, қырау, бұлт, тұман, жыл мезгілдерінің ауысуы, көктің шығуы, жапырақтың сарғаюы, мұздың қатуы, мұздың еруі, жаңбырдың жаууы, күннің жылуы, т. б.

- Балалар, осы табиғат құбылыстарын өз мезгілдерімен сәйкестендіріңдер.
- Бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?
- Табиғат құбылыстары.
Таратылған қағаздардың түсіне қарай оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 - топ - жасыл түс – « Көктем»
2 - топ - қызыл түс - « Жаз»
3 - топ - сары түс - «Күз»
4 - топ - көк түс - «Қыс»

4. Жаңа материалды оқу.
1. Топтық жұмыс.
Әр топ мүшелері өз мезгілдеріне сәйкес табиғат құбылыстарының тізімін топтастырады. Топ мүшелері басқа топ мүшелерінің мәліметтерін тыңдайды және өз пікірлері мен қосар ойларын ортаға салады.
2. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
3. «Ойлан, тап!» ойыны.
Әр топ жеке - жеке өздері бақылаған табиғат құбылыстарының бірін суреттейді.
Келесі топтың міндеті - сол құбылысты табу.
4. Өзекті сұрақ: Табиғат құбылыстары адам өміріне қандай қауіп төндіреді?
/Талқылау/
5. Суреттермен жұмыс.
Жер сілкінісі, сел, дауыл, қар көшкіні берілген суреттерді 4 топқа таратып беру.
Әр топ берілген сурет бойынша өзара ойларын ортаға салады.
- Бұл табиғат құбылыстары қалай аталады? Олар неге қауіпті? Олардың зардабы
мен нәтижесі қандай болады? Табиғат апаты кезінде өзіңді қалай ұстайсың?
«Көктем» тобы селдің жүруі туралы айтады.
«Жаз» тобы дауылдың соғуы туралы айтады.
«Күз» тобы жер сілкінісі туралы айтады.
«Қыс» тобы қар көшкіні туралы айтады.

5. Білімді бекіту.
1. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
2. Әр топ өз мезгілін бейнелеп сурет салу.
6. Рефлексия.
1. Мен үйрендім:...
2. Мені таңғалдырды:...
3. Мен білгім келеді:...
7. Үйге тапсырма беру.

Дәптермен жұмыс.
Өзі қалаған мезгілді қатыстырып 1 шумақ өлең құрастыру.
16 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т. б.)
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Үйден оқитын 4 сынып оқушыларына арналған жеке түзете дамыту бағдарламасы
Үйден оқитын 4 сынып оқушыларына арналған жеке түзете дамыту бағдарламасы
Қоршаған ортаны, өзінің айналасындағы заттар мен нысандарды, табиғат құбылыстары туралы білімдерін және сөздік қорын дамыту
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Балаларға табиғат құбылыстары туралы түсіндіру
Физикадан тест тапсырмасы
Физикадан тест тапсырмасы
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының М. О. Әуезов атындағы мектепте физика пәні мұғалімі Тулегеновна Казипа Абдираманова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×